Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Делопр на гос языке (тапсырма).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

6. Тапсырма. Орфографиялық ережемен танысып, қызметтік хат жазуда қолданыңыз

Қазақ тілінде к, к, п деген қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымшалар жалғанған кезде, сөз соңындағы қатаң дыбыстар ұяңдап, ғ.г,б (кейде у) дыбыстарына айналатыны мәлім. Бұл өзгеріс жазуда да, айтуда да ескеріледі. Мысалы: тарақ-ым-тарағым, күрек-і-күрегі, доп-ымыз, добымыз, тап-ып-тауыып, кеп-у-кебу, кеп-іп-кеуіп т.б.

Бұл ережеге орыс тілі арқылы енген сөздердің де бірқатары бағынады: тоқ-тоғы (айтуда тогі), блок-блогы (айтуда блогі).

Ал п, х дыбыстарына аяқталатын бірқатар кірме сөздер бұл ережеге бағынбай, соңғы қатаң дыбыс ұяңдамай айтылады және солай жазылады. Мысалы: принцип-і – принципі (прицибі емес), грипп-і (оның грипі жұқты, грибі емес), тип-і – типі (тибі емес), кинескоп-ы – кинескопы (кинескобы емес), цех-ы – цехы (цейхы емес), шейх-ы –шейхы (шейыхы емес).

8-тақырып Ілеспехат

Үлгі

Ілеспехат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Үндістан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісімінің ҚР мүдделі министрліктерімен келісілген жобасын жіберіп отыр.

Қосымша: 7 бет

Министрдің міндетін атқарушы

1. Тапсырма. Ережені есте сақтаңыз

Ер адамның фамилиясы - ов, - ев, - ин жұрнақтары арқылы жасалған болса, - ов, - ев жұрнақтары фамилияларға қазақ тілінің қосымшалары түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке түрде жалғанып айтылады (және солай жазылады). Мысалы: Омаровтың, Омаровқа (сөз түбірі О-мар, соңғы мар буыны жуан), Әуезовтің, Әуезовке (сөз түбірі Ә-уез, соңғы уез буыны жіңішке), Мұсаевқа, Мұсаевтан (сөз түбірі Мұ-са, соңғы буыны жуан), Құдайбердиевке, Құдайбердиевтен (сөздің соңғы буыны ді жіңішке). Ал - ин жұнағымен жасалған фамилияларға қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып, жіңішке айтылады: Оразалинге, Дербісалинге, Сембинге.

9-тақырып Қолдаухат

Үлгі

Қолдаухат

Қаржы департаментінің

бухгалтерлік есеп бөліміне

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Лауазымдық еңбекақыға үстемақы белгілеу туралы» 2004 жылғы 27 мамырдағы № 437 бұйрығына сәйкес.

ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бас маманы ..........:

ҚР ДСМ Әкімшілік департаментінің бас маманы ........... 2007 жылғы қараша айында мемлекеттік тілде дайындаған құжаттары редакциялық сараптамадан өткізіліп, өндіріске қабылданды. Сондықтан жоғарыда көрсетілген бұйрық бойынша бұл қызметкерлерге үстемақы төлеуін қолдаймыз.

Мемлекеттік тілді

дамыту бөлімінің бастығы

1. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша қолдаухат жазыңыз

– нақты – фактические

– қаржы жағдайы – финансовое состояние

– қаржылық бақылау – финансовый контроль

– қаржылық есептілік – финансовая отчетность

– тексеру мақсаты – цель проверки

– баға – цена

– апат – авария

– көлік қызметін көрсету – автоуслуги

– бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігі – администратор бюджетных программ

– акт – акт

– орындалған жұмыстар актісі – акт выполненных работ

– қабылдау – беру актісі – акт приема-передачи

– активтер – активы

– акционерлык қоғам – акционерное общество

– талдау және синтетикалық есеп – аналатический и синтетический учет

– жал – аренда

– жалға беру ақысы – арнедная плата

– аудит – аудит

– ұшақ жолсерігі – бортпроводник

– борттық тамақтандыру – бортовое питание

– тікұшақ – вертолет

– ішкі бақылау – внутрений контроль

– қалпына келтіру – восстановить

– қарсы тексеру – встречная проверка

– қорытынды және ұсыныс – выводы и предложения

– автомашиналардың жолға шығуы – выезд автомашин на дорогу

– орындау – выполнение

– анықтау – выяснение

– ерекше міндеттегі гараж – гараж особого назначения

– бас кітап – главная книга

– жылдық есеп – годовой отчет

– жанар-жағармай материалдары – горюче-смазочные материалы

– қонақ паркі – гостовой парк

– мемлекеттік меншік – государственая собственность

– мемлекеттік сатып алу – государственные закупки

– мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері –государственые регистрационные знаки

– жүктерді тасымалдау – грузовые перевозки

10-тақырып

Үлгі