Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ каз сд 2017.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310 Кб
Скачать
☆
  1. 18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.

  2. 23 сәуір 2013 жылғы № 111.ҚРденсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

  3. 24.02.2015 жылғы № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

  4. 28.02.2015жылғы № 176ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

19. Стандарт: Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.

Мақсаты: ауырсыну ұстамасын басу.

Көрсеткіші: стенокардия ұстамасы.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары: миокард инфаркті

Ресурстар: ЭКГ қол аппараты, муляж, кушетка, қысқыш, марлевая салфетка, тонометр, фонендоскоп, марлі дәке, резінке жгут, клеенка жастықша, пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этил спирті700, қол муляжі, бір рет қолданатын шприцтер: 5мл, 10мл, 20мл көк тамырға еңгізетін ертінділерге арналған штатив, бір рет қолданатын система, лоток, лейкопластырь, қыша қағазы, медициналық қолғап, КБУ.

Дәрілік препараттар: нитроглицерин таб. 0,0005, изокет-спрей, аспирин 0,5 корвалол (валокардин) тамшы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрігер шақырыңыз, науқасты тыныштандырып, 30-40 тамшы корвалол (валокардин) беріңіз;

2. Тез арада кеуде тұсындағы ауырсыну сезімін басу;

3. Дәрігер келгенше науқасқа тыныштандырғыш беріп, жүрек тұсына қыша қағазын салыңыз;

4.Тіл астына нитроглицерин таблеткасын бер немесе изокет-спрейді тіл астына себіңіз;

5. 0,0005 мг нитроглицериннен әсер болмаса әр 2-3 минут сайын қайта тіл астына қабылдатыңыз.

6. 5-10 минут интервалмен екі үш рет нитроглицерин қабылдағанан ешқандай әсер болмаса, жедел жәрдем бригадасын шақырамыз.

Ескерту:

  1. Егер 10 минуттан кейін әсер болмаса, тағыда ЭКГ-ға түсір, ангинозды статус жағдайы бағаланады, миокард инфаркт кезіндегідей жедел көмек көрсетініз.

Негіздеме:

  1. 18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.

  2. 23 сәуір 2013 жылғы № 111.ҚРденсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

  3. 24.02.2015 жылғы № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

  4. 28.02.2015жылғы № 176ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

20. Стандарт: Миокард инфаркт кезеіндегі жедел көмек көрсету.

Мақсаты: ауру сезімін басу.

Көрсеткіші: ЖКС, миокард инфаркті;

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары: жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігі, жүрек демікпе, өкпе ісінуі, кардиогенді шок, қарыншаның фибриляциясы;

Ресурстар: ЭКГ қол аппараты, муляж, кушетка, марлевая салфетка, тонометр, фонендоскоп, марлі дәке, резинке жгут, клеенка жастықша, пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этил спирті 700, бір рет қолданатын шприцтер: 5мл, 10мл, 20мл көк тамырға еңгізетін ертінділерге арналған штатив, бір рет қолданатын система, лоток, лейкопластырь, қыша қағазы, медициналық қолғап, КБУ.

нитроглицерин таб., изокет-спрей, ацетилсалицил қышқылы, натрий хлорид изотониялық ертінді, 0,005% –2мл фентанил, 1% -1-2 мл промедол, 0,25%-1-2мл дроперидол, 1500 000ЕД cтрептокиназа, 5000ЕД гепарин, 2%-2мл лидокаин, 25% –10мл магния сульфат, 4% – 5мл (200мг) дофамин, 400,0 мл полиглюкин немесе 5% глюкоза ертіндісін, 5 -10мг верапамил, 1-2мл 1% АТФ ертіндісін.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігер шақырыңыз;

2. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз;

3. Физикалық және психикалық тыныштандырыңыз;

4. Қысып тұрған киімін шешіңіз;

5. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз;

6. 0,25-0,35 г аспирин шайнатыңыз;

7. Оксигенотерапия;

Дәрігердің тағайындауы бойынша мына дәрілерді еңгізу:

нейролептоанальгезия:

1.0,005%–1мл фентанил немесе 1%1 мл морфин к/т+ 0,25%-1- дроперидол 4мл 10мл изотониялық натрий хлорид ертіндімен;

2.700 000-1500000 ЕД стрептокиназа 200 мл изотониялық натрий хлорид ертіндімен к/т тамшылатып;

3. 5000 ЕД (1 мл) гепарин к/т (струйно), кейін к/т тамшылатып сағатына 100 ЕД.

4. Науқасты реанимациялық бөлімшеге тасымалдаймыз.

Ескерту:

- АҚҚ жоғарлауында немесе қарынша экстрасистолада

- еңгізеді: 25%-10 мл магний сульфат к/т;

- 2 мл лидокаин.к/т;

- әсер етпесе оттек-закись наркозы қолданады;

- Пациентті жан сақтандыру бөліміне немесе қарқынды емдеу бөлмесіне жатқыз.

Пациентті зембілге жатқызып басын көтеріп тасымалда.

Негіздеме:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]