Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.Ашық термодинамикалық жүйе және оның негізгі қасиеттерін сипаттап беріңіз. Мысалдар келтіріңіздер.

Ашық термодинамикалық жүйе және оның негізгі қасиеттері. Мысалдар.Ашық термодинамикалық жүйе – қоршаған ортамен затпен де, энергиямен де алмасады. Ашық термодинамикалық жүйелерге барлық тірі организмдер жатады.Қаншама сан алуан түрлі болса да барлық биологиялық жүйелердің барлығы ашық термодинамикалық жүйе болғаннан кейін барлығына тән ортақ белгілері мен қасиеттері бар. Кез-келген тірі организм, яғни биологиялық жүйе қоршаған ортамен зат және энергия алмасады, тыныс алады, қоректенеді, көбейеді, өседі, дамиды және белгілі бір уақытқа жеткенде өледі.Ашық жүйе мәңгілік емес, өте ұзақ уақыт тұра алмайды, өседі өледі, өзіне ұқсас жүйені туғызады, эволюция процесіне түседі, модифицерленеді. Қуатын да затын да береді де алады да. Біз ашық жүйе принципін ұстануымыз керек. Алған затты шығарып отыру принципі орындалу керек. Мысалы: ашық жүйеге барлық тірі организмдер жатады. Классикалық термодинамика оқшауландырылған және тұйық жүйелерді сипаттаумен айналысады. Ашық жүйелер теориясы 20ғасырдың 30- жылдарында пада болды.Термодинамика – энергия мен жұмыстың арасындағы байланысты қарастыратын физика ғылымының бір саласы. Термодинамиканы жылудың жалпы теориясы деп те атайды.Термодинамикалық жүйе деп кеңістікте белгілі бір көлемге ие макроскопиялық денені айтады. Зат және энергия алмасу сипатына байланысты ашық, тұйық және оқшауланған болып бөлінеді.Оқшауланған термодинамикалық жүйе – қоршаған ортамен затпен де, энергиямен де алмаспайды. Бұндай термодинамикалық жүйе табиғатта кездеспейді.Тұйық термодинамикалық жүйе – қоршаған ортамен затпен алмаспайды, бірақ энергиямен алмасады. Мысалы, жұмыртқа, өсімдік тұқымдары.Термодинамикалық жүйелердің типтері. Мысалдары Термодинамикалық жүйе – кеңістікте белгілі бір көлемге ие макроскопиялық денені айтады. Ал макроскопиялық дене деп көптеген бөлшектерден ( молекулалар мен атомдардан ) тұратын денені айтады. Термодинамикалық жүйенің ашық және жабық деген екі түрі бар. Жабық жүйе де оқшауланған және тұйық болып бөлінеді. Егер жүйе өзін қоршаған ортаға энергия бермесе және алмаса, онымен зат алмаспаса, онда оны оқшауланған жүйе деп атайды. Басқаша айтқанда оқшауланған жүйе өзін қоршаған ортамен энергия және зат алмаспайды. Бұндай жүйе табиғатта кездеспейді, ал егер де кездесетін болса, онда тек макет түрінде ғана болады. Тұйық жүйелер деп сыртқы ортамен затпен емес, энергиямен алмасатын жүйелерді атайды. Тұйық жүйе мәңгілік емес. Мысалы, биожүйеге жұмыртқаны жатқызуға болады,яғни оған температура әсер еткенде ол бізге затын яғни балапан береді. Бұл жүйе мәңгілік емес көп уақыт 1000000 жыл өмір сүруі мүмкін. Биоинформацияны сақтауда маңызы өте зор. Тағы да мысал келтіретін болсақ, тас және де бидай тұқымы т.б. Ал ашық жүйелер сыртқы ортамен затпен де , энергиямен де алмасады. Мысалы, ашық жүйеге барлық тірі организмдер жатады. Ашық жүйелер теориясы 20ғасырдың 30- жылдарында пайда болған болатын. Ашық жүйе мәңгілік емес, өте ұзақ уақыт тұра алмайды, өседі өледі, өзіне ұқсас жүйені туғызады, эволюция процесіне түседі, модифицерленеді. Қуатын да затын да береді де алады да. Біз ашық жүйе принципін ұстануымыз керек.