- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні
- •Әдістемелік нұсқауы
- •Эссе: «Мемлекеттік қызмет»
- •1. Тапсырма. Эссеге қарап, өз қызметіңіз жайлы жазыңыз.
- •1. Тапсырма. Өтініштің үлгісімен, түрлерімен танысыңыз.
- •2. Тапсырма. Етістіктерге берілген қосымшаны жалғап, жазыңыз.
- •3. Тапсырма. Модельге жаттығыңыз
- •6. Тапсырма. Өтініштің үлгісімен танысыңыз, бір үлгісін жазыңыз.
- •7.Тапсырма. Жоғарыда берілген сөздерді пайдалана отырып, үлгі бойынша төмендегі тақырыптарға өтініш жазыңыз
- •4. Тапсырма. Берілген тіркестерді есте сақтаңыз
- •5 . Тапсырма. «Өтініш» тақырыбына байланысты сөздік жұмысы
- •1. Тапсырма. Жоғарыда көрсетілген хаттардың жазылуын есте сақтаңыз. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескрулерді ескеріңіз.
- •2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат үлгісімен танысыңыз. Қызметтік хат
- •Қызметтік жазба
- •4. Тапсырма. Берілген термин сөздерді қолданып, өз қызметіңізге байланысты қызметтік хат, қызметтік жазба жазыңыз
- •5. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •1. Тапсырма. Үлгімен танысыңыз.
- •2. Тапсырма. Мемлекеттік мекемеге келіп түскен қызметтік хаттарды тіркеуге байланысты термин сөздерді қолдана отырып, қызметіңізге байланысты баянхат жазыңыз.
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •1. Тапсырма. Үлгімен танысыңыз. Ұсынымхат. Ұсынысхат
- •2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз.
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •4. Тапсырма. Өздеріңіз таңдаған бір мекемеге Ұсынымхат
- •Ұсынысхат
- •Сұраухат
- •1. Тапсырма. Тақырыпқа байланысты терминдерді жаттаңыз
- •2. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •Сұраухат
- •3. Тапсырма. Қызметтік хат жазу барысында төмендегі ескертулерді ескеріңіз
- •Сұраухат
- •4. Тапсырма: Терминдерді жаттаңыздар, әр терминмен сөйлем құрастырыңыздар.
- •Сұраухат
- •5. Тапсырма. Қызметтік хат жазуға қолданылатын орфографиялық ережені еске сақтаңыз
- •Сұраухат
- •6. Тапсырма. Орфографиялық ережемен танысып, қызметтік хат жазуда қолданыңыз
- •1. Тапсырма. Ережені есте сақтаңыз
- •Қолдаухат
- •1. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша қолдаухат жазыңыз
- •Мағлұмат. Ақпарат
- •1. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша мағлұмат жазыңыз
- •Ақпаратхат
- •2. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша ақпараттық жазыңыз
- •Ақпаратхат
- •3. Тапсырма. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •Растаухат
- •1. Тапсырма. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •Анықтаухат
- •Жолдаухат
- •2. Тапсырма. Берілген терминдерді қолданып, жолдаухат жазыңыз, терминдерді есте сақтаңыз
- •Түсінікхат
- •1. Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, қызметіңізге байланысты түсінікхат жазыңыз
- •1. Тапсырма. Қаулы мен қорытындының үлгісімен танысыңыз.
- •1. Тапсырма
- •Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •2. Тапсырма. Терминдермен сөйлемдер құрасытырп, эсседе қолданыңыздар
- •3. Тапсырма. Терминдерді жаттаңыздар
- •4. Тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз
- •5. Тапсырма. Төмендегі тақырыптарға қаулылар жазыңыз
- •6. Тапсырма. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз
- •Глоссарий – сөздік
Эссе: «Мемлекеттік қызмет»
Қазақстан Республикасының басқару тетіктерін жүзеге асыратын қызмет – мемлекеттік қызмет. Кеңес өкіметі тарағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан өз мемлекеттік қызмет жүйесін құрды.
1999 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталған заң негізінен үш мәселе төңірегінде құрастырылған:
– мемлекетті басқару;
– заңнамамен қамтамасыз ету;
– әлеуметтік жағдай туғызу.
Заңда белгіленген үш саланы дамыту мақсатында халықаралық тәжірибе зерттеліп, жаңа моделді мемлекеттік қызмет құрылды.
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет әр түрлі әкімшілік рәсімдер арқылы жүзеге асырылады. Аталған рәсімдердің жүзеге асырылуы әкімшілік жағынан қадағаланып отырады. Қадағаланып отыратын жұмыстардың барлығын мемлекеттік қызметші атқарады. Әрбір органның мемлекеттік қызметшілерінің лауазымды міндеттері, өкілеттігі болады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жоғары білікті, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, халықтың игілігі мен берекесіне қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің саны 100 000-ға жуық. Бірыңғай мемлекеттік саясатқа сүйенген қызмет тестілеу арқылы айлықақысы белгілі лауазымдарға конкурс жариялайды. Конкурс арқылы іріктеліп алынған мемлекеттік қызметшілер басқару, реттеу, атқарушы органдарда қызмет етеді.
Біз Сауда және индустрия министрлігінде Заң және кадр департаменті Заңгерлік басқармасының жалпы білім берудің құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі бөлімінде бас маман қызметін атқарамыз. Қызметіміз шағым, өтініштерді қарап, жауап қайтарудан тұрады. Біздің министрліктің сауда, индустрия, өнеркәсіп, инновацияны дамыту сияқты функциялары бар. Негізгі функцияларға инновация саласын дамыту жатады. Бұл бағытта Департамент сараптама жасап, қорытындылар береді. Ол қорытындылар іс барысындағы заңдарға сәйкестендіріліп құрастырылады. Сонан кейін сарапталған жобалар министрліктің басқа департаменттері арқылы іске асырылады.
