- •Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары.
- •Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.
- •Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.
- •Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері.
- •Тұрмыс-салт жырларына сипаттама.
- •Ойын өлеңдер. Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Балаларға арналған айтыс өлеңдер, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы айтыс өлеңдер мен жыраулар поэзиясы.
- •Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны.
- •Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздар.
- •Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.
- •Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының
- •Хіх ғасырдың і-іі жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері, оның тәрбиелік мәні.
- •Ш.Құдайбердиевтің азаматтық және табиғат лирикасы, поэмалары.
- •Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
- •Бастауышта а.Құнанбаев шығармаларының оқытылуы.
- •А.Байтұрсынов, м.Жұмабаев шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
- •Ж.Аймауытов, м.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының
тарихи сипаты, тәрбиелік мәні.
Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Бұқар жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Асан қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, карақалпақ халықтарында да сақталган. Асан қайғы жырау. ХУ ғасырдағы қазақ ақын - жырауларының көрнекті көш басшысы Асан қайғы Сәбитұлы. Оның өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген ақылгөй, қамқоршы болғандығы байқалады. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған Шоқан Уалиханов "Көшпелілер философы" атаған Асан өз заманының улкен ойшылы болған. Ел қамын көп ойлап, көп толғанған қарт жырау өзінің толғау жырларында не жақсы, не жаман, не ғаріп деген мәселелер төңірегінде ой толғап, замана жайында философиялық пікірлерің сарапқа салады. Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, «халыққа ыңғайлы, уайым-қайғысы жоқ, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» Жерұйықты» іздеп желмаямен қазақ жерін аралайды. Талай жақсы жерлерді де, шөл даланы да көреді, бәріне тиісті бағасын береді. Бірақ «Жерұйықты» таба алмай қайғырады. Содан ел оны «Асан Қайғы» деп атаған. Жырау халық мақалында айтылатын .Лындаушысыз сөз ғаріп", «Замацдассыз қария ғаріп", "қаз, үйрексіз көл ғаріп" деген ой пікірлерді термелей келеді де:
Муритін тауып алмаса Өз қолында болмаса
Азғын болса пір ғаріп... қанша жақсы болса да
Ата жұрты бұқара қайратты туған ер ғаріп, -
деп ел басқарар көсемнің азғын болмай, әділ болуын, қол бастаған батырдың соңынан ертер сарбазы - қалың қолы - халқы болуын қалайды. Олардың халықтан қол узбеуін, көпке арқа сүйеуі керектігін айта келе:
Арғымаққа міндім деп, Fылымым жұрттан асты деп,
Артқы топтпн адаспа. Кеңессіз сөз бастама.
Күнінде өзім болдым деп, Жеңемін деп біреуді
Кең пейілге таласпа. Өтірік сөзбен қостама, -
деп "Ұлық болсаң, кішік бол", .Көптен қол узбе, асып, таспа, көпке топырақ шашпа, қандай іс қылсаң да көппен кеңес" деген пікірді уағыздайды. Ел қорғаушы азаматтың бойында қандай адамгершілік қасиеттің болуын қалаған Асан қайғы:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкім менен ұрыспа, Алдына келіп қалған соң,
Жолдасыңа жау тисе, қол қусырып барған соң,
Жаныңды аяп тұрыспа. Аса кеш те, қоя бер
Ердің құны болса да, Бұрынғыны қуыспа, -
деп көпшіл бол, кешірімді бол, достықты бағалай біл деген үгіт, насихат айтады. Жатса - тұрса халық қамын жеген, халықты берекелі бірлікке,
достыққа шақырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшылап өткен Асан қайғы жырау:
Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатқан сөз
Ой түбінде жатады... Шер толқытса шығады, -
деп көңілдегі көрікті ойдың адам сезімімен, көңіл - күймен байланысты туатынына философиялық топшылау жасайды. Халық қамын жеуді, әзәзілдің сөзіне ермеуді, құлқынның құлы болмауды адамгершіліктің үлкен парызы деп ұққан жырау:
... Адам әзіз айтар деп Нәпсі алдаушы душпанның
Көңіліңді салмағыл. Насихатын алмағыл, -
деп .Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Көпке қызмет ет, халық қамын ойлар азамат бол" деген ұлағатты өсиетті насихаттайды. "Ел қамын жеуші ақылды азаматты қарадан шықса да қадірле". "Кісіге қарап сөзін алма, сөзіне қарап өзін ал" деп ақыл айтады. Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа.
Ашу - дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!.. өлең арқылы жырау балалрды, халықты бірлікке,татулыққа,ынтымықтастыққа,достыққа шақырады. Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер.ХҮІІІ ғасырда Қазақстанда ағартушылық ой-пікірдің дамуында өзіндік із қалдырған, ақын-жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі Бұқар-жырау Қалқаманұлы. Батырлар жанұясында дүниеге келген. Абылай ханның кеңесшісі, ақылшыларының бірі болды. Абылайдың ел басқарған кезеңі әртүрлі өте күрделі және қарама-қайшылық жағдайлармен сипатталады. Осы қиын жағдай, Абылай ханның саясатының екіжақтылық сипаты Бұқар жырау шығармашылығында өзіндік бейнеленді. Өзінің ұзақ ғұмырында Бұқар жырау халқының көрген көптеген қиындықты өз көзімен көре білді. Сондықтан да оның шығармашылығында өзекті тақырыптар ретінде елдің бірлігі, бейбіт өмірі, өз отанына деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін қорғай білу, тәлім-тәрбиелік, өскелең ұрпақ тәрбиесіне толғауларында ерекшке мән береді.Ру арасындағы тартыс жағдайында Бұқар жырау адамдарды біріктіруге, ынтымақтыққа шақырудан шаршамайды, «бұрынғы өшпенділікті ұмытып, адамдар өзара достасудың» қажеттігін, «жау әруақытта да бізді айналып өтсін», «сіздер бір туған анадан қандас бауырларсыңдар»,-деп руларға, тайпаларға ықпал етуге ұмтылды.
