Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5. Адам мен жануарлар ағзасының функционалдық күйін реттеу жолдары жайлы түсіндіріңіз!

Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі – рефлекс (латын сөзі – тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.).Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке

орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторларға) жеткізетін жол.Ол бес бөлімнен 1) қабылдаушы құрылым –рецептордан,2) қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден, 3) аралық нейрондардан тұратын орталықтан,4) қозуды орталықтан эффекторға апатарын эфференттік жүйкеден, 5) жауап беруші құрылым – эффектордан тұрады. Қабылдағыштардың орналасуына қарай экстероцептивтік, интероцептивтік, проприоцептивтік рефлекстер болып ажыратылады. Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер денелік, вегетативтік болып екіге бөлінеді.рефлекстер қатысатын ми бөлңмңне қарай жұлын, сопақша ми, алдыңғы ми рефлекстер болып бөлінеді. Қимыл әрекетіне қарай жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстері болып ажыратылады. Орталықта тувтын үрдістер түріне қарай қоздырушы , тежелуші рефлекстер болады. И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен), және шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.

6. Артқы мидың негізгі қызметіне анықтама беріңіз.Артқы ми құрамына сопақша ми мен варолий көпірі кіреді.Сопақша мидың нейрон шоғырлары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен орын алады. Оған тыныс, қан тамырларын тарылтып кеңітетін, жүрек соғуын баяулатып сирететін тіршіліктік орталықтар жатады. Бұлардың қайсысы бұзылса да адам өледі. Сопақша мида сондай- ақ көптеген қорғаныс (жас шығару, кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, тер шығару) және ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сілекей шығару, қарын сөлі мен ұйқы безі сөлін шығаратын және құсу) рефлекс орталықтары бар. Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады: 1) жұлын қызметін күшейтіп не әлсңрететңн төмен қарай бағытталған әсер.2)ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер.Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір құрамында ақ зат кқп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ зат негізінен жұлынның жоғары өрлеуші және мидың жұлынға қарай құлдыраушы жолдары. Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас сүйек- ми жүйкелерінің V,VI,VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпірде деа алуды дем шығару үрдісімен алмастырып тұратын пневмотаксис орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апнейзистік орталық орналасқан.