- •Саяси ой-сана дамуының бастапқы кезеңдері
- •2.Азматтық қоғам идеясы және оның саяси ой тұжырымдамасына айналуы
- •3.Саяси ой тарихындағы құқықтық мемлекеттің идеясы
- •5. Антикалық кезеңдегі саяси ой-пікірлер: Платон, Аристотель, Цицерон.
- •6.Орта ғасыр мұсылман шығысындағы саяси ой – сана: Әл-Фараби, Ибн Халдун, ж.Баласағұн.
- •8. «Демократиядағы үш толқын» тұжырымдамасы (Хантингтон).
- •9. Либерализм идеологиясы – тарихы және қазіргі заманға сай болуы.
- •10. Саяси ой-пікірлер тарихындағы адам құқықтары
- •12. Фашизм идеологиясы және оның саяси тәжірибесі.
- •13.Саяси ой – сана тарихындағы билікің бөлінуі принциптері.
- •11. Консерватизм: тарихы және қазіргі заман.
- •14. Марксизм-ленинизм идеялары мемлекет пен таптық ұғымдар туралы.
- •17. Михельс-олигархиядағы темір заң туралы.
- •18. Вебердің бюрократия теориясы.
- •19. Вебердің легитимділік билігі.
- •20. Белланың постидунстриалды қоғам теориясы.
- •21. Хантингтонның мәдениеттер қақтығысы теориясы
- •23. Қазақ ойшылдарының саяси көзқарастары: Абай, ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин
- •24. «Жеті Жарғы»- қазақтың саяси-ой пікірлерінің алғашқы құжаты.
- •25. Саяси ой – сана тарихындағы басқарушы және оның сапасы
- •27. Макивелизм, мәні мен мазмұны.
- •28. Саяси ой-сана тарихы тұрғысындағы биліктің ең жақсы түрі.
- •29. Жетекші халықаралық ұйымдар: мақсаты, тапсырмасы, қызметінің негізгі бағыттары
- •30. Адам құқығы туралы алғашқы құжаттар
- •32. Саяси білімнің құрылымы мен қызметі.
- •33. Билік және оның құрылымы. Билік түрлері. Билік ресурстары.
- •34. Саяси жүйе теориясы.
- •37. Демократияны жаңаша тұжырымдаңыз
- •38. Адам құқығы: қоғам ұғымы, типологиясы
- •39. Халықаралық қатынастың негізгі теориясы.
- •40. Мемлекеттің аймақтық құрылымы, оның түрлері
- •41. Билік формасы – қоғамдағы билікті ұйымдастырудың мінездемесі ретінде
- •42. Саясат феномені. Саясатты екі түрлі түсіну.
- •43. Саясаттанудың әдісі мен әдістемелері.
- •44. Билік: ұғымы, түрлері. Билік теориясы.
- •47. Мемлекет: белгілері, сипаттамасы.
- •48. Биліктің бөліну принциптері.Мемлекеттібасқарудың үш түрі.
- •50.Құқықтық мемлекет: қалыптасу мәселелері және түрлері.
- •51. Еліміздегі азаматтық қоғам құрудың ерекшеліктері.
- •52. Саяси режим: ұғымы, типологиясы.
- •53.Саяси партиялар: түсінігі, класификациясы.
- •54. Партиялық жүйе: ұғымы, типологиясы.
- •55. Электораттың ұғымы және сайлау жүйесі.
- •56.Демократия: мәні мен анықтамасының көптүрлілігі және тарихи формалары
- •57. Қазіргі саясаттанудағы саяси модернизация мәселелері. (Тоталитарлықрежимменавторитарлықрежимгеөтуі).
- •58. Саяси мәдениет: ұғымы, типологиясы.
- •59. Тұлға – саясаттану нысаны ретінде. Саяси әлеуметтенуі.
- •60. Саяси көшбасшы: феномені, типологиясы.
- •61.Тәуелсіз Қазақстанның мемлекетінің құрылуы және оның ерекшеліктері.
- •62. ҚазСср мемлекеттік егемендігі туралы декларация және оның тарихи маңызы.
- •63. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заңы.
- •64. 1993Ж қр-ң Конституциясы және елдегі мемлекеттік билік жүйесінің мінездемесі.
- •65.1995 Жылғы коститутциялық реформа және оның негігі себептері.
- •66.1998Ж. Және 2007ж, Конституциялық түзетулер қр. Саяси өмірінің демократизацияның куәсі ретінде.
- •67. Президент және оның қр саяси жүйесіндегі орны.Негізгі қызметі
- •68. Қр парламенті: қызметі, құрылымы, қалыптасуы, жетекші органдары.
- •70. Жергілікті мемлекет билігі және қр – дағы жергілікті билеу мәселесі.
- •71. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: қызметі, құрылымы.
- •72. Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің құрылу ерекшеліктері.
