Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I блок.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆
  1. Бастауышта а.Құнанбаев шығармаларының оқытылуы.

Бастауыш сынып балаларының жанына жақын Абайдың табиғат лирикасы мен өсиеттері. Абайдың табиғат лирикалары өз алдына жеке сөз етуді міндеттейді. «Абай бейнелеген жаз бен қыс, көктем мен күз,жайлаудағы ауыл, даланың түнгі тынысы, әр түрлі кейіптегі табиғат көріністері ғана емес, адам жанының құбылыстарымен, елдің тіршілік –тынысымен тікелей байланысты өміршең суреттер» дейді ғалым Т.Ақшолақова.

Абай – табиғатқа жан бітіре, көркем де әсерлі бейнелеудің теңдесі жоқ шебері. Абайға дейін қазақта табиғаттың белгілі бір сәтін, көрінісін немесе жылдың әр мезгілін арнайы жеке өлең етіп жазу дәстүрі болмаған.Ақынның айтуынша табиғат – күллі тіршілік атаулыны құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі, Абайдың осы тақырыпқа жазылған шығармалық мазмұны қоршаған табиғаттың жанды бояуын, іңкәр сәтін кінәрәтсіз құрметпен, оның ішінде қазақтың барлық іс- әрекетін, салт-дәстүрін, мінез, ой қабілетін көрсете білгенін дәлелдеді.

Сондай туындылардың бірі – “Жазғытұры” өлеңі. Көктемнің жазға ұласар шағындағы қазақ жерінің табиғаты мен елінің тіршілігіндегі көркем де көңілді өзгерістер ғажайып суретті тілмен, құлпырған жарқын бояулармен, қуанышты көңіл күймен жырланады. Дала табиғатының әседе шат үнге, алуан түрлі құлпырған бояқтарға толы көрінісі мен қыр елінің жайдары да қуанышты абыр-дабырлы тіршілігінің ғажап салтанатын ақынның қалай суреттеп жеткізгенін сөзбен айтып беру

мүмкін емес. Масатыдай құлпырған жер, аң- құстың, адамдардың қуанышты, ата – анадай елжіреген Күн, жан – жануар, жәндіктің, ағаш пен гүлдің Анасы Жердің иіп емізуі, әкеңдей алып Аспан, Күн- күйеу,Жер-қалыңдықтың сағынышы, Жер- қалыңдықтың көңілі Күн лебіне тойғаннан соң, толысып тоты құстай түрленуі- бәрі-бәрі оқушының күз алдына үлкен алдына панорама туғызғанда, оларға Абайдың ақындық 31пафосын аңғартады. Өлеңді оқып тұрып: “Балалар, тыңдандаршы, осы өлеңде адамдардың дауысы, күлкісі естіле ме?” деп сұраймыз. Балалар қуана шу ете түседі: “Апай естіледі, кемпір – шалдың дауысы,балалардың дауысы, қозы – лақ қуған, таймен шапқан балалардың шуы,қыз – келіншектердің әдемі дауысы естіледі”. Содан соң өлеңді оқып отырып, оған көз жеткізеді де бала жаны қиялмен жазғытұрымдағы жайлауға кетеді.

Абай шығармалары 1- сыныптан бастап бастауыш сынып бағдарламасына енген. 1-2 сыныпта оқытылатын “Ғылым таппай мақтанба”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңдерінің тәрбиелік мәні ерекше. Ақын осы өлеңдері арқылы адамгершілік қасиеттерді дәріптеп, жат қылықтан жирендіріп,оқушыға үлкен ой салады. 3-4 сыныптардан оқушылар ақынның табиғат лирикаларымен, аудармасымен, қара сөзімен танысады. Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда тәрбиелік мақсатта пайдалануда педагог- ғалымдар мен психологтардың жас ерекшеліктері туралы ілімі және Абайдың жас балаларға арнаған тәрбиелік пікірлеріне сүйену іс- шаралардың нәтижелі болуының кепілі.Абай атамыз жер ортасы жасқа келгенде бірыңғай кітап оқып, өлең жазуға отырғанынан біз хабардар болдық. “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңі – осы кезеңнің алғашқы туындыларының бірі. Оқу –білімді шексіз ардақтаған ақын, жасымнан біржолата ғылым соңына түспедім деп өкінеді. Өз заманының ең оқымысты кісісі бола тұра,білгенін азырқанады. Абай, өз сөзімен айтқанда, “бұзылған заманды түзетудің” жолын іздеді. Сондағы бір сенгені жаңаша терең білім алып адамшылықты бойына мол дарытып өсер ұрпақ болады, содан көп үміт қүтті. Оның “Әсемпаз болма әрнеге” атты түрі мен мазмұны жаңа тамаша өлеңіне сол үміті арқау болған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]