- •Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары.
- •Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.
- •Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.
- •Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері.
- •Тұрмыс-салт жырларына сипаттама.
- •Ойын өлеңдер. Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Балаларға арналған айтыс өлеңдер, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы айтыс өлеңдер мен жыраулар поэзиясы.
- •Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны.
- •Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздар.
- •Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.
- •Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының
- •Хіх ғасырдың і-іі жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері, оның тәрбиелік мәні.
- •Ш.Құдайбердиевтің азаматтық және табиғат лирикасы, поэмалары.
- •Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
- •Бастауышта а.Құнанбаев шығармаларының оқытылуы.
- •А.Байтұрсынов, м.Жұмабаев шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
- •Ж.Аймауытов, м.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
Балаларға арналған айтыс өлеңдер, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы айтыс өлеңдер мен жыраулар поэзиясы.
Айтыс-халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Ауыз әдебиетінің ең бір мол жанры ретінде ХІХ ғ ортасынан бері қарай кезеңде жазылып, жарық көріп, таныла бастайды. аса бағалы айтыс түрлерін жазып алған Радлов. ХІХ ғ. өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Орынбай, Сүйінбай, Біржан, Сара, Кемпірбай, Мұрат т.б. Айтыста анықтық, көркемдік, сұлулық, дәлділік, тапқырлық, үздік теңеулер, эпитеттер орын алған. Маңыздылығы:бар салмағы да, түйініде сол ақындар дәуірінің өмір шындығы. Тәрбиелік мәні: оқушыларды тапқырлыққа, сөз қадірін ұғануға, өзге елдің тарихында аз кездесетін бұл жанрды,ата дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға, дәріптейді. Айтыс дегеніміз екі ақынның арасындағы сөз жарысы. Айтыстың бірнеше түрі болады. Олар: қыз бен жігіт, жұмбақ, тұрмыс-салт, ақындар айтысы. Бастауыш сынып оқулығында ақындар айтысынан Шөже мен Орынбайдың айтысы берілген. Шөже атығай-қарауыл елін аралап жүргенде, жұрт айтыстыру үшін Орынбай ақынды Шөженің үстіне алып кіреді. Екі көзі бірдей суқараңғы Шөже Орынбайдың келгенін сезіп, сөз бастайды.
Шөже: Алыстан ат терлетіп Шөже келді, Атығай-қарауылды кезе келді.
Орынбай, атыңды естіп, көрмеп едім,
Берейін сөз сөйлесең кезегіңді.
Орынбай: Келіп ем сәлем бере, Шөже дарқан,
Кезіңе тап болдым ғой тартқан қартаң.
Жеңілу, жеңу-дағы оңай емес,
Айтыссақ, боламыз ғой әуре-сарсаң.
Шөже: Орынбай, сен де шешен, мен де шешен,
Басып айт, тосып айтпай мені жеңсең.
"Соқырдың шеңгеліне түспе" деген,
Бір түссең, құтылмайсың аман-есен.
Орынбай: Дегенде дауыл соқты, тына қалды,
Алтынды тастан өлшеп сынап алды.
Кемтарсың, жасың үлкен - аяймын ғой,
Әйтпесе, берер едім сыбағаңды.
Шөже: Орынбай, мен сезімтал, сен көреген,
Сонда сен сыбағама не берер ең?
Бірін бер екі көздің, мені аясаң,
Бір басқа жалғыз көз де жетер деген!
Сапарғали мен Нұржанның айтысы бастауыш сыныпта берілген.
Сапарғали: Мен көрдім неше жүйрік даналарды,
Байқауға ойладың ба шамаларды?
Жұмбағыма қайтарса дұрыс жауап,
Біз де сынап қарайық балаларды.
Нұржаным, білдіретін сізге тағы,
Құс көрдім өзі жансыз бір аяғы.
Теңізде салған жолы сайрап жатыр,
Байыппен ойлап тапшы мұны дағы.
Нұржан: Сапаке, айтқаныңды қазір табам,
Жансыз құс бір аяқты, мұның - қалам.
Теңіз мысал - қағаз ғой, жолың жазу,
Жұмбағың осыменен болсын тамам.
Сапарғали: Бір үйде бар әйнегі жоқ һәм есігі,
Ішінде құдай берген бар несібі.
Болады бірде жанды, бірде жансыз,
Білмесе Хақ тағала жоқ кәсібі.
Нұржан: Демеймін бұл сөзіңді бос болады,
Жұмбақты шешсем көңілім хош болады.
Жұмыртқа - әйнегі жоқ һәм есігі,
Әуелі жансыз, кейін құс болады. Бастауыш сыныпта жыраулар поэзясынан Бұқар жырау кездеседі. Бұқар жырау-Абылай хан заманында өмір сүрген ақын.
"... Өз ағасын сыйла сайласа,
Азамат есмей немене?
Өз інісін аяса,
Озат емей немене?
Қамшылаумен жүгірсе,
Шабан емей немене?
Айтқаныңды білмесе,
Жаман емей немене?
Қалағаныңды бермеген,
Сараң емей немене?.." - деген өлең жолдары жақсы және жаман қасиеттердің ара жігін ажыратып түсіндірген. Өлеңді оқу арқылы кішкентай бүлдіршіндерге жақсы қасиеттерге бағыт бағдар береміз.
