Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdp op i ud kaz 2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №6 (1 сағат)

Диспетчердің жұмыс орнының жабдықталуы.

Жұмыстың мақсаты: Диспетчерлердің жұмыс орны немен жабдықталатынын оқып үйрену.

Қабылдау-жөнелту жолдары оқшаландырылмайтын аралық станциялардың кезекшілері жолаушы пошта-қол жүктік және адамдар тасуға арналған поездарды қыбылдау алдында поезд диспетчеріне поездың қай жолға қабылданатыны туралы баяндап тұруға міндетті.

Поездарды станциянық техникалық-жарлық актісінде ескерілме-ген жолға қабылдау және жөнелту ісі, тек айрықша жағдайларда ғана по-езд диспетчерінің рұқсат етуімен жүргізілуі мүмкін. Аталмыш жолдарға жолаушы, пошта-кол жүктік, жүк-жолаушы және адам таситын поездар-ды рұқсат етпес бұрын поезд диспетчері өзінің іс-әрекеттерін тасымалдау бөлімшесінің кезекшісімен келісуі тиіс. бұл жағдайда станция кезекшісінде оған маршруттагы стрелкалардың жағдайын бақылауға мүмкіндік бере-тін басқару аппараттары болмаған жағдайда, олардың жолаушы, пошта-қол жүктік, жүк-жолаушы және адам таситын поездарды қабцлдау және жөнелту маршруттарындағы орнатылу дұрыстығын станция бастығы неме-се рның орынбасары, станцияның, қосынның немесе парк кезекшісі тексеруі тиіс.

Станция кезекшісі жолаушы поезын техникалық-жарлық актіде еске-рілмеген жолға қабылдау, сондай-ақ жолаушы поезының кесте бойынша оның тұрақтауы ескерілмеген станцияда кідіріп қалуы жөнінде радиобай-ланыс бойынша локомотивтың машинисін хабардар етуі тиіс.

Бір ғана машинист күтімге алатын жолаушы поезын қабылдау, жөнелту алдында станция кезекшісі, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде - поезд диспетчері машинисті маршрутының дайын болғандығы жөнінде және сигналдардың ашылуы немесе поез-ды мәжбүрлі түрде тоқтату қажеттілігі жөнінде хабардар етуге міндетті. Станция кезекшісі поездар қозғалысының жергілікті жағдайлары мен олшемдеріне байланысты аталмыш хабарды машиниске бере алмайтын станциялардың тізбесін және бұл ретте поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

Орталықтандырылған стрелкалары бар станцияларда электртар-тымы бар поезды қабылдау немесе жөнелту үшін варианттық (үлгілік) маршруттарды қолдану қажеттігі кезінде станция кезекшісі аталмыш поездың жүру бағытында түйіспелі тораптың бар-жоқтығына көз жеткізіп отыруға міндетті.

Поездарды қабылдау.

ТПЕ-нің 16.6-тармағына сәйкес поездарды станцияға дейін қабылдау ісі осыған арнап станцияның техникалық-жарлық актіде ескеріл-ген бос жолдарға, және кіру сигналы ашық болған кезде ғана, ал жолаушы поездарын қабылдау ісі, сонымен қатар автоматты локомотивтік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған жолда орындалуы тиіс. Поездарды аталмыш құрылғылармен жабдықталмаған жолдарға қабылдау кезінде жолаушы поездарының қозғалу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіппен «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

ТПЕ-нің 16.4-тармағына сәйкес станция кезекшісі поездарды дер кезін-де қабылдау үшін бос тұрған жолдардың болуын қамтамасыз етуге міндетті. Поездың жабық тұрған кіру сигналының жанында кез келген тоқтап тұруы үшін станция кезекшісі жауапты болады.

Станция кезекшісі поездарды қауіпсіз түрде қабылдап алуды қамтатмасыз ету үшін төмендегілерді орындауға міндетті:

а) поездарды жылжымалы құрамнан бос тұрған жолдарға станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген арнайыландыруға сәйкес қабылдап алуға;

б) жолдардың келіп жатқан поездармен басылу реттілігін алдын ала жос-парлап және әрбір поезды қабылдап алу жолын осыған сәйкес даярлауға;

в) қабылдау-жөнелту жолдарының жағдайына (бос болуын немесе бос Полмауын) есеп жүргізу (басқару аппаратының көрсетулерін орындалған қозгалыс кестесіндегі көрсетулерге қарап және өзге әдістермен).

Стрелкалары орталықтандырылмаған станцияларда станция кезекшісі, стрелкалық қосындардың аға кезекшілері мен стрелкалық қосын кімекшілері поездарды қабылдау алдында маршруттарды даярлаудың томендегі тәртібін сақтауға міндетті:

а) поезды қабылдау үшін бос тұрған жолға ие бола тұра станция ке-зекшісі қабылдау маршрутына кіретін стрелкалық қосындардың барлық аға кезекшілерін (немесе егер аға кезекшілерінің кезекшілігі қойылмаған болса стрелкалық қосын кезекшілерін) шақыртып, оларға маршрутты даярлау ту-ралы өкім береді.

Станция кезекшісінің нұсқауы бойынша стрелкалық қосын кезекшілерінің бірі аталмыш өкімді қалғандарының телефон аузында тұруымен қайталайды, ал қалғандары оның түсінгенін «Дұрыс» деген сөзбен растайды. Станция кезекшісі өкімнің дұрыс түсінілгеніне көз жеткізіп оны «Орындаңыздар» деген сөзбен растайды;

б) стрелкалық қосындардың аға кезекшілері маршрутты даярлау жөніндегі өкімді ала салысымен оны орындау үшін дереу түрде өзінің ауданындағы стрелкалық қосындардың кезекшілеріне тапсыруға және соңғылары оны дұрыс түсінгеніне көз жеткізуге міндетті.

Маршрутты даярлау ісіне қатысатындардың барлығы өкімді орындауға дереу түрде кірісуге міндетті.

Бақылау сұрақтары:

1. Диспетчер жұмыс орны қалай жабдықталады?

2. Диспетчермен қандай жұмыстар атқарылады?

Ұсынылатын әдиебиеттер

1. «Справочник капитана» - редактор КДП Хабура Б.П.

2. Международный Кодекс по Управлению Безопасностью (МКУБ)

СДЖ бақылау сұрақтары [15,16]

1. Ұшып-қону жолағы

2. Аэродромның пайдалану минимумы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]