Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I блок.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆
  1. Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.

Жиделі-Байсын деген жерде, елі Қоңырат Байбөрі деген бір бай адам болады. Оның Құлтай дейтін ағасында да, өзінде де бала болмайды. Сол Құлтайдың күңінен туған бір баланы асырап, өзіне бала етеді. Атын Ұлтан қояды. Ол өсе келе екеуіне де қорлық көрсете бастайды. Оған шыдай алмаған Байбөрі әйелі Аналық екеуі мал-мүлкінен безіп, тәңірден бала тілеп, әулиелердің моласына түнейді. Ақыры, олар Баба Түкті Шашты Әзиздің шапқатымен балалы болып, ұлының атын Алпамыс, қызының атын Қарлығаш қояды.Шекті еліндегі досы Сарыбайдың әйелі қыз тауып, атын Гүлбаршын қояды. Байбөрі Сарыбайға құда түседі. Бірақ кейін Сарыбайға «Алпамыс жалғыз, өле қалса әмеңгері Ұлтан құлға қызым қор болады-ау» деген ой келеді де, өзінің шектілерімен қалмақтың еліне көшіп кетеді. Алпамыс өскен соң бұл жайтты бір кемпірден естиді де, көп жылқысының ішінен Шұбар дөненді ұстап мініп, қалыңдығын алып келуге қалмаққа аттанады.Гүлбаршынды іздеп келе жатып, тастағы бір жазуға кез келіп, Сарыбайдың көшіп келген қалмақ елінде Қараман атты ханы Гүлбаршынды зорлап алмақ болып жатқанын біледі. Мұны жазған Гүлбаршын болады. Алпамыс қалмақтармен келе соғыс ашады. Оған шекті елінің адамдары көмектеседі. Бұл хабар Қараманға жетеді. Қараман Алпамыспен өзі соғысып, оның қолынан қаза табады. Басқаларын да Алпамыс жеңіп, Сарыбайдың ауылына келіп, дәстүр бойынша тойдан кейін Гүлбаршынға үйленеді. Атасы Сарыбайды қалмақ еліне хан қояды да, Баршынды алып, өз еліне қайтады.Алпамыс Гүлбаршынды алуға кеткенде, қалмақтың Тайшық ханы Байбөрінің жылқысын алып кеткен екен, әкесі Алпамыстың алдынан шығып, малының жау алғанын айтып, қатты ренжіс білдіреді. Алпамыс ел-жұртына ата, анасын, әйелін тапсырады да, Тайшық еліне жалғыз жол тартады. Оның аттанып шыққан түні Тайшық хан Алпамысты түсінде көріп, қалай ұстаудың амалын іздейді. Ол амалдарды табушы бір мыстан кемпір болады. Мыстан: «Балама қызың Қаракөзайымды берсең, Алпамысты ұстап беремін», - дейді. Хан қызын беретін болады. Кемпір батырды алдап қолға түсіру үшін 40 отау, 40 қыз алып, Алпамыстың жолын тосады. Кемпір Алпамысқа кездесіп: «Сенің жылқың үшін соғысып, 40 балам бірдей өлді, жеңгелерің жастай жесір қалды, түсіп, көңілін аула, қонақ бол», - деп алдап үйіне әкеледі де, мас етіп, қолға түсіреді. Байлап алып, өлтірмекші болады. Бірақ атса оқ, шапса қылыш өтпейді. Суға салса, батпайды, отқа салса, күймейді. Сондықтан оны терең зынданға салып, аштан өлтірмекші болады. Бірақ пірлерінің көмегімен ол өлмейді. Атын темір үйге қояды. Жоғарғы 40 қыздың ішінде болған ханның қызы Қаракөзайым Алпамысқа ғашық болып, оны зынданнан құтқарудың амалын ойлайды. Қаракөзайым әкесінен отау және жүз серке сұрап алып, өзінің күтуші қыздарымен қаладан шетірек бір далалықты мекендейді. Қаракөзайым қанша іздесе де, Алпамыстың қайда екенін біле алмайды. Қыздың серкесін бағушы Кейқуаттың бір серкесі Алпамыстың зынданына түсіп кетеді