- •Саяси ой-сана дамуының бастапқы кезеңдері
- •2.Азматтық қоғам идеясы және оның саяси ой тұжырымдамасына айналуы
- •3.Саяси ой тарихындағы құқықтық мемлекеттің идеясы
- •5. Антикалық кезеңдегі саяси ой-пікірлер: Платон, Аристотель, Цицерон.
- •6.Орта ғасыр мұсылман шығысындағы саяси ой – сана: Әл-Фараби, Ибн Халдун, ж.Баласағұн.
- •8. «Демократиядағы үш толқын» тұжырымдамасы (Хантингтон).
- •9. Либерализм идеологиясы – тарихы және қазіргі заманға сай болуы.
- •10. Саяси ой-пікірлер тарихындағы адам құқықтары
- •12. Фашизм идеологиясы және оның саяси тәжірибесі.
- •13.Саяси ой – сана тарихындағы билікің бөлінуі принциптері.
- •11. Консерватизм: тарихы және қазіргі заман.
- •14. Марксизм-ленинизм идеялары мемлекет пен таптық ұғымдар туралы.
- •17. Михельс-олигархиядағы темір заң туралы.
- •18. Вебердің бюрократия теориясы.
- •19. Вебердің легитимділік билігі.
- •20. Белланың постидунстриалды қоғам теориясы.
- •21. Хантингтонның мәдениеттер қақтығысы теориясы
- •23. Қазақ ойшылдарының саяси көзқарастары: Абай, ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин
- •24. «Жеті Жарғы»- қазақтың саяси-ой пікірлерінің алғашқы құжаты.
- •25. Саяси ой – сана тарихындағы басқарушы және оның сапасы
- •27. Макивелизм, мәні мен мазмұны.
- •28. Саяси ой-сана тарихы тұрғысындағы биліктің ең жақсы түрі.
- •29. Жетекші халықаралық ұйымдар: мақсаты, тапсырмасы, қызметінің негізгі бағыттары
- •30. Адам құқығы туралы алғашқы құжаттар
- •32. Саяси білімнің құрылымы мен қызметі.
- •33. Билік және оның құрылымы. Билік түрлері. Билік ресурстары.
- •34. Саяси жүйе теориясы.
- •37. Демократияны жаңаша тұжырымдаңыз
- •38. Адам құқығы: қоғам ұғымы, типологиясы
- •39. Халықаралық қатынастың негізгі теориясы.
- •40. Мемлекеттің аймақтық құрылымы, оның түрлері
- •41. Билік формасы – қоғамдағы билікті ұйымдастырудың мінездемесі ретінде
- •42. Саясат феномені. Саясатты екі түрлі түсіну.
- •43. Саясаттанудың әдісі мен әдістемелері.
- •44. Билік: ұғымы, түрлері. Билік теориясы.
- •47. Мемлекет: белгілері, сипаттамасы.
- •48. Биліктің бөліну принциптері.Мемлекеттібасқарудың үш түрі.
- •50.Құқықтық мемлекет: қалыптасу мәселелері және түрлері.
- •51. Еліміздегі азаматтық қоғам құрудың ерекшеліктері.
- •52. Саяси режим: ұғымы, типологиясы.
- •53.Саяси партиялар: түсінігі, класификациясы.
- •54. Партиялық жүйе: ұғымы, типологиясы.
- •55. Электораттың ұғымы және сайлау жүйесі.
- •56.Демократия: мәні мен анықтамасының көптүрлілігі және тарихи формалары
- •57. Қазіргі саясаттанудағы саяси модернизация мәселелері. (Тоталитарлықрежимменавторитарлықрежимгеөтуі).
- •58. Саяси мәдениет: ұғымы, типологиясы.
- •59. Тұлға – саясаттану нысаны ретінде. Саяси әлеуметтенуі.
- •60. Саяси көшбасшы: феномені, типологиясы.
- •61.Тәуелсіз Қазақстанның мемлекетінің құрылуы және оның ерекшеліктері.
- •62. ҚазСср мемлекеттік егемендігі туралы декларация және оның тарихи маңызы.
- •63. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заңы.
- •64. 1993Ж қр-ң Конституциясы және елдегі мемлекеттік билік жүйесінің мінездемесі.
- •65.1995 Жылғы коститутциялық реформа және оның негігі себептері.
- •66.1998Ж. Және 2007ж, Конституциялық түзетулер қр. Саяси өмірінің демократизацияның куәсі ретінде.
- •67. Президент және оның қр саяси жүйесіндегі орны.Негізгі қызметі
- •68. Қр парламенті: қызметі, құрылымы, қалыптасуы, жетекші органдары.
- •70. Жергілікті мемлекет билігі және қр – дағы жергілікті билеу мәселесі.
