Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I блок.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆
  1. Ж.Аймауытов, м.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.

Ж.Аймауытов (1889 - 1931) драмашы, аудармашы, зерттеуші, публицист. Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. Жүсіпбек өзінің қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді. Ол В.Шекспир, В.Гюго, А.Пушкин, А.ТолстоЙ шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетикалық тәрбие туралы зерттеулер тудырды, сан алуан публицистикалық мақалалар жазды: .Қарткожа", .Күнікейдің жазығы", .Шернияз", "Ел қорғаны", ;,Мансапқорлар" пьесалары, .Комплскстіокыту жолдары", "Жан жүйесі", "Өнер таңдау" еңбектері қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.

Ж.Аймауытұлының педагогика ғылымындағы елеулі еңбектерінің бірі – «Тәрбиеге жетекші» / 1924/. Ағартушы-психолог бұл еңбегінде педагогика саласының алуан қырын, әсіресе, дидактика туралы: «... Баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын дұрыс жүйесін» көрсетеді. Ал, тәрбие тақырыбы әр қырынан алып қарастыратын еңбектерінің бірі – «Психология» кітабы /12 бөлімнен тұрады/. Еңбектің әр бөлімі адам дүниетанымының иірімдеріне терең бойлап, оған әсер етуші факторлар, эмоция мен сезім күші, айнала-әлемдегі заттар мен құбылыстар сыры, ой мен сөз, ес пен елес т.т. мәселелер нақтылы деректерімен ден қойғызады.

М.Дулатов (1885 - 1935). Жазушы, ақын драматург, қоғам қайраткері.

Торғай болысының қызбел атырабында дүниеге келген. Ерте жетім қалған, екі жаста шешеден, он екі жаста әкеден айырылған Міржақыптың бүкіл өмірі жоқшылықпен, азаппен, әділтсіздікпен күресумен өтеді. Міржақыптың атын қазақ арасына кеңінен таратқан "Оян қазақ" еңбегі. Бұдан кейін "Терме" (1913), "Азамат" (1915) жинақтары жарық көрді. Прозадағы атышулы шығырмасы .Бакытсыз Жамал" романы 191 О жылы қазанда басылды.

Осы тұрғыдан «Оян қазақ» атты туындысының орны бөлек. Ұстазы Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да Байтұрсынов сияқтығ оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берді. Бұл айтылғандарды оның «Мұғалімдерге» атты мақаласынан (1915), «Қирағат» кітабына жазған алғы сөзінен жақсы байқауға болады: «... балаларды,- дейді ол, - оқыту өз алдына бір ғылым. Ғылым – педагогика... Мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту... Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды... Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін сездіруге қалай үйретпек керек? Баланы оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін жадында ретті һәм толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіруі керек.»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]