- •Мазмұны
- •1 Оқу жұмыс бағдарламасы
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •Пәннің сипатаммасы
- •Пәннің мақсаты
- •Пәннің міндеттері
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •Айрықша деректемелер
- •Тұрақты деректемелер
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдиебеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау критерийлері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырманы орындау мен тапсыру керегені
- •3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •1. Теміржол торабы пайдалану түріне қарай және жолдың маңызына қарай тораптар екіге бөлінеді:
- •2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:
- •3. Торап орналасқан ауданның өндірістік күшіне қарай тораптар екіге бөлінеді:
- •4. Тораптың негізгі құрылыстарының географиялық орналасуына қарай:
- •Тақырыбы №2. Пойыздарды құрастыру жоспарын есептеу. Пойыздар жүрісінің керегенін құрастыру. Пойыздар жүрісінің жылдамдығы мен салмағын таңдап алу. (4 сағат). Дәріс жоспары
- •4. Студенттердің дербес жұмыстарына арналған тапсырмалар
- •Сдж арналған бақылау жұмысы (тақырып 3,4) 4,5,8
- •5. Зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдiстемелiк нұсқау зертханалық жұмыс №1 (4 сағат)
- •Темір жол көлігінде қолданылатын терминдері. Жалпы жағдайы.
- •Зертханалық жұмыс №2 ( 2 сағат)
- •Зертханалық жұмыс №3 ( 2 сағат)
- •Зертханалық жұмыс №4 (2 сағат)
- •Зертханалық жұмыс №5 (1 сағат)
- •Зертханалық жұмыс №6 (1 сағат)
- •Зертханалық жұмыс №7 (1 сағат) Әуе көлігінде жүк тасымалдау
- •Зертханалық жұмыс №8 (1 сағат) Флот жұмысының ерекшеліктері
- •Зертханалық жұмыс №9 (1 сағат)
- •6 Студенттердің оқытушымен дербес жұмысының тақырыптамалық жоспары
- •6 Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •6.1 Пән бойынша жазбаша жұмыстарының тақырыптамасы
- •6.2 Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар (тесттік сұрақтармен)
Пән бойынша тапсырманы орындау мен тапсыру керегені
Бақылау түрі |
Тапсырманың мақсаты және мазмұны |
Ұсынатын әдиебиеттер |
Орындалу уақыты |
Бақылау түрі |
Тапсыру мерзімі |
Сұрау |
Тақырып бойынша білімін тексеру №1-3 |
[ 3 ], [ 5 ], [ 7 ], лекциялар конспектісі |
_4_ апта |
Ағымдағы |
5 апта |
Сұрау |
Тақырып бойынша білімін тексеру №4,5 |
[ 4 ], [ 5 ], [ 9 ], лекциялар конспектісі |
_9_ апта |
Ағымдағы |
10 апта |
Жазбаша сұрау |
Тақырып бойынша білімін тексеру №1,2,3,4,5 |
[ 1 ], [ 2 ], [ 3 ], [ 4 ], [ 5 ], [ 9 ], лекциялар конспектісі |
2 біріккен сағаттар |
Аралық |
7,14 апта |
Зертханалық жұмыстар және зертханалық жұмыстарды қорғау |
Тақырып бойынша білімін тексеру |
[ 4 ], [ 5 ], [ 9 ], лекциялар конспектісі |
Семестр бойынша |
Аралық |
14 апта |
емтихан |
Пән материалының меңгерілу деңгейін тексеру |
Негізгі және қосымша әдебиеттің жалпы тізімі |
_2_ біріккен сағаттар |
Қоры тынды |
Сессия кезеңін де |
3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
Тақырыбы 1. Темiр жол көлiгiнде және өнеркәсіптік темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (2 сағат)
Дәріс жоспары
Аралық, телімдік, сұрыптау стансаларының жұмысы
Өнеркәсіптік темір жол көлігінің жұмыс технологиясы
Көлік тораптары мен темір жол көлігінің жұмысын ұйымдастыру
Аралық, телімдік, сұрыптау стансаларының технологиялық жұмысы
Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.
Пойыздарды қабылдап, жөнелтіп және өткiзетiн, сондай-ақ шағын көлемде жүк және коммерциялық операциялар жүргiзетiндерін аралық станцияларға жатқызады. Кейбiр аралық станцияда жөнелтушілер пойыздары құрастырылады, қаламаңдық пойыздар айналымы (зоналық станциялар) жүзеге асырылады, локомотив бригадалары ауыстырылады. Аралық станциялар, әдетте, телiмдiк станциялар аралығында немесе телiмдiк және сұрыптау станциялары аралығында орналасады. Олардың телiмдерде орналасуы елдi мекендерге жүк және жолаушылар тасымалы жөнiнен қызмет көрсетуге байланысты, орта есеппен алғанда олар 15-25 км қашықтықта орналасқан.
