Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasattanu_p_1241_ninen_emtikhan_s_1201_ra_117.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

11. Консерватизм: тарихы және қазіргі заман.

Консерватизм (сақтаймын, қорғаймын)- бағдарлардың,ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік – саяси жүйелердің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Косерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Консервативті ойлау әдетте, әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болып табылады. Оның алғышарты Ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығымен 1789ж Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пайда болды. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы тоерияларды сынау.

12. Фашизм идеологиясы және оның саяси тәжірибесі.

Фашизм 1919ж Италияда пайда болған саяси ағым: І дүниежүзілік соғыстан кейін соцмалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, соның ішінде, Германияға лезде таралып, национал-социализм деп аталды. Фашизмге тәе белгілері:

  1. Демократиялық еркіндікпен күрес;

  2. Адам құқығының қатты шектелуі;

  3. Шовинизм;

  4. Расизм;

  5. Ұлтшылдық;

  6. Әскери агрессияға талпыну.

Италияда фашизм Муссолини басшылығымен 1922ж келді. Германияда қанды қырғынмен диктатура орнатқан А.Гитлер. фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталды, кейін басқа елдерде пайда болды. Герман фашизмнің аса қасіретті қылмысының бірі 6млн еуропалық еврейлерді қырғынға ұшырату болды.

13.Саяси ой – сана тарихындағы билікің бөлінуі принциптері.

Билік – саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Билік деп біреудің екіншіге өз әмірлерін жүргізіп, олардың іс-әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік. Саяси билікке заңның,мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі, бір партияның билігі, әскери топтың,диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.Саяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі. Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді. Атап айтқанда: 1. Қоғамдық сала бойынша (саяси, экономикалық, рухани, мәдени, білім, діни, әскери). 2. Қызмет ету түрлері (басқару, бақылау, күш жұмсау, жазалау, мадақтау). 3. Қарқыны мен көлемі (шексіз, шек қойылған, аумақтық, орталық, жергілікті). 4. Басқару тәртібі (қаталдық, беделдік, бюрократиялық, демократиялық). 5). Биліктің жайы (тұтас өкімділік, бір қолдан басқарушылық, үстемдік, тұрақсыз билік, сал ауру). 6 Биліктегі қатар өмір сүру (тәуелділік, тәуелсіздік, өзара тәуелділік).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]