Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.Биофизиканың негізгі бөлімдеріне сипаттама беріңіз.

Биофизика бірнеше ғылымдардың жиынтығы. Ол физика математика , жалпы биология, физиология , биохимия, генетика ғылымдарының негізін біріктіре отырып , биофизиканы терең түсінуге септігін тигізіп қана қоймай биология ғылымдарының бір- бірінен айырмашылығын түсіндірді. Халықаралық ассоциация шешіміне сәйкес , жалпы және қосымша биофизика бөлімдеріне: кванттық биофизика, молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы, сезім мүшелерінің биофизикасы мен күрделі жүйелердің биофизикасы жатады, сонымен қатар мембрана биофизикасы, биологиялық жүйелердің термодинамикасы, биологиялық жүйелердің электрөткізгіштігі, биологиялық үрдістердің кинетикасы, фотобиология, радиациялық биофизика, қосымша биофизика бөлімдері де кіреді. Кванттық биофизика электронды энергетикалық атомның, иондардың, молекулалардың құрылым деңгейін, донор -акцепторлы құрамын, кванттық жарықтың электрондық құрамын, жарықтың электондық ауысуы кезіндегі сіңуі мен дезактивация жолындағы энергияның жұтылуын, электронды қоздырушы молекулаларының химиялық айналуын, фотоөнімнің түзілуін және молекула арақатынастарын, фото-биологиялық үрдістердің негізінде зерттейді.

Молекулалық биофизика биополимерлердің ( ақуыз, нуклеин қышқылы, көмірсу, липид, олардың жиынтығы, жоғары молекулалық құрылуы ) кеңістік құрылымын зерттейді. Физиологиялық үррдістер негізінде жатқан макромолекуланың жеке бөліктерінің молекулалішілік қатынасын электронды – конформациясының қатынасын ескере отырып макромолекулалардың қызметінің механизміндерін зерттеу биофизиканың бір бөлігі болып табылады.

Жасуша биофизикасы жасушаның ультрақұрылымын, оның физика- химиялық ерекшеліктерін , сонымен қоса жасушаның физика- химиялық функцияларының белсендірілуі; биоэлектрлік потенциялы, мембарананың электрөткізгіштігін зерттейді.

Сезім мүшелерінің биофизикасы рецепцияның молекулалық физика – химиялық механизмдерін, нерв жасушалары стимулдайтын спецификалық реакциялардың сыртқы энергияның трансформациялық үрдісін және сезім мүшелеріндегі ақпараттардың кодталу механизмдерін зерттейді.Күрделі жүйелердің биофизикасы көпжасушалы жүйелердің күрделі құрылымындағы регуляция және жеке регуляция мәселесімен оның функцияларының кинетикалық және термодинамикалық ерекшеліктерін зерттейді. Биологиялық үрдістің кинетикасы биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен өту механизмдерінің байланысын, биолгиялық және физиологиялық үрдістердің негізінде жатқан биохимиялық реакциялардың тізбегін немес торын зерттейді. Радиациялық биофизика биоөнімдердегі иондану сәулелеріндегі үрдістердің арақатынасын, энергия иондаушы сәулелердің радияция- химиялық биожүйесіндегі реакцияларын, молекулалық, субжасушалық және ағзалық деңгейіндегі сәулелердің жиналуы мен жұмсалуыы радиобиологиямен тығыз байланыстырылып зерттелінеді. Биологиялық жүйенің электрөткізгіштігі тірі обьектідегі электр тогының өту мүмкіндігі жайлы сұрақтарды қарастырады. Яғни тірі жүйедегі енжар электр тогының өтуін зерттейді. Қосымша биофизика биофизиканың негізгі бөлімінің қосымша сұрақтарын қарастырады.