Негiзiнен алғанда, транзиттiк пойыздармен айналысатын (вагондарды тексеру, локомотивтердi, бригадаларды ауыстыру) станциялар телiмдiк станцияларға жатады. Мұндай станциялардағы сұрыптау жұмыстарының көлемi аса үлкен емес – олар негiзiнен телiмдiк, құрама және жақынаралық пойыздарды сұрыптау және құрастырумен айналысады. Телiмдiк станциялар, әдетте, жүк пойыздарының локомотивтерi айналатын телiмдердiң шекараларын қамтиды. Олардың арақашықтығы локомотивтер (тартым иiндерi) айналатын телiмдердiң ұзындығына, сондай-ақ жүк вагондарының техникалық күтудi қажет етпей өтетін қашықтығына байланысты.
Пойыздар жаппай сұрыпталатын және құрастырылатын станциялар сұрыптау станцияларына жатады. Олар вагон ағындарының жаппай жиналатын және жаппай таратылатын бекеттерде (iрi өнеркәсiп орталықтарына, өзен және теңiз порттарына кiреберiсте) орналасқан.
Телiмдік және сұрыптау станцияларында, негiзiнен алғанда, техникалық операциялар атқарылатындықтан, бұлар техникалық станциялар деп аталады.
Жүк станцияларында мынадай операциялар атқарылады: жүктердi қабылдау, өлшеу, сақтау және иесіне беру, тиеу және түсіру, тасымалдау құжаттарын ресiмдеу, кiрме жолдарға қызмет көрсету. Мұндай станцияларда сонымен қатар жүктер көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан бір-біріне (мысалы, шекаралық станцияларда) тиеледi. Оларда жүк операцияларын атқаруға арналған вагондар құрастырылады және сұрыпталады. Жүк операциялары жалпы пайдаланылатын жерлерде де, сондай-ақ кәсiпорындардың кiрме жолдарында да атқарылады.
Жолаушылар және жолаушылар пойыздарына қызмет көрсетумен айналысатын станциялар жолаушылар станцияларына жатады. Оларда жолаушылар пойыздарының құрамдарымен iстелетiн операциялар (қарауға берілетін құрамдарды техникалық тексеру және жарақтандыру, ақырғы бекетке келген құрамдарды құрастыру және рейске дайындау); жолаушыларды отырғызу және түсiру; теңдеме жүктер мен қол жүктерiн қабылдау және беру; жол жүру билеттерiн сату; пошта операциялары атқарылады.
Жолаушылар пойыздарын сұрыптап-құрастыратын және оларды жарақтайтын жолаушылар станциялары техникалық-жолаушылар станциялары (жүк пойыздары жүрісінің техникалық станцияларынан айрықшылығы) деп аталады.
Атқаратын жұмысының көлемi мен күрделiлiгiне қарай станциялар кластан жоғары және I – V класс станцияларына бөлiнедi. Станциялардың класын олардың атқаратын жұмыстарын баллмен бағалау арқылы анықтайды.
Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:
Теміржол станциялары туралы ереже;
Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА);
Станцияның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.
Өнеркәсіптік темір жол көлігінің жұмыс технологиясы
Елдің, қаланың ауданның материалдық – техникалық базасын салу (құру) үшін өте көп капиталдар жұмсалынады. Басқарушылар осы (қаражаттарды) капиталдарды пайдалы және үнемді жұмсаулары керек. Ол үшін өнеркәсіптік теміржол торабында кәсіпорындары тиімді орналастырулары керек.
Теміржол торабында өнеркәсіптік кәсіпорындарды тиімді орналастыру үшін, ауданды тиімді пайдалану үшін - барлық өнеркәсіп орындарын, теміржолдарды және басқа да құрылыстарды бір жобалаушы институты жобалауы керек. Жобалар өнеркәсіптердің типтік жобаларына сәйкес орындалуы тиіс.
Өнеркәсіптік теміржол торабының жобасында келесі мәліметтер болуы керек:
- пайдаланудағы және жаңадан орналастыратын өнеркәсіп орындарының титульдік (атақтық) тізбелері;
- қарастырылатын қалада тұратын және қала сыртында тұратын адамдардың саны. Келешекте адам санының өсуінің есептелінген анықтамалары;
- өнеркәсіптерді үнемді қолдану ұсыныстары және жаңа салынатын өнеркәсіптердің көлемі туралы пікірлер (ақыл – кеңестер).
Өнеркәсіптік теміржол торабында орналасқан кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін, арнайы теміржол құрылыстары жобаланады. Өнеркәсіп теміржол торабының құрылыстарына: кірме жолдар, станциямен байланыстыратын құрылыстар, әртүрлі арнайы стансалар, жалғастырушы жолдар, ішкі завод (өндіріс) жолдары. Өндіріс жолдары екіге бөлінеді:
өндіру өндіріс жолдары және
өңдеу өндіріс жолдары.
Көлік тораптары мен темір жол көлігінің жұмысын ұйымдастыру
Теміржол торабы деп - бірнеше теміржол бағытының желілері түйіскен (қиысқан) немесе қосылған жерде стансалар мен басқа жда айырым бекеттерін байланыстырушы жолдар арқылы біріктіретін пунктті айтамыз. Ол станциялар бір-бірімен басты жолдармен, қосымша жолдармен біріктірілген, тараптағы барлық станциялар бірыңғай технологиямен жұмыс істейді.
Теміржол тораптары - теміржол тораптарының схемасына қарай, құрылыстардың орналасуына қарай, олардың геометриялық формаларына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