Біздің қызметіміз ауқымды, жауапкершілігі мол, жан-жақты. Осы саланы өркендетуге қосып жатқан үлесім үшін қуаныштымын.
1. Тапсырма. Эссеге қарап, өз қызметіңіз жайлы жазыңыз.
Мемлекеттік қызмет тақырыбына байланысты сөздік жұмысы
– әкімшілік рәсімдер – административные процедуры
– әкімшілік қадағалау – административный надзор
– сауалнамалау – анкетирование
– тестілеу – тестирование
– сенім ахуалы – атмосфера доверия
– қостілділік – билингвизм
– ырыс-береке – благополучие
– әл-ауқат – благосостояние
– құзіреті шегінде – в пределах своей компетенции
– жоғары білікті – высококовалицированный
– қол сұқпаушылық кепілі – гарантия неприкосновенности
– мемлекеттік лауазым – государственная должность
– мемлекеттік реттеу – государственная регулирование
– мемлекеттік басқару – государственное управление
– мемлекеттік рәміздер – государственная символика
– мемлекеттік тетік – государствнный механизм
– мемлекеттік қадағалау – государственный надзор
– мемлекеттік егемендік – государственный суверенитет
– лауазымды тұлға – должностное лицо
– лауазымдық міндеттер – должностные обязанности
– лауазымдық айлықақы – должностной оклад
– лауазымдық өкілеттіктер – должностные полномочия
– игілік, қазына – достояние
– қолжетімділік – доступность
– бірыңғай мемлекеттік саясат – единая государственная политика
– біртұтас ақша өлшемі – единиая денежная единица
– іс жүргізудің бірыңғай жүйесі – единая система делопроизводства
– бірдейлендіру – идентификация
– басқару сатысы – иерархия управления
– сарапшылық институты – институт экспертизы
– бәсекелестік қабілеті – конкурентносопосбность
Іс қағаздары сөйлемдерінің ішінде келетін тыныс белгілері
Іс қағаздары ішінде қолданылатын тыныс белгілерінің атқаратын негізгі қызметі – тыңдаушыларға сөйленімнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғандығын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілері түрлері, мағыналары мен функциялары жағынан алуан түрлі.
І.Үтір. Жай сөйлемдерді бір-бірінен бөлу үшін, сөйлемдегі сөздерді немесе сөз тіркестерін бір-бірінен бөлу үшін де қолданылады. Үтірдің қолданылатын орындары:
– үтір құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп көрсету үшін қолданылады;
– үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұрады;
– үтір қаратпа сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрады;
– үтір қыстырма сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрады;
– үтір одағай сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөлу үшін қолданылады;
– үтір хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор сөзінің алдынан қойылады.
ІІ. Нүктелі үтір. Хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Нүктелі үтір аралары үтірмен бөлінген сөйлемнің күрделірек ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі (әсіресе баяндауышы) бар талдап, санамалап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады. Нүктелі үтір мағыналары жақын, ұласа айтылған сөйлемдер арасына да қойылады.
ІІІ. Қос нүкте. Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жай сөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері арасына қойылады. Бірыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейін қойылады.
ІV. Сызықша сөйлеудің белгілі бір бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де, жақындастыру, қосу үшін де, сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік қатынастарды айқындау үшін де қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, кейде дара болып келе береді. Сызықша бастауыш пен баяндауыш арасына қойылады. Өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауышты бөлу үшін қойылады.
Мұндай жерде ол қосарлы түрде қолданылады.
Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады да, соңғының жинақтауыш сөз екендігін, мағыналық жақтарынан олардың мәндестігін білдіру қызметін атқарады.
Төл сөз бен автор сөзін бір-бірінен бөліп тұрады. Мезгілдік, мекендік шаманы, шекті білдіретін сөздер арасында қолданылады. Төтелесе болған әрекеттерді білдіретін кейбір шарт мәнді құрмалас сөйлемдер мен жалғаулығы түсіріліп қалдырылған қарсы мәнді құрмалас сөйлемнің компоненттері арасында қолданылады.
2-тақырып. Іс қағаздары. Өтініш.
Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең, олар мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметінде жиі қолданылатын үлгілер. Іс қағаздарына, яғни, ресми құжаттарға: өтініш, хабарландыру, анықтама, бұйрық, шарт, қаулы, мінездеме, міндеттеме, қызметтің хаттың 29 түрі т.б. жатады.
Шартты түрде айтқанда, бұлардың ресми құжат деп аталу себебі – көбінесе бір түрде, біркелкі қалыптасқан үлгі бойынша жазылатындағы. Дегенмен олардың арасында ерекшеліктер де бар. Ондай ерекшеліктер іс қағазының кімге арналғаны, не үшін жазылғаны, жіберілетін жері және адамы, жазылғанының мазмұнына, соған орай, тілек, мақсат, қорытынды пікір, ұсыныс, талапқа байланысты болып келеді.
Мәселен, хабарландыру, қолхат, сенімхат, анықтама көбіне бір түрлі, кейде біркелкі үлгі бойынша жазылса, қызметтік хаттардың белгілі бір түріне байланысты өзіне ғана тән қалыптасқан грамматикалық үлгілері бар.
Іс қағаздарының қай түрін де сауатты жаза білу үшін мазмұнын толық, жан-жақты меңгеріп алу қажет. Өз ойындағыны рет-ретімен дамыта, қарапайым етіп бере білуге жаттықан жөн.
