Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Делопр на гос языке (тапсырма).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

1. Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, қызметіңізге байланысты түсінікхат жазыңыз

– алғыс – благодарность

– осыған байланысты – в связи с ...

– зейнеткерлікке шығуына байланысты – в связи с выходом на пенсию

– кәсіпорынынның таратылуына байланысты – в связи реорганизацией предприятия

– белгіленген тәртіппен – в установленном порядке

– іске асыру мақсатында – в целях реализации

– бұрыштама – виза

– қарар – резолюция

– енгізу – вносить

– жүктеу – возложить

– міндет жүктеу – возложить обязанности

– өкілеттік жүктеу – возложить полномочия

– қалпына келтіру – воссановить

– уақытша атқару – временно возглавить

– сөгіс – выговор

– бөлу – выделить

– айқындау – выявлять

– толықтыру – дополнять

– жоспарды бекіту – утвердить план

– ауыстыру – заменить

– тыйым салу – запрещать

– айлықақы – заработная плата

– бұйрық шығару – издавать приказ

– өзгеріс – изменение

– алып тастау – исключить

– іссапарға жіберу – командировать

–осы бұйрықтың орындалуын бақылау – контроль за исполнением настоящего приказа

– көшірме – копия

– жеке құрам – личный состав

2. Тапсырма. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз

Қарап, шара қабылдауды сұраймын

-

Қатысуыңызды сұраймын

-

Ескеруді сұраймын

-

Бірлесіп зерделеп, ұсыныс енгізуді сұраймын

-

Іске қоса тігілсін

-

Мұқият қарап, талдау жасалсын және нәтижесі баяндалсын

-

Қарап, жәрдем жасауды сұраймын

-

Зерделеп, тиісті шара қабылдансын

-

Барлық аталған кемшіліктерді зерделеп, хабарласуыңызды сұраймын

-

Сұраным иесіне жауап беруіңізді сұраймын

-

Белгіленген тәртіппен қарау үшін

-

Басшылыққа алу үшін

-

Басшылыққа алу және орындау үшін

-

Мағлұмат үшін

-

Келісу үшін

-

Шұғыл орындау үшін

-

Бекіту үшін

-

Орындау үшін

-

Тәртіппен қарау үшін

-

Қайта қаралсын

-

Жұмыста қолдану үшін ақпарат

-

Бақылауға алынсын

-

Қарсы емеспін

-

Рұқсат берілмейді, қабылдансын

-

Сөгіс жарнамалансын

-

Алғыс жариялансын

-

15-тақырып. Қаулы

1. Тапсырма. Қаулы мен қорытындының үлгісімен танысыңыз.

Жоба

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысы

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын мингранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге қарсы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Қаулы етеді:

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы концепциясын толықтыратын мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге қарсы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылдансын.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының Төрағасы

Үлгі

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Тарнсұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы концепциясын толықтыратын мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы әкелуге қарсы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

Қорытынды:

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге қарсы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын комитеттің 2008 жылғы 29 сәуірдегі кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өкілдерінің, Сенаттың басқа комитеттері депутатарының және Сенат Аппараты қызметкерлерінің қатысуымен қарап, мыналарды атап көрсетеді.

Мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге хаттама 2000 жылғы 15 қарашада қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттар ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтырады. Осы Хаттаманың мақсаты – мигранттарды заңсыз әкелудің алдын алу және оған қарсы күрес, сондай-ақ заңсыз осы мақсаттарға қол жеткізуде қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу болып табылады.

Хаттаманың ережелері мигранттарды заңсыз әкелуге байланысты трансұлттық сипаттағы және ұйымдасқан қылмысты топтардың қатысуымен жасалған қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және қылмыстық қудалау, қатысушы мемлекеттер аумағында олардың азаматтары болып табылатын адамдарды қайтару жөнінде шаралар қолдануға бағытталған.

Сенат тұрақты Комитеттерінің осы заң жобасы бойынша ескертпелері мен ұсыныстары жоқ.

Баяндалғандарды ескере келе, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының 1), мақұлдаған «Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге қарсы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Сенат отырысының қарауына енгізеді және Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 4-тармағына сәйкес оны қабылдауды ұсынады.

Комитет төрағасы