Бұқар жырау Абылай ханның саясатына, оның қазақ рулары мен көрші елдер мен қарым-қатынасына еркін араласа білді. Бұқар Жырау Абылау туралы өлеңдерінде ең алдымен оның жауларымен қарсы күрестегі ерлік істерін дәріптейді. Ол қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсаған. Сондықтан Абылайды осы арманды жүзеге асырушы деп есептеп, хандық үкіметтің берік болуы 'жолында бар ақылкеңесін аямайды. Ол Абылай . ханның халқы алдындағы рөлін дұрыс бағалайды.
Жан біткен еріп соңынан Жусатып тағы өргізіп,
Он сан алаш баласын, Жұмсап бір тұрсаң қолыннан-
Аузыңа құдай қаратып,
деп, жетім мен жесірге ешбір жамандық қылмадьщ, елдің келешегі бірлікте, бейбіт өмір сүруде, көрші елдермен достық қарым- қатынас жасауда да көрегендік көрсеттің дейді.
Жыраудың өлеңдерінде ел берекесі, халық мүддесі көп сөз болады. М:
"Тілек" атты өлеңінде шапқыншылыққа ұшырап, қыздың күң, ұлдың құл болуынан, алған жардың жесір қалуынан құдай сақтасын деген тілек білдіреді.
Хан мен халықтың арасын жалғастырып, кейде асып-тасып кететін
Абылайға ақыл айтып, кеңес берген Бұқар:
Ханның жақсы болмағы Алтыннан болар белдігі.
қарашының елдігі, Жақсы жігіт ұл туса
Қарашы халық сыйласа Патшадан болмас кемдігі,-
деп ханның ісі халықпен, жақсы туса елдің ырысы, ақылды басшы халықтан
қол үзбеуі керек дегенді жетесіне жеткізе айтады. .
Бұқардың көптеген жырлары отбасылық қарым- қатынас, адамгершілік мәселелеріне арналған. Ол адам өмірінің әр кезеңін суреттей келе, ақыл мен қажыр тасыған жастық шаққа ерекше тоқталады:
Күлдір- күлдір кісінетіп,
Сұлуды құшқан жиырма бес
Күреңді мінген жиырма бес
Іздесең де табылмас,-
Күрек тісін қасқайтып,
Бұқар жырау жақсы мен жамандық туралы, адамгершілік қасиетті, шынайы достық пен қастықты салыстыра келіп, жырау жастарды тәлімдік-тәрбиелік мәні бар қасиеттерді жастардың бойына сіңіруге ақыл-кеңес береді:
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
Дос болғанмен хан болмас,
Екі жақсы дос болмас,
Дос болса, түбі бос болмас, - деп адамгершілік, ізгілік қасиеттерді жастардың арасында кеңінен насихаттайды.
Бұқар жыраудың шығармашылығында қарама-қайшылықтар мен керітартпа көзқарастар аз емес. Егер де ол кейбір жағдайда уақыттың және халықтың қажеттігіне байланысты елді бірлікке шақырса, сонымен қатар кейбір өлеңдерінде хан, сарай мүддесінен асып кете алмайды. Ханға берілгендік, оның мүддесін көздеу, феодалдық талаптарды, ислам дінінің ұстанымдары Бұқар жырау поэзиясына тарихи шектеушілік із қалдырады. Кейбір өлеңдерімен толғауларында ханға, жекеленген ықпалды феодалдарға табыну, әлсіз руларды, әлді көпшілік руларға бағынуды насихаттайды. Мәселен, Абылайға тәуелді, бағынышты керейлер сияқты рулардың ханның өктемдігі мен қысымына шыдай алмай басқа жаққа көшу туралы шешім алуына Бұқар жырау ханды жақтап, «Керей қайда барасың?» атты өлеңінде туған жеріңен қайда көшіп барасың, егер де Абылайдың қойған шартын орындамасаңдар мен сендердің бітіспейтін жауларың болам,- деп хан атынан сөйлейді.Жыраудың көптеген афоризмдері мен өрнекті өлең жолдары халықтың арасында кеңінен тарағаны белгілі, олар мақал-мәтелдерге айналғанын аңғару қиын емес.
Бұқар жыраудың:
Жақсының аты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді, - деген аталы нақыл-афоризмге айналған сөздерінің күні бүгінге дейін халқымыздың арасында кеңінен таралғандығы, оның мақал-мәтелдерге айналғандығын білеміз. Оның нақыл сөздері мен шешендік өнерін ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануға болады.