- •71. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: қызметі, құрылымы.
- •72. Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің құрылу ерекшеліктері.
- •73. Қазақстандағы патриотизм: қалыптасуы мен мазмұны
- •76. Қр мемлекеттің зайырлы мінездемесі,діни толеранттылығын жүзеге асыру
- •79. Қазақстандағы көппартиялықтың дамуы, оның негізгі кезеңдері
- •81.Жоғарғы құндылық ретіндегі қр конституциясының (1995) адам құқығы мен бостандығы туралы.
- •82.Қр азаматтарына азаматты, экономикалық, саяси және әлеуметтік құндылықтары
- •83. Қр ұлттық саясаты, негізгі бағыттары
- •84. Қазақстандағы ұлт ассамблеясы және оның ұлттық татулықты сақтаудағы саясатты сақтау.
- •86. Қр Конституциясы (1995ж) республиканың негізгі принциптері туралы.
- •87. Қр президенті елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы
- •88. ЕвразЭс, Орталық Азия шеңберіндегі қр-ң интеграциялық инициативациясы
- •89.Қазақстан -2030 президенттік стратегиясы және оның негізгі артықшылығы
- •90. «Қазақстан азаматтары жағдайының өсуі – мемлекеттік саясаттың негізі мақсаты» атты президенттің халыққа жолдауы.
42. Саясат феномені. Саясатты екі түрлі түсіну.
Саясаттану сөзі гректің «политика» және «логос» деген сөзінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағ. береді. Басқа қоғамдық ,ылымдардың ішінде саясаттың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенд, адам-ң, халық-ң тағдырымен тығыз байланысты. Саяси әлеуметтендіру тек обьектісі болып қала бермейді. Ол өз бетімен білім алуы, бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамдық бірлестіктер жұмысына қатысуы арқылы саяси білімін жоғарылатады. Нәтижесінде, азамат саяси өмірге қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен, саяси әлеуметтендіру саяси екі жақты процесс: қоғам адамды саяси әлеуметтендіреді және адам қоғамды саяси әлеуметтендіреді. Саяси субьектілердің деңгейі, әлеуметтік өрістеуі-адам санасының дамуына тығыз байланысты.
43. Саясаттанудың әдісі мен әдістемелері.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.
Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.
Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.
44. Билік: ұғымы, түрлері. Билік теориясы.
Билік дегеніміз – ерікті немесе мәжбүрлі түрде бой ұсыну. Ол біреулердің басқаларға деген әмір етуге, бұйрық жүргізуге, басқаруға деген құқығы мен мүмкіндігі. Билік екіге бөлінеді: мемлекеттік, саяси. Поляк ойшылы Вятр бойынша анықтама: кез-келген мемлекеттік билік саяси болып табылады, бірақ саяси биліктің барлығы мемлекеттік билік бола алмайды. Саяси билік – үлкен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар, ал мемлекеттік билік арнаулы жеке билік аппараттары бар биліктің нысаны. Билік теориясы.Билік – саясаттанудың негізі болып табылады. Саясаттың мазмұны, саяси институттардың қызметтері туралы түсінудің кілті деген ой қалыптастыруға болады. Саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу.Өзінің даму тарихында «билік» түсінігі өте көптеген дәлелдемелер мен теорияларды ұсынды. Аристотель, Д. Локк, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо, И. Кант, Гегель сияқты фәлсәфашылар билікке түрлі зерттеулер жасаған.Неміс әлеуметтанушысы М. Вебер билікті зерттеудің жаңа түрлерін ұсынған. Ол ғылымға «әлеуметтік әрекет» ұғымын енгізді. Оның екі кезеңі бар: индивидтің субъективті әрекет етуі және басқаға бағдар жасау. Вебердің түсінігі бойынша билік дегеніміз, әлеуметтік қатынаста ешқандай қарсылыққа қарамай, өз мүмкіншіліктеріңді пайдалану. Билік Вебер үшін бірінші орында. Одан туындайтын нәрсе – саясат және сонымен байланыстының бәрі. Осы түсінікке сүйене отырып, биліктің бірнеше элементтерін ұсынуға болады:а) билік қатынасында кемінде екі серіктестің болуы; билік субъектілердің ара қатынастары;б) санкциялар қолдану қаупімен ұштасқан, кімге билік жүргізуі керек екенін көрсететін еркі немесе билік жүргізетін бұйрығы;в) билік жүргізілетін адамдарды өз еркіңе көндіру;г) бұйрықтар, санкциялар және бағынулардың орындалу шекарасын анықтайтын қоғамдық нормалар.Билік, өз дегенін орындау үшін түрлі формада көрініс беруі мүмкін: зорлық-зомбылық, үстемдік, басқару, басшылық, бақылау және т.б. Билік жүргізу механизмін, оның ресурстарын, негіздерін биліктің көптеген теориялары түсіндіруге тырысады. Мысалы: телеологиялық, биологиялық, реляционистік, бихевиористік теориялар мен билік тұжырымдамалары.Билік түсінігінің жаңа кезеңіне жүйелік тұжырымдамалар шығады (Т. Парсонс т.б.), олар билікті әлеуметтік жүйелердің әртүрлі қызметі ретінде қарастырады. Әр биліктің өз ерекшілігі бар: мысалы, кіші, микроәлеуметтік жүйе – жанұяда, еңбек ұжымында, қызығушылығы бір топтарда – бір түрлі; экономикалық, әлеуметтік, саяси, діни орталарда – басқаша түрлі болып отыр.
