Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

11. Адамның қанайналым жүйесіне жалпы сипаттама. Қанайналым шеңберлері. Негізгі қан тамырлары.

Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады

Қызметі:

тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);

терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);

қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);

гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау)

Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі

Үлкен қанайналым шеңбері

Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.

Кіші қанайналым шеңбері

Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады.Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.Кіші қанайналым шеңбері —> жүректің оң жақ қарыншасынан басталып —> өкпеге қан тартады —> жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді.

Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.

12. Адамның қан жасаушы және иммунитет мүшелеріне жалпы сипаттама.

Қан жасаушы мүшелер. Ұрықта (іштегі төлде) қан мезенхимадан дамиды. Кейінірек ол тек белгілі бір торлы ұлпалы мүшелерде ғана жасалынатын болады. Ересек организмде қанның эритроциттері, түйіршікті лейкоциттері (эозинофильдер, нейтрофильдер, базофильдер) мен қан пластинкалары сүйектің торлы ұлпалы қызыл кемігінде жасалынады. Ал түйіршіксіз лейкоциттер (лимфоциттер, моноциттер) лимфа түйіндерінде, тимуста және көк бауырда дамиды. Көк бауырда бұған қоса өз қызметін жоғалтқан ескі эритроциттер жойылады.

Көк бауыр (талақ)- пішіні ұзынша келген, бозғылт- көгілдір, қызыл-қоңыр түсті, жұмсақ қомақты мүше. Капсуласы тығыз дәнекер ұлпаны және бірыңғай салалы миоциттерден тұратынын байқап, одан мүшенің пранхимасына трабекулалардың өтетіні көру керек. Көкбауырдың паренхимасын ұлпалар деп атап, оларды ақ және қызыл деп бөледі. Ақ ұлпа лимфоидты қан жасалу мүшелеріне жатады да, лимфа түйініндегі лимфа фолликулаларын еске түсіреді. Бұлар көкбауыр(мальпиги) денешіктері. Мұндай әр денешіктердің (лимфа түйіндерінен ерекшелінетіні сол) , бір жақ шетіне жақын орталық артериясы орналасады. Ал ұлпалардың арасында қызыл ұлпа орналасады да, олар ретикулярлық ұлпадан және қанның жасушалық элементерінен тұрады. Кішкене ұлғайтқышпен көкбауырдың суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1- мезотелий, 2- трабекулалар, 3-көкбауыр денешіктері (ақ ұлпа), 4- артерия, 5- қызыл ұлпа.

Қызыл кемік майының паренхимасын миелоидты қан жасау мүшелерінің көптеген жасушалары, қалыптасатын В-лимфоциттері мен унипотенті Т-лимфоциттерін құрушылар, ал оның стромасын ретикулярлық ұлпа мен эндоостан қайтатын дәнекер ұлпаның қалтқылары түзеді. Қызыл кемік майының суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1. кеуекті сүйек ұлпа, 2-эндоост, 3- ретикулярлық ұлпа және миэлопоэз қатарын түзетін өте көп қан жасау жасушаларын, әрі қалыптасатын Т және В –лимфоциттерін түзетін миелоидты ұлпа, 4-синусоидты капилляр, 5-мегакариоцит, 6- май жасушалары.

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.

Адамда екі түрлі иммунитеті болады:

іштен туа біткен иммунитет

жүре пайда болған иммунитет

Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.

Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:

макрофагтар,

моноциттер

нейтрофилдер.

Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.

Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:

сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.

комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.