де, сол арқылы Алпамыс пен Кейқуат танысып, ол Алпамысқа күніне бір серке беріп тұрады. Серке таусылғанда, оған серкенің сүйегінен сырнай жасап беріп: «Қыздардың жолына барып тарт, кім жасағанын тек ханның қызына ғана айт», - дейді. Кейқуат Қаракөзайымды зындандағы Алпамысқа әкеледі. Алпамыс: «Мені зынданнан тек Байшұбар шығара алады, соны ал, менің терім сіңген киімімді ішіңнен киіп, диуана болып, жанынан өтсең, тұрған сарайы қандай болса да, Байшұбар бұзып шығады. Кімсің десе, диуанамын, жас күнінде емдеп едім, мені танып тұр де. Хан үйретіп бер дер. Сонда үйретейін, 40 құлаш арқан бер де, сонан кейін мені шығарасың», - деп ақыл береді. Кейқуат солай жасайды. Алпамыс зынданнан шыққасын, Тайшық ханның елін шабуыл жасап, бәрін де жеңеді. Тайшықты да, мыстанды да өлтіріп, Кейқуатты сол елге хан қояды. Өзі Қаракөзайымға үйленеді. Жүрметұз деген қызды Кейқуатқа қосады.Өстіп жүргенде жеті жыл өтеді. Бір күні түс көріп, Қаракөзайымға еліне кететінін білдіреді. Қыз амалсыз көнеді. Жылына екі рет келіп тұруға уәде беріп, Алпамыс еліне жүріп кетеді.Алпамыс ел шетіне келісімен, Құлтайдың баласы Тортайға кездесіп, үй ішінің хал-жайын сұрайды. Алпамыс кеткесін Ұлтан құл бар билікті өз қолына алып, қоңырат еліне сұлтан болып, Құлтайды қойға, Байбөріні түйеге, шешесін тезекке, Жәдігерді қозы бақтыруға, Тортайды жылқыға салып, бәріне де қатты азап көрсетеді. «Әйелің Гүлбаршынды алмақ болып, Ұлтан құл отыз күн ойын, қырық күн той жасап жатыр», - дейді. Алпамыс диуана болып киінеді де, бәрін өз көзімен көріп және кімнің дос, кімнің қас екендігін біліп, ақыры, Ұлтанды дарға асып, оны жақтаушыларды жазалайды. Ұлтаннан зәбір көрушілерді мүсіркеп, Ұлтан билеген кезде, тарап, тоз-тоз болып кеткен қоңырат елінің басын қосады.Алпамыс жеңілген қалмақ еліне Сарыбайды хан сайлап қалдырады да, Гүлбаршынды алып қайтады.

Ер Тарғын Бұлалай атты хандарына жорыққа даярланып жатады. Сол қолмен Тарғын да бірге аттанады. Ақша хан қолы жаудың қамалын бұза алмай, еліне қайтпақшы болады. Тап сол кезде Тарғын жалғыз шауып, қамалды бұзады да, қалың қолға жол салады. Жауды жеңіп, еліне келгеннен кейін Ақша хан батырды шақырып алып, жай-жапсарын сұрайды. Тарғын шынын айтады. Ақша хан оны қолбасы етеді. Біраз уақыт өткесін, ханның Ақжүніс атты қызы батырға ғашық болып, көп ұзамай-ақ Тарғын Ақжүністі алып қашады. Хан қызының Тарғынмен кеткенін естіп: «Кімде кім қуып жетіп, Тарғыннан айырып алса, қызымды соған бермекпін», - дейді. Алғашқы қызумен көп адам-ақ қууға шықса да, «Тарғын бізге оңайлықпен қыз бермес» деп жарым жолдан кейін қайтады. Қайтуын ар көріп, Тарғынның соңынан кетуші Қырым елінің қарт батыры Қарт Қожақ қана болады. Дәстүр бойынша бірінші кезекті алған Қожақ Тарғынның өзін атпай, қорамсадағы садағының оғын атады. Енді Тарғынның кезегі келіп, атуға ыңғайланғанда, Қожақ оны аяп, өзін атпай, оғын атқандығын аңғартады. Тарғын растығына сенеді де, сөзден жығылып, қызды тастап, жалғыз жол тартады. Ақжүніспен сөйлескенде Қожақ сөзден жығылып, Тарғынды шақырып алып, сүйіскен екі жасты қосады да, батасын беріп, Тарғынға өз бармағын әдейі атқызады, жараланған болып еліне қайтады. Тарғын мен Ақжүніс Еділ, Жайық бойындағы Ноғайлы елінің екінші бір хандығы - Ханзада ханның еліне барады. Ханзада хан Тарғынмен танысқансын: «Ақша ханға Торғауытты жеңіп бердің, бізге Шаған бойындағы жауымыз қалмақты көшіріп бер», - дегенді айтады.