Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Делопр на гос языке (тапсырма).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз

Отыр, тұр, жүр, жатыр деген етістіктері жалаң нақ осы шақ жасағанда, негізгі етістік болады. Мысалы: Мен тұрмын. Сен жүрсің. Ал күрделі нақ осы шақ жасағанда, көмекші етістік болады. Мысалы: Мен айтып тұрмын. Сен тыңдап отырсың.

6 - тақырып Ұсынымхат. Ұсынысхат

1. Тапсырма. Үлгімен танысыңыз. Ұсынымхат. Ұсынысхат

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Египет Араб Республикасында өтетін экономика саласындағы мамандарға арналған курстарға келесі үкіметкерлерді ұсынады:

1.

2.

Қосымша: 4 бет

Қазақстан Респбликасы Президентінің

Жанындағы Мемлекеттік басқару

Академиясының ректоры

2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз.

1. - лас, - лес, - дас, - дес, - тас, - тес жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер де ортақ етіс мағынасын береді (ақылдас, қоштас, тілдес, пікірлес, сырлас т.б.).

2. - лын, - лін, -ныл, -ніл жұрнақтары ырықсыз етіс мағынасын береді (алма желінді, жоқ ізделінді, ат байланылды т.б.).

3. - лан, - лен, - дан, - ден, -тан, -тен жұрнағымен жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мағынасында жұмсала береді (әурелен, қатулан, шаттан, қаһарлан, мейірлен, әлден т.б.). Сондай-ақ - ырқан, - іркен, -сын, -сін жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мәнін береді (шіміркен, тұшырқан, азсын, көпсін, жерсін, бәлсін т.б.).

Үлгі

Ұсынымхат

Астана қаласы әкімшілігінің аппараты

жанындағы кәмелетке толмағандар ісі

және олардың құқығын қорғау жөніндегі

комиссия төрағасына

1992 жылдың бесінші қыркүйегінде туылған, №7 орта мектебінің 6 сынып оқушысы кәмелетке толмаған Еркін Асхатұлы Жетпісбаев Астана қаласының ІІД кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және ақтау орталығына келіп түсті, тұрғылықты орны жоқ.

Кәмелетке толмаған бала 13.12.2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта Орталыққа 6 рет түскен. Орталыққа соңғы рет 5.12.2006 жылы №708 бұйрықтың 3, 4-тармақтарына сәйкес қараусыз қалғаны үшін түсті.

Қараусыз қалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтай отырып, анасы 11.09.1972 жылы туылған. Айгүл Олжабайқызы Жетпісбаевамен бірге тұратыны анықталды.

А.О.Жетпісбаева бала тәрбиесімен айналыспайды, баланы үнемі бөтен адамдармен қалдырып жүрген. Өзінің тұрақты жұмысы жоқ, спирт ішімдіктерін асыра пайдаланады, адамгершілікке жат қылықтарымен өмір сүреді.

Е.А.Жетпісбаев осы оқу жылында оқымаған, уытты заттарды әсіресе «Момент» желімін пайдаланады. Құқық бұзушылыққа, өтірік айтуға бейім, бірнеше рет ұрлыққа жасауға қатысқан. Қатыгез, ашушаң. Мектеп мұғалімдерінің берген мінездемесіне сәйкес мектепте қанағаттанарлық деп сипатталады.

Отбасы Сарыарқа аудандық ІІБ КІБ жағдайы нашар отбасы ретінде алдын-алу есебінде тұр.

Жоғарыда мазмұндалғандарға байланысты, жасөспірімнің тікелей аyасына қатысты шешім шығаруыңызды ұсынамын, осы жағдайда азамташа А.О.Жетпісбаеваны ата-аналық құқығына айыру қажет, өйткені жасөспірімнің одан ары анасымен бірге болуы ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін.

Астана қаласы ІІД КУАБАО бастығы