Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdp op i ud kaz 2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №7 (1 сағат) Әуе көлігінде жүк тасымалдау

Жұмыстың мақсаты: Әуе көлігінде жүк тасымалдауды түсіндіріп, қалай жұмыс жүргізілетінін айту.

Кез келген уақыт сәтінде ғаламшардың әуе кеңістігінде 10 мыңға жуық әуе кемелері ұшып жүреді. 2004 жылы бүкіл әлемдегі 3000 коммерциялық әуе компанияларында 2 миллионнан астам адам еңбек етті, олар әуе тасымалын басқару, жоспарлау, ұшу, маркетинг, сату ісімен және басқа қызмет түрлерімен айналысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының деректері бойынша дүниежүзілік әуе көлігі өнеркәсіптің авиациялық және сабақтас салаларын қоса алғанда 21 млн жұмыс орнын жұмыспен қамтамасыз етіп, дүниежүзілік жалпы өнімге шамамен 700 млрд АҚШ долларын қосады. 2004 ж. дүниежүзілік әуе тасымалының көлемі 460348 млн ткм болған.

Дүниежүзілік әуе тасымалында әзірше Солтүстік Америка басым болып отырғанына қарамастан, XXI ғасырдың екінші онжылдығында Азия-Тынық мұхит аймағы көшбасшылыққа шығатын болар. Азия-Тынық мұхит аймағы географиялық себептер бойынша бөлшектенбегендіктен және бөлшектенуі мүмкін болмайтындықтан, Батыстан Шығысқа қарай бұлайша ығысудың зор маңызы бар. Қытайды есептемегенде, Азия елдерінің көпшілігінде елге келетін бір ғана нүкте бар. АҚШ әуе компаниялары мұны асқан қиындықпен түсінді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың екі әуе компаниясы – Northwest және United – ғана Тынық мұхит арқылы ұшады, оның екеуі де Токионы негізгі келу әуежайы ретінде пайдаланады. Бұл аймақты бөлшектеп пайдалануға тырысқан басқа американдық әуе компаниялары, жұмсартып айтқанда, одан ығыстырылып қалды.

Кесте 8.1. Елдердің әуе тасымалының жалпы көлемі жөніндегі халықаралық және ішкі рейтингі (млн. ткм)

Елдер

2004 ж. алған орны

Орындалғаны барлығы, млн. ткм (М+В)

АҚШ

1

144959

Германия

2

24680

Қытай

3

24076

Жапония

4

22431

Ұлыбритания

5

22260

Франция

6

16973

Сингапур

7

14880

Корея республикасы

8

13875

Нидерланды

9

12519

Австралия

10

11075

Ресей

13

47064

Қазақстан

77

188

Азияаралық барлық әуе маршруттарының орталық бөлігін алып жатқан Қазақстанның осынау геосаяси жағдайды пайдалана отырып, өзінің азаматтық авиациясын дамытуға сирек кездесетін мүмкіндігі бар. Еуропа мен Азия арасындағы жалпы транзиттік әуе қозғалысының шамамен 30 пайызы ҚР арқылы өтетін Атлант мұхиты аралық маршруттар желісіне келеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Елдердің әуе тасымалының жалпы көлемі жөніндегі халықаралық және ішкі рейтингі (млн. ткм)

2.Қазақстандағы әуе көлігімен жүк тасымалдау қалай дамыған?

Ұсынылатын әдиебиеттер

1. «Справочник капитана» - редактор КДП Хабура Б.П.

2. Международный Кодекс по Управлению Безопасностью (МКУБ)

СДЖ бақылау сұрақтары [15,16]

1.Қазіргі уақытта Қазақстан қандай тұрақты рейстерді орындайды?

2. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]