Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
магистр спец шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

9. Физиологиялық үрдістердің гуморальды реттеу жайлы түсіндіріңіз! Гормондардың әсер ету механизмі қалай іске асырылады?

Гуморальдық реттелу (гуморальная регуляция); (ге- gulatio humoralis; лат. regulatio — реттеу, реттелу; humor — сұйық, ылғал) — организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сұйығына) шығарьшған эндокринді бездер немесе жекеленген эндокринді жасушалар гормондары мен биологиялық белсенді заттарының болмаса ұлпа сұйығында еріген басқадай заттардың әсеріне байланысты мүшелер қызметтерінің реттелуі, яғни организмнің сұйық ішкі ортасының қатысуымен мүшелер қызметтерінің реттелуі (сұйықтық реттелу).[

Организмдегі физиологиялық құылыстарды реттеудегі ішкі секреция бездерінің маңызы

Организмдегі физиологиялық құбылыстарды реттеу. Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің жұмысы жүйке арқылы және гуморальдық жолмен реттеледі. Жүйкенің реттелуі рефлекстер арқылы өтеді. Рефлекстер барлық клеткаларда, ұлпаларда, мүшелер жүйелерінде бар. Олар жүйке жүйесінде пайда болған өзгерісті жылдам қабылдайды. Әр түрлі мүшелер жүйелерінде жүйке жүйесінің тарату жылдамдығы, сондай-ақ бір секундтан аз уақыт ішінде қозу пайда болады. Жүйке жүйесі оларды өзара байланыстырып, жұмыс әрекетіне дер кезінде үйлесімдік әсерін тигізіп отырады.

Гуморальдық реттелу қан құрамындағы заттардың әсерінен болады. Организмде пайда болатын күрделі биологиялық белсенді қосылыстар қанның ағымымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді. Бірақ бұлардың әсері жүйкенің әсеріне қарағанда баяу болады.

Жүйкелік және гуморальдық жолмен реттелу өзара тығыс байланысты. Мұндай реттелу балалық шақтың алғашқы кезеңінде онық өсуін, денесінің дамуын және сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Гуморальдық реттелуге ішкі секреция бездерінің қатысы бар.

Сыртқы және ішкі секреция бездері. Организмдегі бездер, негізінен, екі топқа: сыртқы және ішкі секреция бездеріне бөлінеді. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Ал ішкі секреция бездерінің сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлді тікелей қанға бөледі. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, қарын, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне сөл өзектері арқылы бөледі.

Ішкі секреция бездеріне гипофиз ( мидың төменгі қосалқы безі) және эпифиз (жоғары қосалқы без), қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті безі жатады. Бұларда түтікше болмағандықтан, олар сөлін тікелей қанға бөледі. Бұл екі топта сыртқы және ішкі секрециялық қызмет атқаратын бездер болады. Оларды аралас секрециялық бездер деп атайды. Аралас секрециялық бездерге- ұйқы безі мен жыныс бездері жатады. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық бөлімінің сөлі арнаулы түтікшелер арқылы ас қорыту мүшесіне құйылады. Жыныс бездерінен шығатын бөлінді бір жағынан тікелей қанға түседі (бұл ішкі секреция қызметі), екінші жағынан түтікше арқылы жыныс мүшесіне шығады (бұл сыртқы секреция қызметі).

Ішкі секреция бездерінің маңызы. Адамның және жануарлардың тіршілік етіп, өсіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі, бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады. Гормон деп ішкі секреция бездері қанға бөліп шығаратын және организмнің түрлі әрекетін реттейтін күшті биологиялық заттарды айтады. Гормондар қан арқылы бүкіл организмге таралады және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді. Ішкі секреция бездері баланың өсіп, организмнің дамып, жетілуінеде өте маңызды қызмет атқарады. Сондықтан ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, организмнің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады. Балалар организмнің өсуіне ішкі секреция бездері әртүрлі әсер етеді.

Гормондар әрекеті салыстырмалы түрде болады. Сондықтан балалар әр түрлі жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Дұрыс тамақтанбау балалар мен жасөспірімдер организміне әсер етеді, олардың жыныстық дамуының ішкі секреция бездері арқылы реттелуі бұзылады. Бұл адам өмірінің әр кезеңінде оның ішкі секреция бездерінде болып тұратын өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау үшін дене және ой еңбегін мөлшерлеудің қажет екеніне көрсетеді. Ішкі секреция бездері адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез-құлқын, яғни адамның психологиялық іс-әрекетін қалыптастырады.

Әрбір ішкі секреция безі жабын ұлпасынан тұрады және толып жатқан шеткі жүйке жүйесінің талшықтарымен шырмалады. Ішкі секреция бездері жүйке арқылы және гуморальдық жолмен реттеледі. Гормондар күніне миллиграмм мөлшерінде бөлінеді. Олар қозуға немесе тежелуге әсер етеді. Бұл үшін гормонның аз ғана мөлшері жеткілікті.

Ішкі секреция бездерінің қызметін жүйке жүйесі басқарады. Бұл, әсіресе организмнің айналадағы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуінде анық байқалады. Биік тауға жаяу көтерілгенде, бір тәуліктің ішінде ауа температурасының күрт жоғарылауынан немесе төмендеуінен жүректің, тыныс алудың өте жылдам жұмыс істейді. Егер жақсы көретін жолдастардың кездескенде немесе сүйсініп тындайтын музыканы естігенде де жүрек соғысы жылдамдайтыны белгілі. Адамның қуануы және үрейленуі ішкі секреция бездерінің әрекетіне байланысты болады.

Ішкі секреция бездері бөлетін гормондар жүйке жүйесіндегі әрекеттерге әсерін тигізеді. Мысалы, қалқанша безі, жыныс безі және т.б. бездерінің гормондары адамның мінез құлқына, іс-әрекетіне әсер етеді. Сондықтан, ішкі секреция бездерінің адам өміріндегі маңызы зор.

Гипофиз. Қалқанша безі. Қалқанша маңы бездері

Гипофиз- ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Гипофиз сопақша пішінді, салмағы- 0,5-0,7 г. Ол үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы. Алдыңғы бөліктің гормондары зат алмасуға ( негізінен, нәруыздың түзілуіне), қалқанша безінің гормондарының бөлінуіне, бүйрек үсті бездерінің қызметіне, жыныс бездерінің функциясының жақсаруына әсер етеді. Гипофиздің бұл бөлімінде түзілетін гормонды өсу- гормоны (соматропные гормоны) дейді. Бұл гормон көптеп бөлінгенде, балалардың өсуі жылдамдайды, өте биік болады. Егер ересек адамдарда гипофиз өсу гормонын көптеп бөлсе, онда олар акромегалия деп аталатын ауруға шалдығады. Мұндай аурумен ауыратын адамның саусақтары, аяқтары, мұрны, иегі, қабағы үлкейіп өседі. Өсу гормоны аз бөлінгенде, балалардың бойы өспей, аласа болып қалады. Бұл оның жыныс бездерінің қызметінің дұрыс жетілмеуінен болады.