- •Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары.
- •Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.
- •Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.
- •Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері.
- •Тұрмыс-салт жырларына сипаттама.
- •Ойын өлеңдер. Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Балаларға арналған айтыс өлеңдер, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы айтыс өлеңдер мен жыраулар поэзиясы.
- •Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны.
- •Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздар.
- •Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.
- •Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының
- •Хіх ғасырдың і-іі жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері, оның тәрбиелік мәні.
- •Ш.Құдайбердиевтің азаматтық және табиғат лирикасы, поэмалары.
- •Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
- •Бастауышта а.Құнанбаев шығармаларының оқытылуы.
- •А.Байтұрсынов, м.Жұмабаев шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
- •Ж.Аймауытов, м.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
Батырлық эпос шығу мерзімі жағынан түркі қағанаты, оғыз-қыпшақ, ноғайлы дәуірлерімен ерекшеленеді. Батырлық жырлардың классикалық үлгілері «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбарлар» болса, тұтастану құбылысына жауап беретін «Қырымның қырық батыр» жырлары бар.«Алпамыс батыр» жырының негізгі идеясы – ру бірлігін сақтау. Сондықтан да жырда ру бірлігін көздеген, әр рудың арасында араздық, шапқыншылық емес, татулық болуын мақсат еткен адамдардың іс-әрекеті ардақталады. Кейіпкерлері - Алпамыс, Гүлбаршын, Ұлтан, Қаражан, Мыстан т.б. Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапары Гүлбаршынды іздеп шығуынан басталады. «Алпамыс батыр» жыры жас жеткіншектерге «бірлік бар жерде тірлік, елдік барын» аңғартады. Достыққа адалдық, сертке беріктік, ел мүддесін жоғары қоюшылық – жырдың кішкентай оқырманы үшін әрқашан да өнеге. Жыр ел қорғау жолында халық мүддесі үшін күресушілердің жеңетіндігін аңғарта отырып, жас ұрпақтың алдына халық үшін қызмет ету жолын таңдауды ұсынады. Жырдың өміршеңдігі де осынысында және ел бірлігін сақтау жөніндегі идеясында. «Қобыланды батыр» жырында қызылбастардың(тек бір вариантында қалмақтардың) басқыншылық, жаулық шабуылдарына қарсы қыпшақ батырларының жүргізген ерлік істері сипатталады. Қазақтағы батырлар жырының ішінде варианты көбі – «Қобыланды батыр». Қобыландының батырлығы жөнінде жыршы ақындардың бәрі де (Марабайдан басқасы) әңгімені әріден, баланың тумай тұрған кезінен, Тоқтарбай мен Аналықтың бір перзентке зар болуынан бастайды. «Қобыланды» жырындағы оқиғалар бір адамның айналасына құрылады. Жырдың негізгі тірегі - Қобыланды. Жыр ерекшелігі – бір оқиғадан екіншісін тудыра, өрістете жырлау, шегініс жасамай жырлау болып табылады. Жырдағы тіл байлығын есепке аламыз. Жыр тілінің байлығы теңеу, метафоралар жасауымен, дыбыс қайталауларымен көрінеді. Жырда Тайбурылдың шабысы өте әсерлі суреттелген. Тайбурылдың шабысы арқылы халқы үшін кек алуға аттанған батырдың тасқындаған күші, ыза-намысы берілгендігі байқалады. Мұнымен қатар Тайбурылдың шабысында халықтың ой-арманы, қиялы жатқаны да байқалады. Одан сеңгір-сеңгір таулардан бір-ақ қарғып өтетін, алысты жақын ететін, қырық күншілік жерге бір күнде жететін көлік болуды аңсаған халық қиялы көрінеді. Жырда ерте кездегі талай-талай географиялық атаулар да кездеседі. Сонымен қатар қазірде сирек аталатын өсімдіктердің аттарымен де балаларды таныстырып қалуға зор мүмкіндік береді. «Ер Тарғын» жырын фольклортанушылар ноғайлы дәуірінде туды, ол белгілі мөлшерде сол дәуірді және оның қарым-қатынастарын елестетеді дейді. «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын - бір рудың ғана емес, бүкіл ноғайлы жұртының батыры. Оған ноғайлы атанған елдің алыстығы жоқ, бәрі де жақын, тума-туыс болып көрінеді. Сондықтан ол ноғайлының бір елінен шығып, екіншісіне келеді. Тарғын басқыншы жаулардан өзінің ел-жұртының елдігін қорғауды және сол елдің бірлігін сақтауды, оған қызмет етуді мақсат етеді. Тарғынның Ақшахан әскерлеріне еріп, торғауыттарды жеңуде ерлік көрсетуі осы мақсаттан туады. Басқа жырларда басты кейіпкерлер жайы бірден айтылатын болса, бұл жағдай «Ер Тарғын» жырында жоқ. Жырдың сюжет құру, образ жасауындағы негізгі ерекшеліктің бірі де осында. Жыршы әңгімені Тарғынға байланысы жоқ жайды суреттеуден бастайды. Жырда Тарғынның бейнесі тек ел қорғау жолында жасаған ерлік істерін суреттеу арқылы ғана жасалып қоймайды. Оның батырлық тұлғасы, ерлік ісі, алып күші Тарғынның өз сөзімен де, басқа адамдардың (мәселен, Сыпыра жыраудың) сипаттауымен де беріліп отырады. Жырдың оқиғасы Тарғынның ерлік істерін суреттеу арқылы дамиды. «Қамбар батыр» жыры – қазақ еліне ерте кездің өзінде-ақ тараған жыр. Кейіпкерлері - Қамбар батыр, Назым, Алшыораз, Әзімбай, Қараман, Келмембет т.б. «Қамбар батыр» жырының басты идеясы халыққа қызмет еткен батырды, оның ерлік істерін ардақтаудан туған. Егер басқа жырларда батыр образы көбінесе бірден оның күреске, аттанысқа қатысуын суреттеу арқылы жасалса, олардан Қамбар образының елеулі бір айырмашылығы бар. Халық жыры оны еңбекші халыққа қызмет еткен еңбек ері деп көрсетеді. Бұдан халықтың ел қорғаған батырды ғана емес, еңбек адамдарын да ардақтайтындығы байқалады. Екіншіден, халық неше түрлі жыртқыш аңдарды, соның ішінде жолбарысты жеңуін Қамбардың күшті батырлығы деп бейнелейді. Жырда Қамбар образы жау адамдарының іс-әрекеті, сөзі арқылы да толықтырылып отырады. Қараман мен Келмембеттің Қамбардан сескенуі, қорқуы, одан қауіптенуі батыр образын ұлғайта түскен. Халық бейбітшілік кезінде де, басқыншы жау шабуылдаған кезде де жұрт үшін аянбай күресетін ер-азаматы Қамбардай болуын арман еткендігін білдіреді. Қандай шығарма болса да, оның негізгі мақсаты – тәрбие. Ауыз әдебиеті – халықтың ой-санасы мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектебі. Батырлық жырлар – сол мектептің маңызды құралы. Сонымен батырлық эпостың көпшілігі халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік жасау, еңбек ету идеясынан туған.
