Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

9.Гемопоэз. Қбк (қанның бағана клеткалары) туралы түсінік.

ҚН түзілу процесін гемопоэз деп атаймыз. Эмбрионалды қан түзілу ұлпа ретінде қанның түзілуі. Ол сары уыз қапшығының қабырғасында ұрықтың эмбрионалды дамуындағы екінші аптасынан басталады. Алдымен алғашқы эритроциттер түзіледі. Ірі мүйізді ірі қара малдың эмбриогенезінің бесінші аптасында бауырда эритроциттер, түйіршікті лейкоциттер және мегакароциттер түзіледі. Эмбриогенездің соңында бауырдағы қанның түзілуі тоқтайды. 7-8 аптада қанның түзілуі тимуста, көк бауырда, және лимфа түйіндерінде басталады. Көк бауыр мен лимфа түйіндері алғашқыда қан түзілудегі әмбебеапты мүше болып табылады, кейінірек тек лимфоциттерді өндіреді. 13-14 апталарда қанның барлық клеткалары түзілетін сүйектің қызыл кемігінде гемопоэтикалық ошақтар пайда бола бастайды. Сонымен қатар, қызыл кемік тимусты және басқа гемопоэтикалық мүшелерді бағана клеткалармен қамтамасыз етеді. Постэмбрионалды қан түзілу қызыл кеміктің миелоидты ұлпасында, тимустың лимфоидты ұлпасында, лимфалық түйіндерде жүреді және қанның физиологиялық регенерациясы болып табылады, яғни клеткалардың ескіруі мен бұзылуы нәтижесінде табиғи азаюын толықтырып тұрады. Миелоидті ұлпада эритроциттер, гранулоциттер, моноциттер, қан пластинкалары, ал лимфоидті ұлпаларда лимфоциттер түзіледі. Гемопоэз И.Л. Чертков пен А.И. Воробьев бойынша 6 кезеңнен тұрады: I кезең: бағаналы полипотентті клеткалар. Олар барлық клеткалардың негізін қалаушы. Бағаналы клеткалар сирек бөлінеді. Бағаналы клеткалардың бір бөлігі жартылай бағаналы клеткаларға айналады. II кезең: жартылай бағаналы клеткалар. Бағаналы клеткалардың дифферециялануы гемопоэтикалық фактор эритропоэтиннің, гранулопоэтиннің, лимфопоэтиннің және тромбопоэтиннің әсерінен жүреді. Жартылай бағаналы клеткалар детерминацияланған болып келеді. Оларды колония түзуші бірліктер деп атайды. Себебі жартылай бағаналы клеткалардың біреуінен гранулоциттер, моноциттер, мегакариоциттер колониялары, ал екіншілерінен В, Т лимфоциттер колониялары түзіледі. III кезең: унипотентті клеткалар. IV кезең: бласт-клеткалар. Егер алғашқы үш кезеңнің қанның формалық элементтерінің ізашарлары бір бірінен морфологиялық тұрғыдан ерекшеленбесе және морфологияжағынан кіші лимфоцитке ұқсап тұрса, онда бластар көлемі айтарлықтай өседі, ядросында 2-3 ядрошықтары анық көрінеді, цитоплазмасында органоидтар аз және нашар базофильді боялған болады. V кезең: дамып келе жатқан клеткалар. Олар морфологиялық жағынан әртүрлі және әр даму сатысында ерекшеленеді. VI кезең: пісіп жетілген клеткалар: қанның формалық элементтері пісіп жетіледі, қан тамырға түсіп, қызметін бастайды.

10.Борпылдақ дәнекер ұлпаның клеткалары, оның ультрақұрылымы мен қызметі.

Борпылдақ ұлпа (textus laxus; лат. textus — ұлпа; laxus - борпылдақ) - адам мен жануарлар организмдері көптеген мүшелерінің құрамында кездесетін, денеде ең көп тараған дәнекер ұлпасы. Борпылдақ ұлпа — жасушалардан (фибробластоциттер, макрофагоциттер және т.б.) және жасушааралық заттан (коллаген, эластин, ретикулин талшықтары, пішінсіз — аморфты негізгі зат) тұрады. Фибробластоциттер — борпылдақ ұлпасы жасушааралық затының негізін құрайтын талшықтарды түзеді, ал макрофагоциттер немесе гистиоциттер (моноцитгер туындысы) — қорғаныс қызметін атқарады. Борпылдақ ұлпада бұлардан басқа адвентициальды жасушалар, плазмоциттер, ұлпа базофилдері (шырлы жасушалар немесе лаброциттер), адифоциттер (липоциттер немесе май жасушалары), лимфоциттер болады. Борпылдақ ұлпаның жасушааралық затына: коллаген және ретикулин талшықтары (беріктік қызмет атқарады) мен эластин талшықтары (серпімділік қасиеттер береді) жатады. Ал аморфты зат — борпылдақ ұлпаның бірыңгай негізін құрайтын пішінсіз зат. Борпылдақ ұлпадағы зат алмасу процесін — ұлпа сұйығы іс жүзіне асырады. Ол борпылдақ ұлпа арқылы үздіксіз ағып жатады және тұрақты қозғалыста болады