Тарғын сол тілекті орындау үшін қасына сол елден үш жігіт алады да, қалмаққа аттанады. Қалмақты жеңіп, Шаған бойынан көшіреді. Жерді ноғайларға қаратады. Соғыстан қайтқан бетінде ағашқа шығып қарауыл қараймын деп, ағаштан құлап мертігеді. Жолдастары амалдап, еліне жеткізеді. Белі жазылмайды. Ел жайлап отырған қонысы Бұлғыр таудан Шағала бойына көшеді де, Тарғын мен Ақжүністі сол жерге барғасын кісі жіберіп алдырмақшы болады. Уәделі кездерінде олар келе алмай, азықтары таусылып, Тарғын мен Ақжүніс қатты ашығады. Өлетіндеріне көздері жеткесін, екеуі бір-бірімен қоштасады. Ақжүністің қайрай сөйлеген сөздеріне намыстанған Тарғын «Өлсем тез өлейін» деп белін кенет басып қалғанда, омыртқасы өз орнына түседі.Ақжүністің ақылымен көшіп кеткен Ханзада ханның еліне келеді. Олар қарсы алып, өздерінің бара алмаған айыптарын мойындайды. Хан айыбы үшін өзінің қызын Ақжүністің үстіне әйелдікке бермек болады. Тарғын ашуынан қайтып, өкпесін тастайды да, Ханзаданың елін қамап жатқан қалмақтарға ноғайлы елі үшін екінші рет шабуылға шығып, жауын жеңеді. Ханзада уәдесінде тұрмайды. «Тегіңде хандық жоқ екен, сондықтан саған қызымды бере алмаймын, елден таңдап жүріп бір қыз ал» дегенді айтады. Ханның бұл сөзіне батыр ашуланады да, Ақжүністі ертіп алып, өз еліне аттанып кетеді.Ханзада ханның елі Тарғын жау болып қайтадан оралса, өздеріне осал тимейтіндігін түсініп, қатты сасады. Тарғынды тоқтатудың амалын іздейді. Бірақ ешкім ақыл тауып, бере алмайды. Хан мен оның уәзірлері Сыпыра жырауға барып ақыл сұрайды. Сыпыра жырау: «Тарғын шабамын деп кетсе, сөзіне жетеді. Қалай да шақырып алып, татуласыңдар», - дейді. Хан маңындағылар бізде оған баратын бет жоқ, біз қанша жалынғанмен, ол біздің сөзімізге сеніп қайтпас, осы елден Тарғынды тоқтататын кісі тауып бер деседі. Жырау: «Батырдың жауға аттанғандығы серіктері: Көбен, Теген, Сыбанды жіберіңдер, аруақты батырдың жолдастарына тар жерде бір тілегіңді бермей кетпен» деген серті болады. Ол өз сертінен аса алмас», - дейді. Ел сол үш батырды Тарғынға жұмсайды. Үш серігі Тарғынның артынан қуып барып, тілектерін алады. Ханның өзі бас болып, батырды қарсы алады. Екінші рет кешірім сұрайды. Тарғынның келуімен байланысты сөйлеген Сыпыра жырау ханды, оның билерін қатты сынай келіп, Тарғынға «Бұлдағаны қызы болса, соны алмай-ақ, басқа сыйлықтарына риза болып тоқта, бір қыз үшін өз еліңмен жау болма, бұл да өз елің» деген ақыл айтады. Тарғын жыраудың осы сөзіне тоқтап, сыйлыққа мал алып, жер алып, сол Ханзаданың қол астында қалады. «Үш Тарғын» - жерді мекендейді. Тарғыннан Ардаби деген ұл туады. Одан Әжігерей, Айқожа деген екі бала туып, үлкені жасында өледі, кішісі бес қалаға хан болыпты дейді. Жыр сюжетінің негізгі желісі осылай аяқталады.

