- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні
- •Әдістемелік нұсқауы
- •Эссе: «Мемлекеттік қызмет»
- •1. Тапсырма. Эссеге қарап, өз қызметіңіз жайлы жазыңыз.
- •1. Тапсырма. Өтініштің үлгісімен, түрлерімен танысыңыз.
- •2. Тапсырма. Етістіктерге берілген қосымшаны жалғап, жазыңыз.
- •3. Тапсырма. Модельге жаттығыңыз
- •6. Тапсырма. Өтініштің үлгісімен танысыңыз, бір үлгісін жазыңыз.
- •7.Тапсырма. Жоғарыда берілген сөздерді пайдалана отырып, үлгі бойынша төмендегі тақырыптарға өтініш жазыңыз
- •4. Тапсырма. Берілген тіркестерді есте сақтаңыз
- •5 . Тапсырма. «Өтініш» тақырыбына байланысты сөздік жұмысы
- •1. Тапсырма. Жоғарыда көрсетілген хаттардың жазылуын есте сақтаңыз. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескрулерді ескеріңіз.
- •2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат үлгісімен танысыңыз. Қызметтік хат
- •Қызметтік жазба
- •4. Тапсырма. Берілген термин сөздерді қолданып, өз қызметіңізге байланысты қызметтік хат, қызметтік жазба жазыңыз
- •5. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •1. Тапсырма. Үлгімен танысыңыз.
- •2. Тапсырма. Мемлекеттік мекемеге келіп түскен қызметтік хаттарды тіркеуге байланысты термин сөздерді қолдана отырып, қызметіңізге байланысты баянхат жазыңыз.
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •1. Тапсырма. Үлгімен танысыңыз. Ұсынымхат. Ұсынысхат
- •2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз.
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •4. Тапсырма. Өздеріңіз таңдаған бір мекемеге Ұсынымхат
- •Ұсынысхат
- •Сұраухат
- •1. Тапсырма. Тақырыпқа байланысты терминдерді жаттаңыз
- •2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •Сұраухат
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •Сұраухат
- •4. Тапсырма: Терминдерді жаттаңыздар, әр терминмен сөйлем құрастырыңыздар.
- •Сұраухат
- •5. Тапсырма. Қызметтік хат жазуға қолданылатын орфографиялық ережені еске сақтаңыз
- •Сұраухат
- •6. Тапсырма. Орфографиялық ережемен танысып, қызметтік хат жазуда қолданыңыз
- •1. Тапсырма. Ережені есте сақтаңыз
- •Қолдаухат
- •1. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша қолдаухат жазыңыз
- •Мағлұмат. Ақпарат
- •1. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша мағлұмат жазыңыз
- •Ақпаратхат
- •2. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша ақпараттық жазыңыз
- •Ақпаратхат
- •3. Тапсырма. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •Растаухат
- •1. Тапсырма. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •Анықтаухат
- •Жолдаухат
- •2. Тапсырма. Берілген терминдерді қолданып, жолдаухат жазыңыз, терминдерді есте сақтаңыз
- •Түсінікхат
- •1. Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, қызметіңізге байланысты түсінікхат жазыңыз
- •1. Тапсырма. Қаулы мен қорытындының үлгісімен танысыңыз.
- •1. Тапсырма
- •Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •2. Тапсырма. Терминдермен сөйлемдер құрасытырп, эсседе қолданыңыздар
- •3. Тапсырма. Терминдерді жаттаңыздар
- •4. Тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз
- •5. Тапсырма. Төмендегі тақырыптарға қаулылар жазыңыз
- •6. Тапсырма. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •Глоссарий – сөздік
Сұраухат
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігіне
2007 жылғы қазан айында өтілетін ҚР дәрігерлері мен провизорларының 3 съезінде ҚР Президентінің баяндамасын дайындау барысында қажетті төмендегі фактілерді нақтылауды сұраймыз:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 348 жоғары білімді маман жетіспейді.
2. МАТО-ның (медициналық ақпараттар талдау орталығының) компьютерлермен жабдықталуы 50 %.
3. Солтүстік Қазақстан облысына республикадан бөлінген қаржының 70% ғана орындалып отыр.
4. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халықтың 3% ғана ерікті медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілген.
Премьер – Министр
4. Тапсырма: Терминдерді жаттаңыздар, әр терминмен сөйлем құрастырыңыздар.
– Сілтеме – сноска
– Меншік – собственность
– Есепшот – счет
– Серіктестік – товарищество
– Көлік жүкқұжаты – транспортная накладная
– Үлес – удел
– Бірегей – уникальный
– Жалпыға бірдей – всеобщее
– Уәкілдік – уполномоченный
– Зиянкестік – вредительство
– Бас келісім – генеральное соглашение
– Теңгермешілдік – уравниловка
– Рақымшылық – амистия
– Төрелік сот – арбитражный суд
– Қаңғыбастық – бродяжничество
– Бас басқарма – главное управление
– Жаһандық қауіпсіздік – глобальная безопасность
– Екіжақты мәміле – двусторонняя сделка
– Ақшалай өндіріп алу – денежное взыскание
– Ақшалай міндеттеме – денежное обязательство
Үлгі
Сұраухат
Барлық құрылымдық бөлімшелерге
Заң және кадр департаменті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы шығыс № 02-1-2 тапсырмасына сәйкес жастардың кальян мәселесі бойынша ағымдағы жылдың 26 мамырына дейін ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңізді берулеріңізді сұрайды.
Департамент директоры
5. Тапсырма. Қызметтік хат жазуға қолданылатын орфографиялық ережені еске сақтаңыз
Орыс тілі жұрнақтары жалғанда, жіңішкелік белгісі (ь) жазылатын және л дыбысына аяқталатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары жалғанда, жіңішкелік белгісі жазылмайды және л дыбысы жуан айтылады. Мысалы:
Орысша жазылуы Қазақша жазылуы, әр айтылуы
материалный материалдық
феодальный феодалдық
коммунальный коммуналдық
Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л дыбысы жіңішке сөздерде (яғни түбірдің өзінде жіңішкелік белгісі жазылатын сөздерге) ь таңбасы сақталып жазылады және л дыбысы жіңішке айтылады: моральный -моральдық (сөз түбірі – мораль), артельный – артельдік (сөз түбірі – артель). Мұндай көбінесе сөздердің қазақша айтылуы жазылуына сай келеді: ь тұрса – л дыбысын жіңішке айту керек те, ь жоқ болса жуан айту керек.
Осы ережені ескеріп, мына сөздерді дұрыс айтып көріңіз: патриархалдық, акварельді, спектакльдік, номиналдық, вассалдық, вокальды
Үлгі
Сұраухат
Барлық құрылымдық бөлімшелерге
Заң және кадр департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2008 жылғы 21 мамырдағы шығыс № 5-2-1 хаты бойынша нұсқау жобасын қарап, ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін өз ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңізді беруіңізді сұрайды.
Департамент директоры
