Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasattanu_p_1241_ninen_emtikhan_s_1201_ra_117.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

47. Мемлекет: белгілері, сипаттамасы.

Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі үйымы. Ол – керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм. Мем-ң бірнеше белгілері бар: 1) аумақтық бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан уйымдасып, ру ру, тайпа тайпа болып тұратын. Қоғам таптарға бөлінгенген кейін жағдай өзгерді. Ру жағынан бөліну орнына халық аумағы б/ша бөліне бастады. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болды. 2) ерекше өкімет аппараты. Құлдық дәуірінде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күрсесі күшейді. Аз ғана құл иеленушілерге мындаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің ұстемдігін қарулы әскер, сот т/б арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған. 3) мемлекеттің егемендігі. Ол-ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымадр мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мем-ң ғана құқығы бар. 4) ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандарды еркінен айдырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар. 5) салық салу. Орасан үлкен мем-тік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын. 6) мем-ң міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Мысалы партияға, кәсіподаққа кірсең де, кірмесең де өз еркің. Ал мем-ң аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жоқ адам құқықтық жағынанқорғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мем-ң күштеу органдары жауапқа тартады.

48. Биліктің бөліну принциптері.Мемлекеттібасқарудың үш түрі.

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал, мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығару жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы дамыған түрі болып табылады.Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығарушы, орындаушы және сот.. Мемлекеттің маңызды сипаттамасына жататындар:a) Басқару үлгісі – монарх (монархия) билік етеді немесе сайлап алынған президент (республика) басқарады;б) Ұлттық-территориялық құрылғы немесе мемлекет құрылымы. Бұл орталық және жергілікті билік органдарының маңызды аймағының ара-қатынасы. Унитарлы мемлекетте мемлекеттік территория біреу, бөлінбейді, онда ішкі мемлекеттік құрылымдар жоқ. Федерация – орталық институттардың үстемдігімен одақтық мемлекет. Конфедерация – бұл жергілікті институттар басқаратын одақтық мемлекет. Мемлекетің басты рөлі – қоғамды басқару. Оны жүзеге асыру үшін мемлекет мынандай ішкі қызметтер атқарады: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық ережелерді қамтамасыз ету, қоғамдық құрылысты қорғау, мәдениеттік, тәрбиелік, білімдік маңыздылықтарды жүзеге асыру. Елдің сыртқы қызметі – басқа елдермен саяси және экономикалық қарым - қатынас орнату.

49. Азаматтық қоғамның түсінігі жəне құрылымы. «Азамат-тық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.Гоббс,Дж.Локк, Гегель, Маркс жəне т.б. ойшылдар қалыптастырған.Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адамидеясын таниды. Азаматтық қоғам – бұл олардың көмегімен жекетұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын Адам-гершілік, діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы.Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:мемлекеттік емес, əлеуметтік-экономикалық қатынастар менинституттар (меншік, еңбек, кəсіпкерлік);мемлекеттен тəуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жекефирмалар жəне т.б.);қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;саяси партиялар мен қозғалыстар;тəрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;отбасы;шіркеу жəне т.б.Азаматтық қоғамның белгілері:- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлін-

ше толық қамтамасыз етілуі;- өзін-өзі басқару;- оның құрылымдары мен адамдардың əртүрлі топтарының бə-секелестігі;- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;

- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығы-ның шын мəнінде жүзеге асырылуы;- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттікаппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);- экономиканың көпжақтылығы;- биліктің заңды жəне демократиялық сипаты;- құқықтық мемлекет;- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететінмемлекеттің күшті əлеуметтік саясаты жəне т.б.

Азаматтық қоғам – бұл адамгершілік, діни, ұлттық əлеуметтік-экономикалық,

жанұялық қатынастар мен институттардың жиынтығы, солардың көмегімен жеке

тұлғалар мен олардың топтарының мүдделері канағаттандырылады

Азаматтық қоғамның құрылымы

Мемлекеттік емес əлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар

(меншік, еңбек, кəсіпкерлік)тен тəуелсіз өндірушілердің Мемлекет (жеке фирмалар жəне т.б.) жиынтығы

Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер

Саяси партиялар мен қозғалыстар

Тəрбиелеу мен мемлекеттік емес білім аясы

Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі

Отбасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]