Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ каз сд 2017.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310 Кб
Скачать
☆

29. Стандарт: Гипогликемиялық комадағы жедел көмек көрсету.

Мақсаты:.кома жағдайынан шығару;

Көрсеткіші: естен тану;

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ;

Керекті құрал жабдықтар: 40%-20,0-80,0, 5% глюкоза ерітіндісі -1-1,5 л,

глюкометр, 1 стакан жеміс шырыны немесе тәтті шәй, 4-5 түйір қант, конфет).

Іс-әрекет алгоритмі:

Жеңіл гипогликемиялық жағдайдан шығару үшін (ес-санасын жоғалтпай) науқасқа 20 граммдай глюкоза беріңіз (1 стакан жеміс шырынын, тәтті шәй немесе 4-5 түйір қант, конфет).

Ес-санасын жоғалтқан, ауыр гипогликемииялық жағдайда:

1.Тез арада дәрігер шақыру;

2. Дәрігердің тағайындауы бойынша 40% 40-80 мл глюкоза ертіндісін к/т енгізу, әсері болмағанда глюкозаны қайталап к/т енгізу.

3. Ес-санасы қалыпқа келмеген жағдайда, 5% глюкоза ерітіндісін (1-1,5 л) к/т тамшылатып енгізу.

4. Глюкоза деңгейін әр 30 минут сайын бақылаймыз. Қандағы қант деңгейі 6,0-9,0 ммоль/л деңгейінде ұстап тұруымыз қажет.

5. Қарқынды іс-шарадан кейін наукастың ес-санасы 15-20 миуттан кейін қалыпқа келуі қажет.

Ескерту:

1.Қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіргенге және қандай комалық жағдайдан шығарғанға дейін, мақсатсыз инсулин енгізу өте қауіпті, ол ауыр жағдайға, тіпті өлімге дейін әкеледі.

2. Дибеті бар жүкті әйел жүктілік кезеңінде дәрігердің бақылауында болуы керек, инсулин тағайындауын бақылау үшін.

Негіздеме:

  1. 18 қыркүйек 2009 жылғы ҚР Кодексі.

  2. 23 сәуір2013 жылғы № 111 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

  3. 24.02.2015 года № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..

  4. 28.02.2015 года № 176 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

30. Стандарт: Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету.

Мақсаты: тез арада шок факторларын жою, тыныс алу жүйесі және жүрек қан тамыр жүйесі жұмысының жедел бұзылуын жою.

Көрсеткіші: жоқ

Қарама-қарсы көрсекіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулары: негізгі мүшелердің функциясының төмендеуі, жүрек қызметінің бұзылуы, өлім.

Кеш кездесетін асқынулар: (аллергииялық миокардит, гепатит, гломерулонефрит, неврит, жүйке жүйесінің диффузды зақымдануы), науқастың өліміне себеп болады. Шоктан кейін 1-2 аптадан соң бронх демікпенсі,қ айталанған есекжем, Квинке ісігі пайда болады, ал дәрілік аллергендермен жиі байланыста болса-«коллагенді аурулар» (жүйелі қызыл волчанка, түйінде периартерит).

Қажетті заттар: 0,1% (0,18 %) адреналин ерітіндісі, жылытқыш, мұзды мұйық, 1%-1мл мезатон ерітіндісі, преднизолон, 1% димедрол ерітіндісі, тавегил, 2% супрастина ерітінділері, 5% глюкоза ерітіндісі, 0,2% -2 мл норадреналин ерітіндісі, 2,4% - 10 мл эуфиллин ерітіндісі, 0,05%-1 мл строфантин ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Біреу арқылы бөлімше (реаниматолог) дәрігерін шақыру;

  2. Шок шақырған препаратын енгізуін тоқтау, егер ине көк тамырда болса, ол инені шығармай сол арқылы емшара жүргізу;

  3. Науқасты қатты жерге аяқ жағын жоғары көтеріп, жатқызу. Басын бір жағына бұру, төменгі иегін алға жылжыту;

  4. Науқас жағдайын бағалау, шырышты және тері жамылғыларын қарау. Пулсін, АҚҚ, ТАЖ, температурасын өлшеу;

  5. Таза ауамен қамтамасыз ету, ылғалды оттек беру. Тыныс алу жиілігі бұзылғанда немесе қиындағанда жасанды тыныс беру;

  6. Мүмкін болса дәрі енгізген жерден жоғары жгут салу;

  7. Инъекция салған жерге мұзды мұйық қою;

  8. Мұрынға және көзге енгізген дәрі аллергия шақырған жағдайда, сумен жуып, 0,1% (0,18 %) – адреналин ерітіндісін 1-2 тамшы тамшылату;

  9. Дәрігер келгенше дәрі-дәрмекті дайындау және дәрігер тағайындауы бойынша енгізу:: 0,1% (0,18 %) 0,1 мл жасына қарай (0,5-1 мл аралығында) адреналин ерітіндісі к/т, мүмкіндік болмаған жағдайда тіл немесе тері астына;

  10. Қан айналымын физиологиялық ерітіндімен жылдамдығы 20-40 мл/кг сағатына толтыру. Егер қан қысымы 20% көтеріліп немесе қалыпты болса, енгізу жылдамдығы азайтылады. Глюкокортикоидтар: преднизолон 30 – 120 (150) мг/кг (1-4 (5) мл) немесе гидрокортизон 10 - 15 мг/кг. Қажет болған жағдайда 2-4 сағат сайын қайталау.

  11. Супрастин 2% -2-4 мл ертіндісін немесе димедрол 1% 2-5 мл ертіндісін к/т енгізу;

  12. Эуфиллин 2,4%- 10 мл ертіндісін к/т енгізу.

  13. Строфантин 0,05%-0,5 мл физ. ертіндісімен к/т енгізу.

  14. Науқастың жағдайын бағалау, АҚҚ , ТАЖ және пульсті өлшеу.

Ескерту:

Науқасты реанимация бөліміне тасымалдау дәрігер-реаниматологпен бірге, өмірге маңызды ағзаларды бақылаумен жүзеге асырылады.

Негіздеме:

  1. 18 қыркүйек 2009 жылғы ҚР Кодексі.

  2. 23 сәуір2013 жылғы № 111 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

  3. 24.02.2015 года № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..

  4. 28.02.2015 года № 176 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]