- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні
- •Әдістемелік нұсқауы
- •Эссе: «Мемлекеттік қызмет»
- •1. Тапсырма. Эссеге қарап, өз қызметіңіз жайлы жазыңыз.
- •1. Тапсырма. Өтініштің үлгісімен, түрлерімен танысыңыз.
- •2. Тапсырма. Етістіктерге берілген қосымшаны жалғап, жазыңыз.
- •3. Тапсырма. Модельге жаттығыңыз
- •6. Тапсырма. Өтініштің үлгісімен танысыңыз, бір үлгісін жазыңыз.
- •7.Тапсырма. Жоғарыда берілген сөздерді пайдалана отырып, үлгі бойынша төмендегі тақырыптарға өтініш жазыңыз
- •4. Тапсырма. Берілген тіркестерді есте сақтаңыз
- •5 . Тапсырма. «Өтініш» тақырыбына байланысты сөздік жұмысы
- •1. Тапсырма. Жоғарыда көрсетілген хаттардың жазылуын есте сақтаңыз. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескрулерді ескеріңіз.
- •2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат үлгісімен танысыңыз. Қызметтік хат
- •Қызметтік жазба
- •4. Тапсырма. Берілген термин сөздерді қолданып, өз қызметіңізге байланысты қызметтік хат, қызметтік жазба жазыңыз
- •5. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •1. Тапсырма. Үлгімен танысыңыз.
- •2. Тапсырма. Мемлекеттік мекемеге келіп түскен қызметтік хаттарды тіркеуге байланысты термин сөздерді қолдана отырып, қызметіңізге байланысты баянхат жазыңыз.
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •1. Тапсырма. Үлгімен танысыңыз. Ұсынымхат. Ұсынысхат
- •2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз.
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •4. Тапсырма. Өздеріңіз таңдаған бір мекемеге Ұсынымхат
- •Ұсынысхат
- •Сұраухат
- •1. Тапсырма. Тақырыпқа байланысты терминдерді жаттаңыз
- •2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •Сұраухат
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •Сұраухат
- •4. Тапсырма: Терминдерді жаттаңыздар, әр терминмен сөйлем құрастырыңыздар.
- •Сұраухат
- •5. Тапсырма. Қызметтік хат жазуға қолданылатын орфографиялық ережені еске сақтаңыз
- •Сұраухат
- •6. Тапсырма. Орфографиялық ережемен танысып, қызметтік хат жазуда қолданыңыз
- •1. Тапсырма. Ережені есте сақтаңыз
- •Қолдаухат
- •1. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша қолдаухат жазыңыз
- •Мағлұмат. Ақпарат
- •1. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша мағлұмат жазыңыз
- •Ақпаратхат
- •2. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша ақпараттық жазыңыз
- •Ақпаратхат
- •3. Тапсырма. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •Растаухат
- •1. Тапсырма. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •Анықтаухат
- •Жолдаухат
- •2. Тапсырма. Берілген терминдерді қолданып, жолдаухат жазыңыз, терминдерді есте сақтаңыз
- •Түсінікхат
- •1. Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, қызметіңізге байланысты түсінікхат жазыңыз
- •1. Тапсырма. Қаулы мен қорытындының үлгісімен танысыңыз.
- •1. Тапсырма
- •Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •2. Тапсырма. Терминдермен сөйлемдер құрасытырп, эсседе қолданыңыздар
- •3. Тапсырма. Терминдерді жаттаңыздар
- •4. Тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз
- •5. Тапсырма. Төмендегі тақырыптарға қаулылар жазыңыз
- •6. Тапсырма. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •Глоссарий – сөздік
1. Тапсырма. Жоғарыда көрсетілген хаттардың жазылуын есте сақтаңыз. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескрулерді ескеріңіз.
а) Көптік жалғаулы сөздердің бәрі көптік мағынаны білдіре бермейді, басқа да мағынаны білдіреді. Оларға мыналар жатады:
1. Көптік жалғаулы бір заттың көп адамға тән немесе ортақ екенін білдіреді. Мысалы: Туған тілдеріңді ұмытпаңдар. Бөлмелеріңді тазалаңдар деген сөйлемдердегі туған тіл, бөлме сөздеріне жалғанып тұрған көптік жалғауы сол заттардың көптігін емес, олардың көп адамдарға ортақ екенін білдіреді.
