Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Делопр на гос языке (тапсырма).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз

  1. Ауызша және жазбаша тілде ілік септігіндегі жіктеу есімдіктері түсіріліп те, түсірілмей де келе береді (менің сөзімді тыңда – сөзімді тыңда).

  2. Тәуелдік жалғауының үшінші жағының қосымшасы заттың 3-жақтағы адамға тән екенін білдірумен қатар (оның қағазы), заттың басқа бір затқа қатысты екенін білдіреді (кабинеттің есігі).

3. Тапсырма. Қызметтік хат үлгісімен танысыңыз. Қызметтік хат

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2007 жылғы 2 шілдеде Астана қаласында қол қойылған Қазақстан және Франция Республикасы Үкіметтері арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту жайлы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер – Министррі қаулысының жобасына қатысты ұсыныстар мен ескертулер жоқ екенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президенті

жанындағы Мемлекеттік басқару

академиясының ректоры

Үлгі

Қызметтік жазба

Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел ден қою департаментінде «Миттал Стил Теміртау» АҚ директоры Н.К.Чоудхаридың қорғаныс құрылыстарын есептен шығару құжаттары тіркелген хатымен келісу қарастырылады.

«Миттал Стил Теміртау» АҚ-ы «Жарамсыз азаматтық қорғаныс құрылыстарын есептен шығару туралы» әдістемелік нұсқаулығына сәйкес 10 қорғаныс құрылысын есептен шығару құжаттары 19.09.2005 жылы келіп түскен.

2005 жылғы қазан айында ТЖ министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес Қарағанды облысының ТЖ департаменті азаматтық қорғанысы жеке қорғаныс құралдарының сақталуын қамтамасыз ету және қорғаныс құрылыстарын, Теміртау қаласында есептен шығаруға дайындалған қорғаныс құрылыстары тексеруден өткізілді (№22 к 11.10.05 ж. бұйрық).

Есептен шығаруға ұсынылған қорғаныс құрылыстары 25-30 жыл пайдаланғанын тексеру көрсетті. Қорғаныс құрылыстары жер асты суларының басуынан ескіріп, табиғи тозығы жетіп, технологиялық құрал-жабдықтарды істен шығарған. Қорғаныс құрылыстарына пайдалану кезінде күрделі жұмыстары жүргізілмеген, құрал-жабдықтар жаңартылмаған.

Қазіргі кезде «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның ең үлкен жұмыс кезегі 8174 адамнан тұрады. Есептен шығарылғаннан кейін қалатын 24 қорғаныс құрылысы 10720 адамды қорғай алады.

03.08.2005 ж. «Азимут Энержи Сервис» АҚ Қарағанды филиалының инженерлі-геологиялық тексеріс қорытындысы және 1.09.1994 ж. 27/11-183 «Жарамсыз азаматтық қорғаныс құрылыстарын есептен шығару туралы» әдістемелік нұсқаулығына сәйкес берілген басқа да құжаттар негізінде «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның (10 бірлік) қорғаныс құрылыстары есептен шығарылуы тиіс, себебі оларды техникалық жағынан қалпына келтіру мүмкін емес және экономикалық мақсатқа лайықсыз.

2004 жылдан бастап ҚР ТЖ министрлігінде есептен шығарылатын қорғаныс құрылыстарына келісу жүргізілмеді. Қазіргі кезде жобалау ұйымдарының ұсыныстар қорытындысы бар облыстар, Алматы, Астана қалаларының келісімге жіберілген 50 актісі жатыр.

Ал бұдан бұрын жарамсыз қорғаныс құрылыстары есептен шығару туралы материалдар келісуге ұсынылған.

Келісуіңізді сұраймыз.

Азаматтық қорғаныс департаментінің директоры