Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I блок.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆
  1. Тұрмыс-салт жырларына сипаттама.

Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.

Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту,көңіл айту, жоқтау),өтірік өлеңдер, т.б.Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Бекмұрат Уақатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.

  1. Ойын өлеңдер. Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.

Қай халықтың болмасын балалар ойындарының композициялық құрылысына назар аударсақ., олардың басым көпшiлiгiнiң өлеңмен өрнектелiп келетiнiн байқау қиын емес. Халық ойындарының алғашқы және соңғы академиялық жинағында В.Всевольдский-Гернгросс мұндай ойындарды «өрнектi ойындар» (орнаментальные игры) деп топтастырады.  Ғұрып (обрядовая) жырларындағы ойын өлеңдер табиғатын тереңiрек қарастырған Ю.Г.Круглов: «ойын өлеңдердiң негiзгi белгiсi олардың орындалуының ойындық шартты әрекеттерiмен мiндеттi түрде қабысып келуiнде. Өлеңдер ойыннан тыс өмiр сүре алмайды, текстер ойыннан ажыраса мәнiн жоғалтады. Ойын өлеңдердiң басқа шығармалардан басты айырмашылығы осында» , – деп анықтайды.  Ойын арасында келетiн өлеңдер көбiнесе диалог түрiнде келiп, хормен айтылады. Оның айқын үлгiсi қазақ балалары арасында ең көп тараған «Айгөлек» ойынынан көрiнедi. Ойыншылар екi топқа бөлiнiп, әрбiр топ аралары 20-30 қадамдай аралықта бiр-бiрлерiне қарама-қарсы қарап, қол ұстасып тұрады. Ойынды бастайтын топ хормен: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзi дөңгелек. Ақ терек пен көк терек, Шауып алдым бәйтерек, Бiзден сiзге кiм керек? – деп әндетедi. Екiншi топтың ойыншылары да хормен : Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзi дөңгелек. Қанжығадан қан керек, Тебiнгiден тер керек. Ақ терек пен көк терек, Шауып алдым бәйтерек, Анау тұрған пәленнiң Қақ басы керек, – деп өздерi таңдаған баланың атын өлеңге қосып айтады. Аты аталған бала жүгiрген күйi барып, қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзiп өту керек. Егер үзiп өтсе сол балалардың бiрiн өзiмен бiрге алып кетедi, үзе алмаса, өзi сол топта қалады. Мазақтама(дразнилки). 6-12 жас аралығындағы балалар бір-біріне ат қойып, айдар тағуға, кез-келген жағдайда бір-бірін келемеждеуге ыңғай тұрады. Және ол келемеждерін көбінесе өлең жолдары арқылы білдіреді. Балалар мазақтамаларының мазмұны, тақырып объектiсi жағынан: 1. Балалар атына ұйқастырылған (рифмованные прозвища) мазақтамалар. 2. Бала бойындағы, мiнезi мен әрекетiндегi түрлi кемшiлiктердi күлкi етуге арналған сайқымазақ мазақтамалар, – деп екi жiкке бөлiп қарастыруға болады. Бiрiншi топтағы мазақтамаларда, әдетте, кез-келген баланың аты алынады да соған ұйқастырылып мазақтау өлеңi шығарылады. Олардың iшiнде, Пәленше, жақсы баласың, Айтқан тiлдi аласың, Айтқан тiлдi алмасаң, Арам қатып қаласың. Немесе: Пәлен – батыр, Жолда жатыр, Түйе теуiп, Iшi кеуiп, Өлгелi жатыр, – деген сияқты қалаған атты қосып айта беруге болатын жалпы мазақтамалар да болады. Екiншi топтағы мазақтамалар кiсi атына байланысты емес, ол бала бойындағы, мiнез-құлқындағы түрлi кемiстiктердi күлкiге айналдырады. Мысалы, тiлi мүкiс, тiсi кетiк, басы таз балалар, өз құрбыларына қарағанда әлсiз, жасық, әдепсiз, iске орашолақ балалар осы топтағы мазақтамалардың негiзгi нысанасы. Мысалы: «Р»-ды айта алмайтын баланы: Сақау, сақау, сақылдақ, Сен сақауға не қылдық? Қарағайдың бұтағы, Қай тiсiңдi бұтады? «Бар» дегендi «бай» дейсiң, «Нар» дегендi «най» дейсiң, «Р»-ды кiмдер жұтады, – деп мазақтаса, әдепсiз баланы: Ерiнiңдi шығарсаң, елiк бол, Ендiгi айда желiк бол. Ерiнiңдi кесiп ал, Бармағыңды отқа сал, Басыңды да қалай ғой, Майы шықса жалай ғой, – деп келеке етедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]