Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

17. Тыныс алу жүйесін реттеу механизмдеріне сипаттама беріңіз.

Газдарды тасымалдау тізбегіндегі алғашқы буын өкпе вентиляциясы. Альвеолдар мен қан арасындағы газдар алмасуы аэрогематикалық, ал ұлпалар мен қан арасындағы гематопаренхиматоздық кедергілерге ұқсас, кедергінің екі жағындағы оттегі мен көмір қышқыл газының меншіктік қысым күйіне байланысты диффуздық жолымен орындалады. Оттегінің басым бөлігі қандағы эритроциттердің құрамында болатын гемоглобин арқылы, ал көмір қышқыл газы – гидрокарбонат және карбамингемоглобин түрінде тасымалданады. Өкпедегі көмірқышқыл газын шығарудың нәтижесінде қанның оттегімен байланысқа түсуі жеңілденеді, көмірқышқыл газы ұлпалардаң қанға өту арқылы оттегін беруді жеңілдетеді. Аталған процесстердің бәрі, ең соңында, ұлпа клеткаларындағы оттегі кернеуінің тұрақты сақталуына бағытталған.

Өкпе вентиляциясын қамтамасыз ететін тыныс алу еттерінің үйлесімді жиырулары, тыныс алудың орталық механизмі – ми бағанасындағы арнаулы нейрондар құрылымдары арқылы басқарылады. Аталған механизмнің ырғақтылық әрекеті демді ішке тарту барысындағы инспираторлық нейрондар активтілігінің артуы мен тыныс алудың соңындағы олардың ажырау процестерінен тұрады. Бұл белсенділік мидағы клеткалардан тыс сұйықтықтағы сутегі иондарының концентрациясы мен көмірқышқыл газының кернеуіне сезімтал, бульбарлық хеморецепторлардан және осы факторлармен қатар, оттегі кернеуіне сезімтал артериялық хеморецепторлардан шығатын серпімділікпен анықталады. Артерия қанында, газ құрамының тұрақтылығыда осындай жолмен белгілі деңгейде тұрақты болады. Тыныс алу жүйесіндегі механорецепторларды, әсіресе өкпе ұлпаларын созатын рецепторларды үдету демді ішке тартуға, дер кезінде тоқтатып, оның сыртқа шығарылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде тыныс алу еттері энергияны аз мөлшерде шығындай отырып, қажетті газ алмасуын қамтамасыз етуге бағытталған тыныс алу паттерні қалыптасады 

Орталық тыныс алу механизмі демді ішке тарту мен сыртқа шығару ырғақтылығының кезектесіп келуін қамтамасыз етіп қана қоймай, тыныс алудың терендігі мен жиілігін өзгерте отырып, өкпе вентиляциясын организмнің қажеттілігіне қарай бейімдей алады. Атмосфералық ауаның құрамы мен қысымы, қоршаған ортаның температурасы, дене еңбегі кезіндегі организмің жағдайының өзгеруі, эмоциональдық қозу және т.б. осы сияқты, сыртқы ортаның факторлары зат алмасу қарқындылығына әсер ете отырып әсіресе, оттегі пайдалану мен көмірқышқыл газын бөлу процесіне ықпал ете отырып тыныс алу орталығының функционалдық жағдайына да әсер етеді.

Басқа да физиологиялық процесстердің реттелуі сияқты, тыныс алудың реттелуі де кері байланыс принципі бойынша жүзеге асырылады. Былай болу себебі, организмді оттегімен қамтамасыз етіп, онда түзілген көмірқышқыл газының денеден шығарылуын реттейтін орталық тыныс алу механизмінің қызметі - өзі реттейтін процестердің физиологиялық жағдайымен анықталады. Қанда көмірқышқылының жинақталуы және оттегінің жетіспеушілігі - орталық тыныс алу механизмін қоздырушы фактор болып есептеледі.