Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdp op i ud kaz 2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Темір жол көлігінде қолданылатын терминдері. Жалпы жағдайы.

Стансалардағы әр түрлі сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғылары мен сигнал беру және байланыс құралдарын студенттерге таныстыру.

Әрбір станса мен жол қосынында пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу жұмыстарын бір ғана қызметкер басқарады станса кезекшісі, ал диспетчерлік орталықпен жабдықталған телімдерде пойыз диспетчері басқаруы мүмкін.

Стансаларда жолдың дамуына байланысты станса бойынша, орталықтандыру қосындары немесе парк бойынша бірнеше кезекшіден болуы мүмкін, олардың әрқайсысы өзі қызмет ететін аудан шектеріндегі пойыздардың қозғалысын жеке өзі басқарады немесе белгілі түрде әрекеттерді орындайды. Пойыздардыың қозғалысымен байланысты әрбір станса, қосын немесе парк кезекшісінің басқару аудандарының шекаралары мен осы қызметкерлердің міндеттіері стансаның техникалық жарлық актісінде көрсетіледі.

Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау аспаптарын басқару, бағдаршамдарды ашу және жабу ісін стансада станса кезекшісі немесе соның басқаруы бойынша станса кезекшісінің жанындағы оператор, стансалық орталықтандыру қосынының кезекшісі немесе операторы, стрелканың қосын кезекшісі орындайды;

Жол қосынында қосын кезекшісінің міндеттерін орындайтын станса кезекшісі орындайды;

Диспетчерлік орталықтандыру кезінде пойыз диспетчері орындайды.

Егер пойыз стансадан шығу бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде немесе шығу бағдаршамы жоқ жолдардан аттанса, аралықты басып тұруы жөнінде рұқсат қағазды станса кезекшісі жетекші локомотивтің машинисіне көзбе көз түрде немесе пойыздар қозғалысына қатысы бар стансалық қызметкерлердің бірі арқылы тапсырылады, ол жөнінде стансаның жарлық актісінде көрсетіледі.

Станса кезекшісі бұйрықтың мәтінін радиобайланыцсы арқылы пойыздың машинисіне тапсырмас бұрынбарлық жағдайларды бұйрықтың нөмірі көрсетілуі тиіс. Машинист бұйрықтың мәтінін толық қайталап шығуы тиіс, ал станса кезекшісі оның дұрыс түсінілгенін «Дұрыс, орындаңыз» деген сөздермен растап, бұйрықтың машинистке берілген уақытын көрсетуі тиіс.

Темір жол көлігінің габариттері. Темір жол габариттерін студенттерге таныстыру.Темір жолдардың және теміржол кірме жолдарының жанасу стансасынан бастап өнеркәсіптік және көліктік кәсіпорындардың аумақтарына дейінгі жалпы торабының құрылыстары мен құрылғылары Мемлекттік стандатрпен белгіленген С құрылыстарының жақындау габариттерінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

Зауыттардың, фабрикалардың, шеберханалардың, деполардың, өзендік және теңіздік айлақтардың, шахиталардың, жүктік аулалардың, базалардың, қоймалардың, карьерлердің, орманадық және торфтік өнімдерндің, электро стансаларының және басқа өнеркәсіптік және көліктік кәсіпорындарының аумағында және аумақтардың арасында орналасқан құрылыстар мен құрылғылар Мемлекеттік стандартпен белгіленген Сп құрылыстарының жақындау габариттерінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

С және Сп габариттерінің талаптарын темір жолдарды, темір жолдардың кіреберіс жолдардың, олардың құрылыстары мен құрылғыларды жобалау, салу, қайтадан жаңғырту кезінде, екінші жолдарды электрлендіру және салу кезінде, сондай ақ аталмыш габариттерге бұрынырақ келтірілген барлық пайдаланылатын құрылыстар мен құрылғыларда орындалуы тиіс. Темір жолды жаңадан салғанда және қайтадан жаңартқанда С және Сп габариттерін қолданудың ерекшеліктері ескі нормалар бойынша салыңған және С және Сп габариттерінің талаптарын қанағаттандырмайтын құрылыстар мен құрылғыларға қойылатын талаптар, құрылытар мен құрылғылар габариттерін тексеру және габариттік емес жерлерін түзету тәртібі құрылыстардың жақындау габаритерін қолдану жөніндегі нұсқаулықта қарастырылады.

С және Сп габариттерінің талаптарын қанағаттандырмайтын қолданымстағы құрылыстар мен құрылғыларды қайтадан құруды жобалаған кезде, ең алдымен Тпр және Тц габариттеріндегі перспективтік жылжымалы құрамының, сондай ақ аймақтықгабарит бойынша тиелген жүктердің өтуін қамтамасыз ете алмайтын объектілер есепке алынбауы тиіс.

Қос жолды желілер аралықтарындағы түзу телімдерінде жолдардың осьтері арасындағы қашықтық 4100 мм-ден кем болмауы тиіс.

Үш және төрт жолды желілерде түзу телімдердегі екінші және үшінші жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 5000 мм-ден кем болмауы тиіс.

Темір жол стансаларындағы түзу телімдерде іргелес жолдардың осьтері аравсындағы қашықтық 4800 мм-ден кем болмауы, негізгі емес екінші дәрежелі жолдарда және жүктік аудандардың жолдарында – 4500 мм –ден кем болмауы тиіс. Стансалардағы жолдар шеткі болып орналастырғанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының рұқсатымен олардың арасындағы қашықтық 4100 мм болуына жол беріледі, жүктерді вагоннан вагонға тікелей аударып тиеу үшін арналған жолдардың осьтерінің арасындағы қашықтық 3600 мм-ге дейін рұқсат етілуі мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

1. Станса кезекшісінің міндеттері

2. Темір дол көлігінің габариті дегеніміз не?

3. Станса кезекшісі кезекшілікті қалай қабылдайды?

4. Сигналдардың негізгі құрылғылары

Ұсынылатын әдиебиеттер

1.Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы поездардың қозғалысы мен маневр жұмысы жөніндегі нұсқаулық. Астана 2008 ж.

2.Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері. Астана 2008 ж.

СДЖ бақылау сұрақтары [1, 2, 7]

1. Пойыздар жүрісі мен маневр жұмысының тәртібі

2. Автоматты блоктаумен жабдықталған дара жолды телімдердегі пойызданрдың қозғалысы

3. Пойыздарды қабылдап және жөнелту тәртібі

4. Темір жол құрылғылар мен ғимартттары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]