Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdp op i ud kaz 2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №8 (1 сағат) Флот жұмысының ерекшеліктері

Жұмыстың мақсаты: Су көлігімен студенттерді таныстыру және олардың ерекшеліктерін көрсету.

Ішкі су көлігі немесе оны кейде атағандай «өзен» көлігі өзен жағалауындағы аудандардағы ірі өндірістік орталықтарға қызмет ету бойынша тарихи жетекші орынға ие.

Терең судағы ішкі су жолдарының үлкен тасу қабілеті бар, оларды көп жолды темір жолдарымен салыстыруға болады және олар жүктер мен жолаушыларды жаппай тасымалдауға бейімделген. Кейбір жүктерді магистральді ішкі су жолдарымен өзен көлігімен тасымалдау, параллельді темір жолға қарағанда 2-3 есе арзанға түседі.

Ішкі су жолдары негізінен табиғи болғандықтан, кеме жүргізуді ұйымдастырғанда өту қабілеттері бірдей темір жол немесе автомобильді жолдармен салыстырғанда 1км жолды салуға кеткен салым мөлшері аз (6-7 есе аз) .

Өзен көлігіндегі ең жоғары шығындар, құрғақ жолдағы көлік түрлеріне қарағанда төмен, өйткені кемелер қозғалысының кедергілері өте аз. Бұл ерекшелік тұтастай су көліктеріне тән.

Жүктерді өзен көлігімен тасымалдау жылдамдығы, ережеге сай, басқа көлік түрлеріне қарағанда төмен. Мысалы, жүктерді жай поездармен (маршрутты емес) тасымалдау жылдамдығын 100 % деп қабылдасақ,онда өзен көлігімен тасымалдау жылдамдығы 60-70%, халықаралық қатынастардағы автомобильді көлік – 100-200%, құбыр өткізгішпен – 40-50%, ал әуе көлігімен– 150-300% құрайды.Бірақ та өзі жүретін кемелер кейде жүкті темір жолдағыдай жылдамдықпен де жеткізеді.

Өзен көлігінің кемшілігіне ауа-райына, кейде тәулікке байланысты шектелген кезеңдік сипаты жатады.

Мұз жарғыш флотты пайдалана отырып навигацияны ұзарту кейбір жағдайда өзен көлігінің тиімділігін арттырады. Тасымалдаулар тоқтатылған кездегі навигацияның аралық кезеңінде, көптеген порттар темір жол және автомобильді көліктермен бірлестікте жұмыстарын жалғастрады. Жұмыстардағы бірлесу жұмыстары қоймаларды, түсіру жұмысы механизациясының құралдарын, айлақтарды, құрғақ жолдардағы көлікпен портқа жеткізілген жүктерді түсіру және сақтау үшін кірме және ішкі порттық жолдарды пайдаланудан тұрады.

Өзен флоты кемелерін пайдалану көрсеткіштері төменде қарастырылған.

Кеменің өнімі – тонно-километрмен немесе жолаушы-километрмен уақыт бірлігіндегі (бір тәулікте), 1 л.с. немесе 1 т жүк көтергіштікке кеменің жұмыс көрсеткіші. Кеменің таза және валдық өнімдері ажыратылады. Таза өнім - жүк тиелген кемені қозғалыс кезінде пайдалануды сипаттайды. Осы жұмыс түрінің тонно-километрмен ортақ суммасын жүк тиелген қалыптағы жүрісінің күш-тәулігіне (тоннаже-тәулік) бөлумен анықтайды. Валдық өнім – бүкіл пайдалануға кеткен уақыттағы кемені пайдалану, жүгі бар және бос жағдайдағы қозғалыс уақытын, барлық тұрақтар уақыты мен көліктік емес жұмыстарды сипаттайтын көрсеткіш – жалпы тонно-километрді пайдаланудағы кеменің күш-тәулігіне (тоннаже-тәулік) бөлумен анықтайды.

Жүк тиеу бойынша кемені пайдалану көрсеткіші кеменің жүк көтергіштігі мен қуатын пайдалану дәрежесін көрсетеді.

Жүк көтергіштігі бойынша жүк кемесін пайдалану көрсеткіші, тоннажа, кемеге тиелген жүк массасын, Qэ, тіркелген жүк көтергіштігіне бөлумен анықтаймыз Qр :

ε = Qэ/ Qр

Жүк кемесінің 1 т. жүк көтергіштігінің орта жүктемесі (мұндағы lхгр – кеменің жүріс ұзақтығын жүгі бар тоннаже-километрге бөлумен анықтаймыз

Буксирлі кемелердің 1 л.с. қуатының орта жүктемесі м жүк тиелген рейстердегі тонно-километрді , күш-километрге жүк тиелген кемелер мен плоттар құрамымен бөлумен анықтаймыз:

Жүгі бар жүріс уақытының үлесі аг жүгі бар кеме жүрісінің тоннаже-тәулігіне на пайдаланудағы тоннаже-тәулікке бөлумен анықталады:

Жүк көтергіштігі 1т. өзі жүретін және өзі жүрмейтін кемелердің орта өнімін Мэгр тонно-километрді пайдаланудағы тоннаже-тәулік санына бөлумен анықтаймыз :

Кеменің айналым уақыты – тиеу пунктінен бастап түсіру пунктіне дейінгі, алғашқы және соңғы операцияларды қосқанда (тиеу, түсіру, шлюздеу) кеме қозғалысына кеткен, жолдағы тұрып қалу мен техникалық операцияларға кеткен уақыты. Тұрақтағы уақытты tст; маневрге tм; жүріске кеткен tх уақыттарға қосумен анықталады:

Тоб = tст + tм + tх

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі су көлігі

2. Жүктерді өзен көлігімен тасымалдау

Ұсынылатын әдиебиеттер

1. Конвенция Организации Объединенных Наций о морской перевозке грузов, 1978 года (Гамбург, 1 марта 1978 г.).

2. «Кодекс торгового мореплавания Российской Федерации» - Москва, 1999г.

3. Гуцуляк В.Р. Морское право: Учебное пособие – М.: РосКонсульт, 2000 г.

СДЖ бақылау сұрақтары [5,6,7]

1. Кеменің айналым уақыты қалай анықталынады?

2. Жүк тиеу бойынша кемені пайдалану көрсеткіші

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]