Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasattanu_p_1241_ninen_emtikhan_s_1201_ra_117.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

83. Қр ұлттық саясаты, негізгі бағыттары

«Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» (бұдан әрі қарай - Тұжырымдама) - бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады.

Тұжырымдама ұлттық мемлекетті қалыптастыру әрі нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.

Бұл құжат Қазақстан Республикасының байырғы қазақ жерінде құрылғандығын, мемлекеттің байырғы тұрғындары және республиканың абсолютті басым бөлігін қазақтар құрайтындығын ескеріп, елде өмір сүретін өзге этникалық топтардың мемлекетқұрушы ұлттың төңірегіне топтасуының саяси, мәдени, рухани, экономикалық, т.б. негіздерін анықтауға бағытталған.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына негізделіп дайындалды.

Қазақстанның жаңа геосаяси, геоэкономикалық жағдайда алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтумалық болмысын, әлемдік дамуда дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, елдегі демократиялық үрдістерді тереңдету бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Бұл әрі саяси және тарихи қажеттілік.

Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламаларды, заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындау үшін негіз болып табылады.

Әлемдік діндерге кірмейтін діни ағымдық ұйымдардың Қазақстанда тіркелуіне, әрекет етуіне заң арқылы жол берілмейді.

84. Қазақстандағы ұлт ассамблеясы және оның ұлттық татулықты сақтаудағы саясатты сақтау.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.Ассамблеяның негізгі міндеттері

1. этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2. халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

85. ҚР- халықаралық қатынастар субъектісі

 Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халыкаралык-кұқықтық шеңберде болады. 1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар: халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғас артықшылықтары мен құнды, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]