Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdp op i ud kaz 2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4. Студенттердің дербес жұмыстарына арналған тапсырмалар

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары(тақырып 1, 2) [1, 2, 3]

1. Теміржол желілерінің жұмыс технологиясы.

2. Теміржол желісіндегі вагон ағындарын басқару.

3. Өнеркәсіптік теміржол көліктерімен теміржол көліктерінің жүрісін басқару.

Сдж арналған бақылау жұмысы (тақырып 3,4) 4,5,8

1. Жол қозғалысын сипаттау әдістерін зерттеу.

  1. Жол-көлік оқиғасы.

3. Жол қозғалысын жобалап, ұйымдастыру.

СДЖ арналған бақылау жұмысы (тақырып 5,6) 3,4,5,7,8

  1. Жүк және жолаушылар ағынын сипаттау.

  2. Көліктегі – экспедициялық қызмет көрсетудің маңызы.

  3. Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру.

СДЖ арналған бақылау жұмысы (тақырып 7,8) 1,3,4,6

  1. Әуе көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру.

  2. Әуе көлігімен жүк тасымалдау.

  3. Ішкі және аумақтық жолаушыларды тасымалдаудың ерекшеліктері.

5. Зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдiстемелiк нұсқау зертханалық жұмыс №1 (4 сағат)

Көлік бірліктерінің жүрісі кезіндегі сигналдарының көрсеткіштерін оқу, зерттеу. (Пойыздарды қабылдау. Жартылай автоматты шектеу кезіндегі пойыздар қозғалысы).

Жұмыстың мақсаты: Станса кезекшісінің құқықтарымен міндеттерін студенттерге таныстыру. Әр стансада және жол қосындарында пойыздың жүрісін тек қана бір адам ғана басқарады:стансада станса кезекшісі, ортанғы диспечерлік жабдықталған бөлімде пойыз диспечері, қосында қосын кезекшісі, пойызды локомотив жүргізілу басқарады. Пойыздағы барлық операциялар: қабылдау жөнелту, әрі өткізу сондай-ақ маневрлік жұмыстар,дұрыс жылдам орындау қажет. Техниқалық ережелерін сақтай отырып, сигналдық ережелерін, пойыздар жүрісінің және маневрлық жұмысынның қауіпсіздігін, стансаның техниқалық сипатын қадағалап отыру керек. Станса кезекшісі әрбір келген жөнелтілген, өткізілген пойызды көрші станса кезекшісі немесе пойыз диспечеріне хабарлайды темір жолда пойыздар жүрісінің ережелерімен маневрлық жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыскерлердің сөйлесу регмаменті және хабарлауы қысқаша болу қажет .Сөйлесу мынадай жобада болады.

1 Шақыру- тыңдау-хабарлау –қортындылау.

2 Тыңдау-хабарлау-хабарды қайталау-қортындылау.

Станса кезекшісі кезекшілікте кіріспестен бұрын келесі міндеттерді орындауы тиіс:

алдағы уақыттағы жұмыстың жоспарымен, пойыздардың қабылдауымен, жөнелтумен және маневрлермен, қабылдап жөнелту жолдарныда жылжымалы құрамның болуы мен орналасуымен, стансаға жанасып жатқан аралықтардың қатысы бар нұсқаулар мен өкімдермен танысуға міндетті;

жағдайыменен, пойыз саны мен және бос жолдармен басып жатқан аралықтармен танысып алу керек. Станса кезекшісі пойыздар жүрісінің журналыменен, ескерту кітабымен тексеру журналымен, пойыздың телефонограмалық, журналымен, және басқа станса кезекшісінің жүргізілетін кітап, журналымен танысып алуға міндетті.

Кез келген жағдайда жолдардың істен шығуы, бағыттама бұрмалардың бұзылу болса желілерінің орталықтанған сигнал блок аппараттарының істен шығуы, станса кезекшілік қабылдаған, тапсырғанда міндетті түрде істен шыққан ,бұзылған жағдайларыды жазып отыру қажет.

Кезекшілікті қабылдауда жазу үлгісі

« » 20 жылы сағат мин.

Кезекшілікті ДСП қабылдадым (қолы)

« » 20 жылы сағат мин.

Кезекшілікті ДСП өткіздім (қолы)

Кезекшілікті қабылдап алу және өткізу мәтінінің алдында санағыштардың көрсетулері сонымен қатар станса кезекшісінің қосынында қатаң есепте тұрған құралдың болуы көрсетіледі.

Кезекшілікті қабылдауда станса кезекшісі журналдарға қол қояды өзіне барлық жауапкершілік ала отырып станса жұмысының үзіліссіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Пойыздың келуін жөнелтуін өткізуін қадағалайды, станса кезекшісінің журналына жазып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]