- •73. Қазақстандағы патриотизм: қалыптасуы мен мазмұны
- •76. Қр мемлекеттің зайырлы мінездемесі,діни толеранттылығын жүзеге асыру
- •79. Қазақстандағы көппартиялықтың дамуы, оның негізгі кезеңдері
- •81.Жоғарғы құндылық ретіндегі қр конституциясының (1995) адам құқығы мен бостандығы туралы.
- •82.Қр азаматтарына азаматты, экономикалық, саяси және әлеуметтік құндылықтары
- •83. Қр ұлттық саясаты, негізгі бағыттары
- •84. Қазақстандағы ұлт ассамблеясы және оның ұлттық татулықты сақтаудағы саясатты сақтау.
- •86. Қр Конституциясы (1995ж) республиканың негізгі принциптері туралы.
- •87. Қр президенті елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы
- •88. ЕвразЭс, Орталық Азия шеңберіндегі қр-ң интеграциялық инициативациясы
- •89.Қазақстан -2030 президенттік стратегиясы және оның негізгі артықшылығы
- •90. «Қазақстан азаматтары жағдайының өсуі – мемлекеттік саясаттың негізі мақсаты» атты президенттің халыққа жолдауы.
3.Саяси ой тарихындағы құқықтық мемлекеттің идеясы
Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конститутциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұндай мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.
Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілік биік дамиды.
Құқықтық мемлекет – жеке адамның саяси заңдық құқын қорғауға жан-жақты қамтамасыз еткен мемлекеттің түрі. Мұндай жағдай қалыптасуы үшін қоғамда бірнеше шарттар орындалуы тиіс:
заң шығарушы
атқарушы, орындаушы
сот-бақылау органдары өкіметінің биліктер шын мәнінде өмір сүруі керек.
Құқықтық мемлекеттің басты белгісі – ол мемлекетте заңның ең жоғарыда тұрды. Бұл дегеніміз заңды орындау барлық адамдар үшін, барлық мемлекеттік органдар, мекемелер үшін ең басты шарт болуы керек деген сөз. Заң алдында барлық азаматтар бірдей жауап беруі қажет.
4.Саяси ой-сана тарихындағы меритократия идеясы.
Меритократия - [лат. meritus - лайықты, грек, kratos - билік] - 1958 ж. М.Янг енгізген ұғым, оның "Меритократияның пайда болуы 1870-2033" атты роман-өсиетінде бастапқыда білім жүйесін жетілдіруге арналған ұсыныстар жасау мен процесті зерттеу үшін қолданылады. Американдық әлеуметтанушы Д.Беллдің "Постиндустриалды қоғамның қалыптасуы" еңбегі жарық көргеннен кейін (1973) "меритократия" ұғымымен бюрократия мен технократияны жоюға септігін тигізетін қоғамды басқарудың жаңа принципі атала бастады. Бүгінгі күні қалыптасқан дәстүрлерге сәйкес, меритократиялық қоғам - ол әркім өз еңбегіне лайықты қажетін алатын, жеке тұлға өз талпыныстарына, қабілетіне сай жоғары өрлейтін, әлеуметтік теңсіздік орнаған, ол жеке жетістіктер критерийінің негізінде ақталатын қоғам. Мұнда қоғамды басқару түрі - "еңбегі сіңгендердің билігі" - меритократия, мемлекеттік ұйымның басында ең ақылдылар, ең іскерлер - қабілетіне қарай іріктелген игі-жақсылардың отырғандығын білдіреді. Бұл қоғамда дистрибутивті қатынастар ұраны: "Әркімге - еңбегіне қарай" дейтін меритократиялық әділеттілік қағидаттарына сүйенеді. "Еңбегі сіңген игі-жақсылар" немесе меритократия теориясын жасаушылар (М. Янг, Д.Белл) элитаризмді тек саяси демократиямен ғана емес, әлеуметтік әділеттілік идеясымен де байланыстыруға тырысады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, қазіргі қоғам лайықты өкілдерден құралған "кемелденген игі-жақсылардың" терең білімділердің үстемдігіне бара жатыр, оларға бағыну да ұят емес. Д. Беллдің игі-жақсыларды жіктеуі келесідей: 1) "текті игі-жақсылар" (аристократиялық игі-жақсылар, құлиеленушілік, феодалдық, яғни, индустриялыққа дейінгі қоғамдарға тән); 2) "бай игі-жақсылар" (индустриалды қоғамның капиталистік игі-жақсылары); 3) "білімді игі-жақсылар" (постиндустриалды қоғамға сәйкес келеді). Постиндустриалды қоғам жағдайында экономикалық қатынастар екінші орынға ысырылып, шешуші рөлде сарапшылар ойнай бастайды, яғни алдыңғы орынға "білім өндіру" процесі шығады. Осыдан келіп, үстемдік "білімді игі-жақсыларға" - қоғамдағы ең лайықты адамдарға тиесілі болуы керек деген қорытынды шығады. Д.Беллдың пікірінше, меритократия - ол "өз саласында ең мықты деп танылған", "қайран қалуға тұрарлық", бедел мен сыйға әбден лайықты адамдар.
