- •Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары.
- •Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.
- •Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.
- •Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері.
- •Тұрмыс-салт жырларына сипаттама.
- •Ойын өлеңдер. Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Балаларға арналған айтыс өлеңдер, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы айтыс өлеңдер мен жыраулар поэзиясы.
- •Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны.
- •Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздар.
- •Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.
- •Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының
- •Хіх ғасырдың і-іі жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері, оның тәрбиелік мәні.
- •Ш.Құдайбердиевтің азаматтық және табиғат лирикасы, поэмалары.
- •Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
- •Бастауышта а.Құнанбаев шығармаларының оқытылуы.
- •А.Байтұрсынов, м.Жұмабаев шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
- •Ж.Аймауытов, м.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
Ертегілер, өлеңдер, мақал-мәтелдерден басқа ауыз әдебиетінде ерлік істерді дәріптейтін эпос немесе батырлар жыры бар. Халықтық шығармалардың ішінде мазмұны мол, ұзақ жырланатыны осы- батырлар жыры. Батырлар жырының оқиғасы, желісі халықтың өткен өмірін, ерлік істерін баяндайды, батырлықты, ерлікті жыр етеді. Ал батырлар образы патриоттықтың үлгісін көрсетеді. Ондағы кейіпкерлер қайтпас ер, жауына қатал, өз еліне мейірімді, ар-намысқа берік, ұстамды,өнегелі ісі бар адамдар ретінде суреттеледі. Сондықтан батырлар жырын балалар да сүйсініп оқиды. Іріктеліп алынып балалардың оқуына лайықталған эпостық жырлар ерлік істерге, табандылыққа, өділеттілікке, парасаггьиықка тәрбиелейді.
«Қобыланды батыр" жырындағы Тайбурылдың шабысы. ЪІ.Алтынсарин өзінің 1879 жылы бастырып шығарған .Киргизская хрестоматия" еңбегіне Тайбурылдың шабысын ёнгізген. Бұл ұлы ағартушының көшпелі қазақ ауылы балаларының ұғымына жеңіл тиетін, кәсібіне, мал шаруашылығына байланысты алғандығы еді. Батырлар жырындағы гиперболалық күшті суреттемелер балаларды қатты әсерлендіріп, олардың жігер-қайратын шыңдап отырады. М: "Қобыланды батыр" жырында қобыланды қазан шаhарына аттанғанда Тайбурылдьщ шабысы өте әсерлі суреттелген. Міне, "Ер қанаты- ат" дегендей қобыландының серігі, Құртканын мәпелеп, баптаған Тайбурылы осылай суреттеледі.
,Алпамыс батыр" жыры. қазақ эпосының інжу - маржаны саналытын жырпардың ішіндегі ең көнесі - Алпамыс батыр. Зерттеушілер оны УІІ - УІІІ ғ. пайда болып, тараған жыр деп есептейді. Жырдың нұсқасы қазақ, өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтарында осы уақытқа дейін сақталған. Олардың ішінде қазақ нұсқасының композициялық түзілісі мынадай: Алдымен Байбөрі бай мен Аналық бәйбішенің баласыздық зарынан әулие кезіп, азап шегуі. Ақырында тілегі қабыл болып, Алпамыстъщ, сосын қарлығаштың дүниеге келуі айтылады. Осыдан кейін Алпамыстың қалыңдығы Гүлбаршынды іздеп барып, қалмақтың ханы қараманмен шайқасы, оны жеңіп, қайын атасы Сарыбайды сол елге хан көтеріп, Гүлбаршынды алып қайтуы сөз болады ... Жырдағы кейіпкерлерді қарама - қарсы екі топқа бөлуге болады. Бірі - адалдықты, әділдікті, тыныштықты жақтайтын ұнамды кейіпкерлер, екіншісі - ел тонаушы, зорлықшыл жауыздар тобы. Жырдағы басты тұлға Алпамыс. Ол ¬елдің тыныштығын, бірлігін сақтау, жаудың шапқыншылығына, зорлық -зомбылығына жол бермеу идеясынан туған образ.
Ер Тарғын. Мұнда басқа жырлардағыдай ата - ананың бала зарын тартуы, қартайғанда перзент көруі, болашақ батырдың тез ер жетіп өсуі, қалыңдық іздеп жолға шығуы баяндалып жатпайды. Жыр Тарғынның торғауыттардың қамалын алуда ерен ерлік көрсетіп, көзге түсуінен басталады. Бір ерекшелігі ¬Тарғын мұнда өз елінің емес, туыстас Ақшахан елінің намысын қорғайды. Кейіннен ханның қызы Ақжүністі алып қашып, Еділ бойындағы ноғайлыға барады. Сөйтіп, бұл елдің де жауына (қалмақтарға) қарсы аттанып, кегін қайтарады. Бұдан ел қорғау идеясымен қатар, халықтар достығының да нышаны байқалады. Халық "Ел ушін туған батыр, ерегісте мыңға татыр" деп Тарғындай ерді айтса керек. Тарғын бейнесі осындай 'халықтық ұғымның көрінісі. Жырдағы жағымды образдың бірі - Ақжүніс. Ол ханның қызы болса да қарадан шыққан жігітті сүйеді. Онъщ ерлігін, адамгершілігін өзгеден бұрын бағалайды. Ата - анасының еркінен тыс Ер Тарғынға ілесіп, елінен қашып шығады. Кейін оған адал жар, ақылшы дос, сенімді серік болады. Жазатайым қартқожақтың қолына түскенде де ақылымен айла тауып, одан құтылады. Батыр қайда жүрсе де оның қасында болып, намысын қорғап, абыройын көтеруге күш салады. Тарғынның Тарлан аты өзге жырлардағы сияқты батырдың сүйген жары баққан тұлпар' емес, оны өсірген Тарғынның өзі. Ол батырдың қолғанаты, серігі, қамқоршысы, сырлас досы. Тарланның ғажайып тұрпаты Тарғынның "От орнындай тұяқтым" деп басталатын арнау сөзімен келісті суретгеледі.
Қамбар батыр" жырының халықтық сипаты. Қамбардың ерлік істері, еңбегі балаларды өжет іске бастайды, олардың патриоттық рухын көтереді. қамбар - тоқсан үйлі тобырды, алпыс үйлі арғынды жалғыз бағады, қайырымды істер істейді, өзінің батырлығын мақтан етпейді, сатылмайды. Жырдағы барлық оқиға тілге жеңіл тиіп отырады. қамбар жарлы - жақыбайларды аң аулап асырайды. Ол қыз Назымның көркіне де, байлығына да қызықпайды. Артында халқы барын ұмытпайды. Өз намысын қорғай білетін азамат.
