Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdp op i ud kaz 2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №3 ( 2 сағат)

Көлік бірліктерінің жүріс графигін жүргізу реті (Пойыздарды өткізу. Телефон жабдықтарымен байланыс кезіндегі пойыздар қозғалысы).

Жұмыстың мақсаты: Стансалардағы жолдың дамуы және техникалық

жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгіленген көлемін, поездарды қабылдау және жөнелту, жүктерді, багажды және жүк багажын тиеу және түсіру, құрамдарды және вагондарды өңдеу бойынша операцияларына жұмсалатын уақыт нормаларының орындалуын техникалық құралдардың тиімді пайдаланылуын, поездар қозғалысының қауіпсіздігін және қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар, платформалар және басқа құрылыстар мен құрылғылардың сәулеттік-көркемдік ажары болуы, жолаушыларды тасымалдауға байланысты операциялардың ыңғайлы және қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Қажет болған жағдайларда жолаушы платформаларына өту үшін жаяу жүргіншілер тоннельдері немесе көпірлері болуы тиіс.

Станциялардағы өткелдердің темір жол желілерімен бір деңгейдегі қалпында қалдырылған кезінде бұл өткелдер жаяу жүргіншілер төсемдерімен, нұсқағыштармен және ескертпелікжазулармен ал қажет болғанда автоматтық сигнал берумен жарақтандырылуы тиіс.

Жолаушы станциялары орындарды алдын ала бөлудің автоматтандырылған жүйесімен, билет басқыш машиналар мен автоматтар жүйесімен, өзіне-өзі қызмет көрсетудің сақтау камераларымен, поездарды жөнелтудің автоматтық нұсқағыштарымен, анықтамалық қондырғылармен жарақтандырылады.

Аралықтардағы жолаушылық тоқтау (аялдау) пункттерінің үсті қалқаланған немесе павильондары бар жолаушы платформалары, ал қызмет көрсетілетін жолаушылар санына байланысты - билет кассалары болуы тиіс.

Жүк және тоңазытқыш құрылғылары жүктердің сақтанымдылығын және жүк операцияларының ыңғайлы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Поездар қозғалысына қатысы бар (станциялар бойынша кезекшілер, маневрлік дипетчерлер, сигнал беру және байланыс дистанцияларының қызметкерлері және басқалар) қызметкерлер үшін арналған қызметтік ғимараттарда және панажайларда жұмыс істеу үшін қажетті жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.

Станциялар бойынша кезекшілердің қызметтік бөлмелерінде басқару және бақылау аспаптарын орнатуға, соның ішінде станция кезекшісінің жұмысына тікелей қатысы бар автоматтандырылған жұмыс орнының аппаратурасын, сондай-ақ жарықтандыруды орталықтандырып басқару және секциялық ажыратқыштарды қашықтықтан басқару пульттерін, жылжымалы құрамның техникалық күйін поездың жүрісі кезінде автоматты түрде бақылаудың анықтағыш аппаратурасын орнатуға рұқсат етіледі. Басқа жабдық пен аппаратураны орналастыруға айрықша жағдайларда «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының рұқсатымен жол беріледі.

Жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қызмет көрсететін қызметкерлер үшін арналған бөлмелер операцияларды тез орын-дау үшін жетуге ыңғайлы болуы тиіс. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін арналған бөлмелерді басқа мақсаттар үшін пайдалануға тыйым салынады.

Жолаушы және жүк поездарының қозғалысы біріктірілген желілерде орналасқан жолаушы және жүк платформалары түзу телімдерде жол осіне қатысты биіктік пен қашықтық бойынша келесі нормаларға сәйкес болуы тиіс:

- биік платформалар үшін рельстер қалпақшаларының үстіңгі бетінің деңгейінен 1100 мм;

- аласа платформалар үшін рельстер қалпақшаларының үстіңгі бетінің деңгейінен - 250 мм;

- биік платформалар үшін жолдың осінен - 1920 мм;

- аласа платформалар үшін жолдың осінен - 1745 мм. Жолдың қисық телімдерінде бұл қашықтықтар Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулықпен белгіленген нормалар бойын-ша анықталады.

Пайдалану процесінде осы тармақта көрсетілген нормалардың темендегі шектерде езгертілуіне жол беріледі: биіктік бойынша ұлғаю жағына қарай 20 мм-ге дейін және азаю жағына қарай 50 мм-ге дейін; жол осінен қашықтығы бойынша ұлғаю жағына қарай 30 мм-ге дейін және азаю жағына қарай 25 мм-ге дейін.

Жолаушы және жүк платформаларының белгіленген нормалардан жоғары биіктігін және жол өсінен қашықтықтың белгіленген нормадан төмен болуын Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулық белгілейді және маңына сол құрылыстар орналасқан жолдардың арналымына, айналатын жылжымалы құрамның типіне және қозғалыс жылдамдығына байланысты болады.

Станциялар мен аралықтардағы жаңадан салынып жатқан және қайтадан құрылып жатқан биік платформалар жолдың машиналандырылған жөндеуін және платформалардың механикаландырылған тазартуын, ал станцияларда бұған қоса вагондар мен локомотивтердің жүрістік бөліктерінің екіжақты тек-серуін және жендеуін жүргізуге мүмкіндік беретін құрылымға ие болуы тиіс.

Жолды және платформаларды жөндеу кезінде рельс қалпақшасының үстіңгі бетінің деңгейінен жолаушы және жүк платформаларының үстіне дейің сондай-ақ жол есінен платформалардың шетіне дейін белгіленген қашықтық нормаларын өзгертуге тыйым салынады.

Егер стрелкалар мен сигналдарды басқару тікелей станциялық посттардан жүргізілсе, онда олар, тиісті стрелкалар мен жолдар жақсы көріңетіндей болып орналасуы тиіс.

Айрықшалық (исключение) станцияның жергілікті жағдайларына бай-ланысты электрлік орталықтандыру посттары үшін (дөңестік посттардан басқасының) рұқсат етілуі мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

1.Жол құрылысы мен стансаның итехникалық жабдықталуы нені қамтамасыз етеді?

2. Жолауцшылар стансасы немен жабдықталады?

3. Жолаушылар және жүк платформасы қалай орналасады?

Ұсынылатын әдиебиеттер

1.Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы поездардың қозғалысы мен маневр жұмысы жөніндегі нұсқаулық. Астана 2008 ж.

2.Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері. Астана 2008 ж.

СДЖ бақылау сұрақтары [1, 2, 7]

1.Станса кезекшісінің жұмыс орныында не болды?

2.Жолаушылар және жүк платформасының биіктігі қалай белгіленеді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]