45. Саяси мемлекеттік биліктің ерекшеліктері.
Мемлекеттік билік – қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.б.) болады. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады. Мемлекеттік және саяси билік ара-қатынасын мынадай формуламен көрсетуге болады: кез келген мемлекеттік билік саяси болады, бірақ кез келген мемлекеттік билік мемлекеттік болмауы мүмкін.«Мемлекет» түсінігі екі негізгі мағынада қолданылады: 1) Үлкен әлеуметтік топ ұжымы ретінде, ол – «халық», «қоғам», «ел» мағынасында айтылады;2) Басқару құрылымдарының жиынтығы ретінде, мемлекеттік аппарат, үкімет мағынасында. Саясаттануда осы екінші мағынасында қолданылады. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Мемлекеттің басқа әлеуметтік-саяси құрылымдардан ерекшелігі: 1) қоғамды басқару мен қорғауға арналған органдар жүйесінің болуы;2) мәжбүрлейтін билікке монополия;3) қоғам атынан – экономикалық, әлеуметтік және әскери-сыртқы және ішкі саясатқа құқық және жеке-меншікті жүзеге асыру;4) елге міндетті заңдар мен ережелерді шығару;5) белгіленген аймақты бөлуді ұйымдастыру билігі;6) жалпы – халықтың бюджетті қалыптастыруға елден салық жинауға және жинақ жасауға монополиялы құқық.Мемлекеттің қоғамдық белгілерінен басқа (елтаңба, ту, әнұран) өз атрибуттары бар, олар: аумақтық бөліну, ерекше өкімет аппараттары (жария билік), мемлекеттің егемендігі, ашық күш қолдану, яғни зорлықпен еріксіз көндіру, салық салу, мемлекеттің азаматы болу.Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығарушы, орындаушы және сот. Әрбір тармақтың қызметін атқаруға арналған өз құрылымдары бар, олар орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттің маңызды сипаттамасына жататындар:a) Басқару үлгісі – монарх (монархия) билік етеді немесе сайлап алынған президент (республика) басқарады;б) Ұлттық-территориялық құрылғы немесе мемлекет құрылымы. Бұл орталық және жергілікті билік органдарының маңызды аймағының ара-қатынасы. Унитарлы мемлекетте мемлекеттік территория біреу, бөлінбейді, онда ішкі мемлекеттік құрылымдар жоқ. Федерация – орталық институттардың үстемдігімен одақтық мемлекет. Конфедерация – бұл жергілікті институттар басқаратын одақтық мемлекет.Мемлекетің басты рөлі – қоғамды басқару. Оны жүзеге асыру үшін мемлекет мынандай ішкі қызметтер атқарады: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық ережелерді қамтамасыз ету, қоғамдық құрылысты қорғау, мәдениеттік, тәрбиелік, білімдік маңыздылықтарды жүзеге асыру. Елдің сыртқы қызметі – басқа елдермен саяси және экономикалық қарым - қатынас орнату.
46. Саяси жүйе: ұғымы, құрылымы.
Саяси жүйе – бұл қоғамның біртұтас жүйесінде қалыптасуын қамтамасыз ететін, саяси билік орталыктан баскарылатн институттар жиынтығы. Саяси жүйенің ен басты қызметі – баскару. Қоғамның саяси жүйесі(СЖ) деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Зерттеушілер СЖ-ң мынадай негізгі төрт бөлігін атайды : 1) саяси институттар, 2) саяси қатынастар, 3) саяси ережелер, 4) саяси мәдениет. СЖ-ң басты қызметі – қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында алакөздік, дау-дамай тудыруы мүмкін. СЖ оған жібермей, қайшылықтарды қиылыстырып, келістіріп, шиеленістерді өршітпей, өрбітпей, жан-жақты бітістіріп отырғанда ғана өз рөлін ойдағыдай атқарады.
