Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasattanu_p_1241_ninen_emtikhan_s_1201_ra_117.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

14. Марксизм-ленинизм идеялары мемлекет пен таптық ұғымдар туралы.

Марксизм-ленинизм - Маркс пен Энгельстің, кейіннен Лениннің философиялық, экономикалық және әлеуметтік саяси көзқарастары жүйесін білдіретін ұғым. "Марксизм-ленинизм" термині ғылыми айналымға XX ғасырдың жиырмасыншы жылдары жаңа жағдайларда марксизмді дамытудағы Лениннің басымдылығын айқындау мақсатында енгізілді. Содан бергі КСРО-ның құлағанына дейінгі мерзімде кеңінен қолданылып келді. Қазіргі кезде біртіндеп қолданыстан шығып қалды.Марксизм дегеніміз қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм мен коммунизмді құрып, қоғамда әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология. Бұл идеологияға негіз болған неміс ойшылы, ғалымы К.Маркстың идеясы. Оның идеясы бой/ша, «таптық қоғамда әділеттілік жоқ, байлар, капиталистер, фермерлер-қарапайым жұмысшыларға, шаруаларға қанаушылық жасайды, олардың еңбегін толық төлемейді, соның арқасында өздері байиды. Бұл жағдай әлеуметтік –экономикалық салада орын алса, ал саяси салада әділеттілік, демократия жоқ. Билік басындағылардың бәрі байлар. Халықтық сайлауға қалай бақылау қойылса да, бәрібір билікке байлар ғана келеді. Соңында қоғам олигархиядан шыға алмайды.»-деп есептейде К.Маркс. маркстың идеологиясын жүзеге асыру үшін белсенділікпен күрес жүргізген саяси топ – 1898ж Ресей соц-демок-я жұмысшылар партиясы. 1917ж қазанда Лениннің басқаруымен осы партия революция арқылы билікке келіп, бүкіл кеңес одағына маркстік идеологияны орнатты. Бірақ күшпен енгізілген идеология 70жыл бойы өз мақсатына жете алмады, себебі экономика саласындағы жеке меншіл жойылғаннан кейін қоғам тоқырауға ұшырады . Бұл саяси оқиға идеологияның бәрі бірдей сәтті бола бермейтінін дәлелдейтін бүкіл әлемдік тарихи сабақ болып саналады.

15. Саяси ой – сана тарихындағы демократия түсінігі .

Демократия тұжырымдамасы қоғамдық-саяси өмірдің күрделенуіне карай,тарихи даму процесінде өзгеше кең ауқымды мағына алады.а)ежелден келе жаткан мемл/к басқарудың монархия мен тиранга карсы түрі. Д/я-баскарудың халықтық формасы,онда халықтық жоғары билікке қол жеткізеді.б)Д/я қоғамдық-саяси өмірдің принциптері мен нормасы. Мәселен,қазіргі заман қоғамдастығы тек қана мемл/к-саяси өмір ғана емес,қоғамдық саяси белсенділік болып табылады.в)Д/я-саяси құндылық.Ш.Монтаскье үшін егер бостандық пен теңдік болса-д/я туралы айтуға болады.Ж.Ж.Руссо үшін-халықтың тәуелсіз,еркін ойын білдіре алуы. Қазіргі дем/қ мемл/ң Конституциясында адам өмірі оның құқығы мен бостандығы ең жоғарғы құндылық деп есептеледі.г)д/я-саяси көзқарас,саяси бағыт ұғымы. Сонымен дем/я деп халық билігі,теңдік,құқық,әділдік,еркіндік принциптеріне негізделген мемл/к құрылысты айтамыз.

16. «Алаш» партиясының саяси бағдарламасы.Бірінші жалпықазақ съездерінің шешіміне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы 10 баптан тұрды. Жобада атап көрсетілендей, партияның басты мақсаты Ресей федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.

  1. Мемлекеттік қалпы, яғни Ресейдің терезесі тең мемлекеттердің федеративтік одағы болу.

  2. Жергілікті бостандық.

  3. Құқық. Ресей дінге, қанға қарамай, әйел-еркек демей адам баласы тең болу.

  4. Дін ісі.

  5. Билік және сот. Әр жұртта билік пен сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы керек.

  6. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер дұрыс, ұйымдасқан болуы керек.

  7. Салық мәселесі.

  8. Жұмысшылар. Олар закон панасында болу керек.

  9. Ғылым-білім үйрету. Оқу орындарының есігі кімге де болса ашық және ақысыз болу керек.

10.Жер мәселесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]