2. Көптік жалғауы жалқы есімдерге жалғанғанда, көптік мағынаны емес, жинақтау, топтау мағыналарын білдіреді. Мысалы: Кешегі сөзінен Асқар және оның қасындағы адамдар деген жинақтау ұғым туады.
3. Көптік жалғауы сын есімдерге жалғанғанда, олар зат есім орнына жүреді. Мысалы: Үлкендерді сыйлау - әдептіліктің белгісі деген сөйлемдегі үлкендер сөзі үлкен адамдар деген мағынада қолданылып тұр.
4. Көптік жалғауы сан және мезгіл ұғымды сөздерге жалғанғанда, болжалдау, мөлшерлеу мағынасын береді. Мысалы: Оның жасы елулерде шығар. Марат ертеңдері жұмысқа шығып қалар деген сөйлемдердегі елулерде, ертеңдері сөздері болжалдау ұғымды білдіріп тұр.
ә) Көптік жалғауынсыз қолданылатын жеке сөздер мен кейбір сөз тіркестері бар. Олар мыналар:
1. Бір-бірлеп, даралап, тарамдап санауға келмейтін зат есімдер көптік жалғауынсыз қолданылады. Ондай зат есімдерге ұн, шаң, шаш, құм, қант, нан т.с.с сөздер жатады.
2. Сан есіммен тіркесіп келген сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды. Мысалы, 2 ғимарат (2 ғимараттар емес), 3 мемлекеттік қызметші (3 мемлекеттік қызметшілер емес), 5 бөлім (5 бөлімдер емес), 10 министрлік (10 министрліктер емес) т.б.
3. Өмірде бір-ақ түрі кездесетін жалқы есімдер. Мысалы: ай, Астана, Арал теңізі т.б.
4. Көптік жалғауы бірыңғай сөйлем мүшелерінің барлығына емес, ең соңғысына жалғанады. Мысалы: Ол қойын жазба дәптер, қалам мен сызбаларын алып, мәжіліске кетті.
4- тақырып. Қызметтік хаттар
Қызметтік хаттарды дайындаудың өзіндік мәдениеті бар. Қызметтік хат арнайы қағазға жазылады. Хат жазылатын қағаздың сол жақ шетінен кемінде 3,5 см, оң жақ шетінен 1,5 см, үстіңгі және астыңғы жақтанынан 2 см. орын қалдырылады.
Қызметтік хат жолданған лауазымды адамның тегі, аты-жөнін көрсету керек, егер тегі, аты-жөнін білмесеңіз, лауазымын ғана көрсетуге болады. Мәселен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректорына.
Қызметтік хат бейтарап тұрғыда, ресми түрде жазылуы тиіс. Қызметтік хатта өтініш, талаптар орынды көрсетіліп, қызмет бабындағы кез-келген шараларға баға беру, оны фактілермен дәлелдеу барысында барынша салқынқандылық танылғаны жөн. Қызметтік хаттағы деректер дәл көрсетіліп, қарастырылып отырған мәселе нақты болуы қажет. Қарым-қатынастағы мемлекеттік ұйымға қандай да бір мәселе туралы ескерту, ол мекеме тарапынан болған кемшілік, т.б. жағымсыз мәселелердің өзі мәдениетті түрде баяндалуы тиіс. Мәселен, келісілген мерзімнің 2008 жылғы 15 наурызда аяқталатынын естеріңізге саламыз; мәселе барысында хабардар еткіміз келеді; туралы ескертуді қажет деп санаймыз т.б.
1. Тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы аумағында орналасқан қорғаныс құрылыстарын есептен шығару құжаттарын қарастырып, төмендегіні хабарлайды.
ҚР «Азаматтық қорғаныс» (бұдан әрі – Заң) заңының 26-бабы, 1) тармақшасына сәйкес ғимараттың ішіне салынған қорғанатын баспана мемлекеттің меншігі деп саналады, сол заңның 3-бабына сәйкес жекешелендіруге жатпайды.
