Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasattanu_p_1241_ninen_emtikhan_s_1201_ra_117.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

59. Тұлға – саясаттану нысаны ретінде. Саяси әлеуметтенуі.

Тұлға дегеніміз, жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты, терең жетілген адам. «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.Осыдан барып, тұлға-қоғамдық қатынастардың жемісі деген тұжырым жасалады. Екінші жағынан, әрбір тұлға өзінше ерекше, қоғамнан біршама тәуелсіз, еркін болады. Оның осындай өзгешелік қасиеттерін, қабілеттерін тұлғаның ерекшелігі деп атайды.

Құқықтық мемлекеттерде жеке тұлға өркениет пен мәдениеттің жоғары адамгершілік қасиеттердің жиынтығы және субъектісі ретінде танылады.Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі біліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, боына сіңіруге, өндеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар:

а) іс-әрекет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатадыә) қарым-қатынас, бұл – адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етедіб) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс-әрекет етуі жатады.

60. Саяси көшбасшы: феномені, типологиясы.

Көшбасшы – бойындағы даналық мінезіндегі табандылық пен беріктілік, ынталылық, көргенділік секілді жеке қасиеттерімен басқалардан ерекшеленетін адам. Мысалы: Ф.Нищии жұрттың бәрі билік жүргізе алмайды, ол тек «дарынды адамдардың» ісі, ал тобырдікі бағыну деп пайымдайды.

Саяси көшбасшы – бұл саяси процестерге жетекшілік ететін, қоғамды, саяси ұйымдарды немесе қозғалыстарды басқару функциясын жүзеге асыратын жай ғана адам емес.

Саяси ғылымда көшбасшылықтың түрлі типологиясы орын алады. Алғашқы типологиялардың бірін М.Вебер ұсынған. Вебердің пайымдауынша, көшбасшылық «бұйрық беру және ырқына көндіру». Ол көшбасшылықты үш типке бөледі:

  1. Дәстүрлі көшбасшылық. Ол салт-дәстүрлердің киелілігіне сенуге негізделген және капиталистік дәуірге дейінгі қоғамға тән.

  2. Рационалдық жария. Бар тәртіптің заңдылығына сенуге негізделген, индустриалды қоғамға тән көшбасшылық.

  3. Харизматикалық көшбасшылық. Ол көсемнің ерекше, тіпті жаратылыстан тыс қабілеттеріне, оның жеке басына табынушылыққа сенуге негізделген. Харизматикалық көшбасшыны алмастыру қиын, тіпті мүмкін емес.

61.Тәуелсіз Қазақстанның мемлекетінің құрылуы және оның ерекшеліктері.

1990 ж қазанда Қазақ  КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың  егемендігі туралы Декларация қабылдады.   1991 ж тамыз айындағы Мәскеуде өткен дүмпуден кейін, Коммунистік партия таратылып,  қоғамдық мүлік билікке берілді.   1991 ж 24 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы қабылданды.Қазақстанда 1991 жылдың тамыз-қазан айларында Президенттің жарлығымен мынадай қайта құрулар болды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1991 ж 16 қазанда – Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды. 1991 ж Жоғарғы Кеңестің таңдауымен президенттің қызмет орны бекітілді. Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1991 ж 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды. 1991 ж 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қ. Р.деп аталды. 1991 ж 16 желтоқсан күні -«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің  ішінде ең соңғы заңы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]