Қамбар батыр Әзімбай дегеннің алты ұлы, бір қызы болады. Әзімбай қызын сүйгеніне бермек болып, Ноғайлы он екі баулы өзбекті шақырып, қызының алдынан өткізеді. Іштей Қамбарды сүйетін Назым ешкімді ұнатпайды. Тойға қатынаспаған Қамбар тоқсан үйлі Тобырын аңмен асырап күнелтуші батыр, бір күні арыстанға жолығып, оны өлтіреді. Сондай бір күндері қыз Назымның ауылының үстінен өтіп бара жатып Назымға көзі түседі. Қыз қанша амал-айла жасаса да, Қамбар оған тоқталмайды. Екінші оралғанында қызбен тіл қатысып, аулақ жүргенін мақұл көретіндігін аңғартады. Бұлардың сөйлесіп тұрғанын қыздың ағалары көріп, Қамбарды өлтірмек болады. Бірақ Назымның кіші ағасы Алшыораз басқаларын тоқтатады. Қамбар өз бетіне кетеді. Назымның сұлулығын естіп, көршілес қалмақтың ханы Кедей ұлы Келмембетті жіберіп, Әзімбайдан қызын сұратады. Қыздың ағасы Алшыораз Келмембеттің құлақ, мұрнын кесіп кейін қайтарады. Хан әскер жиып келіп, күшпен алмақ болады. Әзімбайлар «береміз» деген амал, айла қолданып, Қамбарға елші жібереді, Қамбар барамын деп уәде береді. Келеді. Ноғайлының батырын көрмекші болып, Қамбарға қалмақ ханы Қараман да кісі жібереді. Қамбар келісімен-ақ хан екеуінің арасында алыс-шалыс сөз болып, жекпе-жекте Қамбар Қараманды өлтіреді. Қалмақтармен соғыс салып, Қамбар мен Алшыораз оларды жеңіп қуады. Қамбарға Назымды қосады. Той жасап, жасау жабдықтап, еліне Қамбар өзін сұңқар, құмай суретінде бейнелесе, Қараманды зорлықшыл қарақұс, төбет ит кескінінде бейнелейді.

Қобыланды батыр жыры

Көздікөлді жайлайтын Қарақыпшақ дейтін елде Тоқтарбай дейтін бай болады,қысҚараспантауын жайлайды. Тоқтарбай қартайғанша бала көрмейді.Қартайыпкелгенде,кемпіріАналық бір ұл, бір қыз табады. ҰлыныңатынҚобыланды,қызыныңатынҚарлығашқояды. Қобыланды алты жасқа келгенде жылқы бағып, елдің жау шетінде жүреді.Жылқыда жүріп, таудың арғы жағынан бір шу естіп, құлдардың бастығыЕстемістенсұрайды. Естеміс: «Бұл таудың арғы бетінде Қызылбас елінің Көктім дегенханыбар. Қырық бес кез Қызыл ер дейтін батыры бар. Ханның Құртқа деген сұлуқызы

болады. Кімде кім ай астындағы алтын қабақты атып түсірсе, Құртқаны солалмақ, ел - соны атуға жиналған, шу - сол думанның шуы, - дейді. Естеміс Қызыл ердің күшін айтып қанша сақтандырса да, Қобыланды болмай, Көктім ханның еліне аттанады. Қобыланды алтын қабақты атып түсіріп, Құртқаны алмақ болады. Көктім той жасайды. Қобыланды Қызыл ерді және оның Қаратай, Қаратас атты екі баласын өлтіріп, қызды алып қайтады. Қобыланды еліне келе жатып, көп жылқының ішінен өтеді. Құртқа жылқы ішіндегі бір көкала биеге көзі түсіп: «Сенің мінер атың осы биенің ішіндегі көкала құлын», - дейді. Жылқы Қобыландының жақын ағасының жылқысы екен, көрімдікке сұратып алады. Қобыландының жорықтағы серігі, аты шулы Тайбурылдың енесі - осы көкала бие, Тайбурылды асырап, тәрбиелеп өсіруші Құртқа болады. Қызылбастың Қазан деген батыры Қырлықала, Сырлы қала деген Ноғайлының екі қаласын шауып алады. Сол кектіқайтармақшы болып, қырық