Дәнекер ұлпалардың әдеттегi түрiне талшықты дәнекер ұлпалар жатады, оны меншiктi дәнекер ұлпа деп атайды. Ол құрамында өте жоғары деңгейде болатын жасуша аралық заттегімен (substantia intercellularis) сипатталады. Бұл заттардың iшiнде айтарлықтай орынды және маңызды рөл атқаратын, талшықтар алады. Талшықтар арасындағы кеңiстiктi негiзгi түрсiз (аморфты) заттар толтырып жатады. Жалпы дәнекер ұлпаларға тән, мына ең маңызды-қоректiк, реттеушi, қорғаныш және тiректiк қызметтер атқарылады. Олар жасушалар, жасуша аралық заттектер ара қатысы негiзiне, жасуша аралық заттектер қасиетiне, құрылым ерекшелiктерiне орай, борпылдақ және тығыз талшықты дәнекер ұлпа болып жiктеледi. Борпылдақ дәнекер ұлпаның (textus connectivus laxus) жасуша аралық заттегінде талшықтары аз, негiзгi түрсiз заттар көлемi үлкен, жасуша құрамы өте көп және әр түрлi болады. Олар барлық iшкi ағзалар құрамында кездеседi (ағзалар негiзiн (стромасын) құрады), қан, сөл тамырлары және жүйкелермен қоса жүредi, терi, кiлегейлi қабықтар құрамына кiредi. Борпылдақ дәнекер ұлпада жасушалардың екi түрi болады. Егер де онда жасушалар тұрақты қатысса - отырықшы (бекiтiлген), көшiп қонушы болса-кезеген деп, бөледi. Отырықшыларға-бiрiгу (адвентициялық), фибробластар (fibroblastus), фиброциттер (fibrocytus), май жасушалары (адипоциттер) жатады.

Кезеген жасушалар өте жылжымалы, дәнекер ұлпаға қаннан келедi. Бұл топқа барлық лейкоциттер (түйiршiктi, түйiршiксiз) жатып, құрамы дәнекер ұлпаның кейбiр бөлiмдерiнде әртүрлi иммундық реакция, қабынуда өзгерiп тұрады.

Борпылдақ дәнекер ұлпа жасушаларын даму көзiне байланысты, үш топқа бөледi: мезенхимадан дамитын механоциттер тармағындағы жасушалар - бiрiгу, фибробластар, фибриоциттер, адипоциттер. Бұл топқа басқа ұлпалар жасушаларын да жатқызады. Мысалы, торлы ұлпадағы торлы (ретикулярлы), қаңқалық дәнекер ұлпадағы шемiршек (хондроциттер), сүйек (остеоциттер) жасушаларын қосады. Олар ұлпалардың механикалық қасиеттерiн қамтамасыз етедi;

бағаналық жұрағат жасушалар - жемiр жасушалар (үлкен фагоцит), гистиоциттер (histiocytus), дендриттi тегiжат саналатын, плазмалық (hlasmocytus), шүйгiн жасушалар (basophilus textus), лейкоциттер (түйiршiктi, түйiршiксiз). Бұларда мезенхимадан дамиды;

жүйкеден пайда болатын жасушалар - бояутек (пигмент) жасушалар (cellula pigmentosa). Олар жүйке жалына көшiп келген негiз салушылардан дамиды.

Бiрiгу жасушалар - созылыңқы жұлдыз тәрiздi жасушалар, цитоплазмасы базофильдi, тұрақты қосындылар мен гетерохроматинге бай сопақ ядросын сақтайды. Олар қылтамырлар қабырғасының сыртқы бетiнде, оның ұзына бойында орналасады, митоз жолымен бөлiнiп, фибробласт, миофибробласт (жиырылғыш жасушалар, жалпы белгiлерi бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушаларына тән), адипоциттерге айналуға қабілеттi.

Фибробластар (fibrа-талшық, грек. blаstоs-өсiндi) - ұлпа жасушалары iшiндегi көп таралған түрi, жасушадан тыс құрамбөлiктерiн (коллаген, эластин, фибронектин, гликозаминогликандар, протеогликандар) түзедi, жараның жазылуына қатысады, ұлпаның жаңадан жасушалар түзе ұлғайып, өсуiне, аууына қабілеттi. Борпылдақ дәнекер ұлпада ол ерiктi орналасады, өсiндiлерi болады, көлемi өзгерiп тұрады, ядросы бiрнеше ядрошық сақтайды, белок түзедi, цитоплазмасында түйiршiктi эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, көп митохондрий мен лизосомалар, түйiршiктi түзiндiлер, гликоген, айтарлықтай микрофиламенттер және микротүтiкшелер болады. Цитоплазмасы әлсiз базофильдi, айқын бейнесiз iшкi, ядро айналасындағы тығыз бөлiгi - эндоплазма және шеткi, бiршама ақшыл, өсiндiлерiн құратын бөлiгi - эктоплазма деп аталады. Олардың көбi тiршiлiк әрекетi процесiнде бүлiнiп, оның бiраз бөлiгi белсендiлiгiн азайтып, ұзақ өмiр сүретiн түрi-фиброциттерге айналады.

Фиброцит - ұршық тәрiздi, цитоплазмасы лизосома, митохондрийлер, бытыраңқы таралған эндоплазмалық тор сақтайды, Гольджи аппараты нашар дамыған, шамалы түйiршiктi түзiндiлерi болады. Бұл жасушаның басты қызметi-зат алмасуын реттеп, жасуша аралық заттек тұрақтылығын сақтау. Фиброциттер коллаген талшықтары будаларының арасында орналасады.

Адипоцитте бiр iрi май тамшысы орналасып, барлық жасуша құрамын шетiне ығыстырады. Ядро айналасында ерiктi рибосомалар, түйiршiктi және түйiршiксiз эндоплазмалық торлар, Гольджи аппараты, митохондрийлер орналасады. Ол қоректiк және механикалық қызметтер атқарады, кейбiр ағзаларды жарақаттықтан сақтайды, қуат түзедi, су алмасуына қатысады, цитоплазмасы майға толып, май ұлпасына айналады. Сөйтiп май қорын түзедi.

Жемiр жасушалар (үлкен фагоцит-грек. рhаgо-жалмау) - моноциттердiң жетiлген түрi, кәсiби фагоциттер, барлық ұлпалар, ағзаларда болады.