Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I блок.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆
  1. Ш.Құдайбердиевтің азаматтық және табиғат лирикасы, поэмалары.

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.

Шәкәрімнің азаматтық лирикасының ауқымы өте кең. Негізінен адам, хал, қоғам сияқты қадау-қадау категория-ларды нысана еткенімен, ол ондағы тарам-тарам тақырыптардың барлығына дерлік тиянақты зер салып отырды. Оның адамгершілік, имандылық туралы ойлары ақынның азаматтық үнін, гуманистік сипатын танытты, Бұл қатарда Шәкәрімнің "Ескіден қалған сөз теріп", "Насихат", "Мұтылғанның өмірі" атты өлендерді айтуға болады. Адалдық пен әділдікті жырлауға келгенде Шәкәрімнің даусы аса зор. Ол өз замандастарының бойындағы кеселдерге жиіркене қарайды.

Адалдың жолы болар заман бар ма,

Жем болдық шын жексұрын надандарға.

Адастың деп отырмын айқай салып,

Бар тапқаным сол болды амал бар ма?-дейді.Әдетте Шәкәрімнің азаматтық лирикасына көз жібергенде оның өлеңдерінде "қазақ" деген сөздің жиі кездесетіні байқалады. Бұл ақынның өз халқының шеңберінде ғана шектелгенін білдірмесе керек. Абай тәрізді Шәкәрім де өз халқының мақсат-мұратын бүкіл адамзат арманынан бөлек алып қарамайды. "Ойласаң, барша адамзат - туған бауыр" деп ұққан ақын өзінің "Анадан алғаш туғанымда" атты философияға толы өлеңінде: Өзімшіл болма көпті ардақта, Адамның бәрі - өз халқың, - деп туған жұртына өнеге ұсынады.Ақын ойларының дәлдігі, Шәкәрім жүрегінің сезімталдығы мен көрегендігі оның шығармаларын бүгінгі күнмен де үндестіріп, олардың өміршеңдігін танытып жатыр. Шәкәрімнің өз заманында айтқан терең ойларымен сырлы сөздері дәл қазір өмірге келгендей сезілетіні бар.Мәселен, ақынның "Епті тышқан" атты өлеңіндегі мына жолдарды бүгінгі күннің шындығынан алшақ жатыр дей аламыз ба?

Ойласам, сол тышқандай бұзыктар көп,

Сырты сопы, іші арам қылықтар көп.

Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,

Адалымсып жүретін ұлыктар көп.Еңбек тақырыбы - Шәкәрім лирикасындағы ең басты тақырыптардың бірі. Қоғам дамуындағы еңбектің ролі туралы Шәкәрімнің алдында өткен ағартушылардың барлығы айтқан. Шоқан, Ыбырай, Абай, өнегелерін бойына сіңірген Шәкәрім де еңбекті адам қасиеттерінің ең тұлғалысы деп білді. Шәкәрім әлеуметтік прогреске жетудің екі жолы бар, оның бірі сауатсыздықты жойып, адамдардың оқуға, білім мен ғылымға ұмтылуы, ал екіншісі адал еңбек ету жолы деп таныды. "Адамдық борышың", "Жолама, қулар, маңайға", "Піскен мен шикі" сияқты көптеген шығармаларында ақын оның бүкіл адамзат баласының дамуындағы биік ролі мен тарихи маңызына зер салды. Адам болғаннан кейінгі ең басты борышың еңбек ету деп түсіндірді.Мысал үлгісінде жазылған "Піскен мен шикі" өлеңінде анда жүріп елден көз жазып қалған бай баласы мен кедей баласының іс-әрекеттеріндегі, қабілеттеріндегі жер мен көктей айырманы ашып көрсетеді. Үлде мен бүлдеге оранып, қиындық пен таршылықтың не екенін білмей өскен бай баласы күнделікті тіршіліктің тауқыметінде шыңдалып піскен серігінің тапқырлығының арқасында ғана елді табады. Шәкәрімнің ұғымында бай баласы шикі де, кедей баласы піскен. Ақын талаптанып еңбек еткен жан ғана ақылды әрі тапқыр болады, өмірге бейім келеді деген ой тұжырымын ұсынады.Ақын шығармашылығының бүкіл өн бойына өзек болып тартылған еңбек тақырыбы Шәкәрімнің пайымдауынша, барлық жаман әдеттерден арылудың жалғыз жолы, адамзат баласының алға жылжуының кілті.Ақ жүрек пен таза ақыл,

Қылсаң адал еңбек.

Бәрінен де сол мақұл,

Артқыға жол бермек.

Арсыздардың арам ойы түкке тұрмай жойылып,

Аяғында хақиұатты бұл үшеуі жеңбек.Шәкәрімнің "Мен кетемін" деп аталатын өлеңінен келтірілген бұл жолдар ақынның еңбек тақырыбына, жалпы еңбек мәселесінің адамның өміріндегі маңызына қаншалықты ден қойғанын, қандай мұрат ұстағанын айқын аңғартып тұрған жоқ па? Бұл өлеңнен Шәкәрімнің лирикалық мұрасына тән формалық жаңалық та бой көрсетеді. Ақын өзінің жас кезінде жазған алғашқы жырларынан бастап-ақ осындай жаңашылдық қасиет танытқан болатын. Шығыстың дәстүрлі поэзиясынан хабарының және өлең әлеміне, ауыз әдебиетінің үздік үрдістеріне білімдарлықпен зер сала білудің арқасында Шәкәрім айрықша үлгідегі жауһар жырлар тудырды. Формалық жаңалығы айқын байқалатын өлендер қатарына ақынның  "Қалжыңшыл қылжақпас", "Достыңыз зор", "Өлген көңіл, ындынсыз өмір", "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" сияқты туындыларын жатқызуға болады. Бұл шығармаларда сыңғырлаған үйлесім, ішкі ұйқас, сөздер үндестігі, дыбыстар саздылығы мен тілдік бояу-өрнектердің қанықтығы айрықша сезіледі. Сонымен қатар ақын айтар ойын образды түрде жеткізуде де шеберлік танытады. Мәселен, "Өлген көңіл, ындынсыз өмір" өлеңінде кездесетін:Көшейін деп қыбыллап,

Ел қыстаудан козғалды,

Жаралы жүрек жыбырлап,

Жазылмай жалғыз сол қалды, - деген жолдарды оқығанда данышпан Абайдың әйгілі Татьянасының басындағы жағдайға орай айтқан:Жас жүрек жайып саусағын,Талпынған шығар айға алыс,- деген сөздері еріксіз ойға оралады. Бұл арада "Жаралы жүрек жыбырлап" деген жаңа тіркес арқылы өлеңнің мәндік бояуы, әсерлілік жағы, ішкі динамикасы шырқау биікке көтерілген. Ақын мұнда халық әдебиетінің бейнелі образдары мен сөз өрнектерін дамытып, өзіндік өлшемін ұсынады.Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туындады. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. «Әділ-Мәрия» атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeлеңетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен дала- ның күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]