Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Делопр на гос языке (тапсырма).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

1. Тапсырма. Тақырыпқа байланысты терминдерді жаттаңыз

– міндеттеме алу – брать обязательства

– шартқа сәйкес – в соответствии с договором

– өзара мүдде – взаимный интерес

– міндеттеме жүктеу – возложить обязательства

– берілген – выданный

– кепілхат – гарантийное письмо, поручительство

– мемлекеттік баж салығы – государственая пошлина

– мемлекеттік меншік – государственая собственность

– азамат – гражданин

– әрекетке қабілеттік – дееспособность

– дейін өз күшінде – действительно до

– доверенность – сенімхат

– сенімхатқа менің қатысуым кезінде қол қойылды – доверенность была подписана в моем присутствии

– сенім білдіруші – доверитель

– сенім білдіремін – доверяю

– қарыз – долг

– басқа талабым жоқ – других претензий не имею

– мүдделестік – заинтересованность

– мүдделі органдар – заинтересованные органы

– тіркелген – зарегестировано

– мәлімдеу – заявить

– мүдде – интерес

– жеке тұлға – личность

2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз

Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар:

а) – нікі (-дікі; - тікі): Талғат – тікі, Айдар-дікі, т.б.

ә) – кер, -гер; қылмыс-кер, жауын-гер

б) – паз: әсем-паз, өнер-паз

в) кеш: арба-кеш, әзіл-кеш

г) – қор: жем-қор

ғ) – қой: әуес-қой,сән-қой

д) – хана: дәрі-хана, дәм-хана

Үлгі

Сұраухат

Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» тақырыбымен әр жыл сайын өтетін 009-ыншы республикалық бюджеттік бағдарламаға жетекшілік жасап, бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырманы орналастырады, мединициналық ұйымдардың материалдық-техникалық қорын жақсарту үшін медициналық жабдықтар сатып алуға қаражат бөледі (2006 ж. – 980 693 теңге; 2007 ж. – 722 000 теңге).

Бөлінген қаражаттарға қарамастан, бүгінгі күні орта және жоғары медициналық оқу орындары, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық қоры талабына сәйкес келмейді. Аталған мекемелерде қаражаттың жетіспеушілігі медициналық жабдықтардың моральдық жағынан көнеруіне әкеліп соққан. Ал бұл жағдай жоғары деңгейлі ғылыми зерттеулердің сапалық, сандық жағына әсер етіп, аурудың алу, диагностикалау және емдеудің озық технологияларын енгізуге кері әсерін тигізуде.

2008 жылға жоспарланып отырған ғылыми-техникалық бағдарламаларды халықаралық стандарттарға сай орындау үшін 1 461 055 теңге қаржы қажет.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008-2010 жылдардағы бюджеттік өтінім тұжырымы бойынша медициналық жабдықтар сатып алу үшін күрделі трансфеттер аудару көлемі 722 000 теңге.

Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі 2008 жылғы медициналық жабдықтары сатып алу бюджеттік өтімді 1 461 055 теңге көлемінде мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.

Министрдің міндетін атқарушы

3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз

Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алдыңғы сыңары и дыбысына аяқталса, келесі сыңары қ, к, ғ, г дыбыстарының бірінен басталса, в өзгеріп, ң болып айтылады. Мысалы: Аман-келді, айтылуы Амаңгелді (бұл жерде ілгерінді-кейінді ықпал болып тұр: ілгері н дыбысы ң-ға айналдырып тұр). Осы сияқты бөкен қабақ, жан қалқа, Айманкүл, Боранғали деген сөздердің айтылуы: бөкеңғабақ, жанғалқа, Аймангүл (бұл Айманкүл болып та айтылады), Боранғали.

Бұл ереже түбір мен қосымшаның арасындағы дыбыстар өзгерісіне жатады. Мысалы: қашанғы (қашан-ғы), түнгі (түн-гі), зиянкес (зиян-кес), құйынға (құйын-ға), сияқты қосымшалы сөздер қашаңғы, түңгі, зыйаңкес, құйұңға болып айтылады.

Үлгі