мың қол жиып, Сейілұлы Қараман, Аққозы, Қарақозы,Қосдәулет батырлар аттанады. Сейілұлы Қараман Қараспан тауындағы Қобыландыбатырды ала кетпекші болады. Бәрі Қобыландыға келеді. Қобыландыныұстап алып келгеннен кейін, баласы Біршымбайды Алшағыр ханға аттандырады... ежелгі жауын қолға түсірдім, Қобыландының елі иесіз, тез шауып алсын... дейді. Алшағырдың қызына бұрыннан ғашық болып жүрген Біршымбай хабар апаруды қуана қарсы алып, тез аттанады. Алшағырдыңқызы Ханбибі Қобыландыны қайрап, Қазанға аттандырады. Оны алдап, өлімге айдапотырғанын Құртқа біліп, Қобыландының қарындасы Қолаң екеуі жібермеуге тырысады.Бірақ Қобыланды оларға қарамай кетіп қалады. Қазанның еліне барады. Біршымбайбастаған Қызылбастың көп қолы қарсы шығып, Қобыланды оны соғыста жеңіп шығады.Қазан ханын өлтіріп, Қобыланды көп жылқысын алып, еліне қайтады. Көбіктінің Сары аты жылқыдан шыға қашып, жеткізбей кетеді. Көбікті атқа мініп қуады. Қобыланды жылқыны еліне беттетіп салып, ұйықтап қалады. Үстіне Көбікті келіп, оны тұтқынға алып, зынданға салады. Зынданда жатқанда Көбіктінің қызы Қарлығаның серкесін бағушы тазша қойшының бір серкесі зынданға түсіп кетіп, Қобыланды оны шығарып бермейді. Қойшы оны құртпақшы болып, үстіне тас лақтырады. Тасты Қобыландының үстіне түсірмей, пірлері ұстап қалады. Мұны көріп қойшы Қобыландымен дос болып, күнде бір серке беріп тұратын болады. Серкенің сүйегінен сәуле түсерлік тарақ жасайды. Сол тарақ арқылы Көбіктінің қызы Қарлыға Қобыландыға ғашық болып, қойшы арқылы танысады. Қыз амалдап оны зынданнан шығарады. Зынданнан шығарғасын Қобыланды соғыс ашып, Қызылбасты жеңеді. Көбіктіні Қарлыға өлтіреді. Қобыланды жауын жеңіп, дем алып ұйықтап жатып түс көріп, әке-шешесі, қыпшақ елінің шабынға ұшырағанын, Алшағырдың шауып алғанын біліп, тез еліне аттанады. Келсе, әкесі түйе, шешесі сарық бағып, Құртқа мен Қолаң Алшағырдың тұтқындығына түсіп, жұрты азап көрген екен. Соларды босатып алады. Өзін алдаған Алшағырдың қызы Ханбибіні өлтіреді. Алшағырдың елін шауып алып, қалған қалмақты көшіріп, өз еліне азаттық алып береді. Алшағыр хандыжеңіп, біраз уақыт жайшылық өмір етеді. Бірақ баласы болмайды. Әйелі Құртқа бір күніжолбарыстың жүрегіне жеріктігін айтады. Қобыланды жолбарыс атып береді. Құртқаекіқабат болады. Осы кезде Қалмақтың Аламан ханы той жасап, барма десе болмай Қобыланды сол тойға кетеді. Тойға Қази, Құбағұл, Телағыс, тағы басқа көп батыр ат қосып, Орақ пен Қобыландының аттары бірінші болып келеді. Қобыланды тойға кеткенде, екінші бір қалмақтың Қолакөкірек деген ханы Қобыландының Қодар деген құлын азғырып, батырды өлтірудің амалын кеңеседі. Қодар: «Қобыланды тойдан қайтады. Әйелінің қасына келіп түнегенде хабар берермін, қарусыз кезінде қамаңдар», - дейді. Батыр бейқам жатқанда, жау тұтқиылдан тиеді. Қобыланды қарусыз соғысады. Аты Қобда өзенінің жарынан суға қарғып түскенде, батыр ер-тоқымымен сыпырылып түсіп, суға кетіп өледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]