Заңның 26-бабы, 4) тармақшасында құрылым басқармасының және шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы өзгерген жағдайда азаматтық қорғаныс нысандарын мақсатты тағайындау, жарату, жинақтаулары сақталады.
Қорғанатын баспаналарды есептен шығару тәртібі ҚР Қаржы министрлігінің 1.09.1991 жылы № 27/11 – 183 (бұдан әрі – Қаулы) ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген «Жарамсыз азаматтық қорғаныс құрылыстарын есептен шығару туралы» әдістемелік нұсқаулығына сәйкес реттеледі.
Қаулының 1) тармақшасына сәйкес кәсіпорын, бірлестік, ұйымдардың қарамағында тұрған азаматтық қорғаныстың құбылыстары төменгі жағдайларда есептен шығарылады:
Б) Кәсіпорынның салынуы, кеңейтілуі, қайта жабдықталуы немесе кәсіпорын, цех және басқа нысандардың түбегейлі өзгеруі салдарынан, Қорғаныс құрылыстары техникалық жағынан қайта қалпына келтірілмесе, экономикалық мақсатқа лайықсыз болса, сонымен қатар бекітілген тәртіп бойынша іске асырылмаса немесе басқа кәсіпорын, бірлестік, ұйымдарға тапсырылмаған жағдайларда есептен шығарылады.
Қорғаныс құрылысының техникалық жағдайы, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің лайықтылығы жайлы қорытынды жобалау ұйымы тікелей қарап, инженерлік есептеулер мен зиян келтірмейтін техникалық сынақтар мен бақылау әдістері өткізілгеннен кейін беріледі.
Қаулының 2) тармақшасына сәйкес қорғаныс құрылыстарының техникалық жағдайын, қалпына келтіру жөндеулерді жүргізудің тиімсіздігін анықтау, қатар есептен шығаруға қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін тұрақты жұмыс комиссиялары құрылуы қажет, олардың құрамына облыстық Азаматтық қорғаныс штабының өкілі, қазіргі кезде қарағанды облысының ТЖ Департаменті, қалалардағы ТЖ басқармаларының өкілдері қажет.
Қаулының 4-тармағына сәйкес комиссия жұмысының нәтижелері бойынша бекітілген формада азаматтық құрылысты есептен шығару актісі толтырылады. Бұл актіге келесі құжаттар қосымша беріледі:
А) қорғаныс құрылысын қалпына келтірудің лайықсыздығын білдіретін инженерлік есептермен дәлелденген жобалау ұйымының қорытындысы;
Б) қорғаныс құрылысын келешекте қолдану ұсыныстары;
В) жер астындағы сулардың басқыншылығы, олардың деңгейлерінің өзгерулері (қорғаныс құрылысының орналасқан жерінде ондайлар болса);
Г) нысанды жоюдың нәтижелік есептері;
Д) комиссияның жалпы қорытындысымен келіспейтін комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері.
Сонан кейін қорғаныс құрылысының есептен шығару актісі қаулының 7) тармақшасына сай қосымша құжаттармен бірге министрлікке келісімге жіберілуі тиіс.
Сонымен бірге, қаулының 9) тармақшасына сәйкес есептен шыққан қорғаныс құрылысы міндетті түрде техникалық түбегейлі өзгертулерге және қайта құруларға немесе қорғаныс құрылыстарының қорын толтыру мәселесі бойынша қарастырылады.
Актілер мен ұсыныстарды жазуда, қорғаныс құрылыстар қорын толтыру мәселесін қарастыруда көрсетілген норманы сақтау қажет.
Министрлік басшылығындағы өзгерістерге байланысты актіні жаңартуды талап етеді. Бұрынғы жіберілген актілер Қарағанды облыстық ТЖ Департаментіне қайтарылады.
Жоғарыдағы ойды түйіндесек, есептен шығаруға жіберілген қорғаныс құрылыстары көрсетілген талаптарды орындалған соң ғана мүмкін болады.
Қосымша: Есептен шығаруға ұсынылған қорғаныс құрылымдарының тізімдері, 1 парақта.
Азаматтық қорғаныс департаментінің
әскери және жедел әрекет жасау
бөлімдерінің директоры
