- •1. Стандарт: Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау.
- •2. Стандарт: Өкпеге аускультация жасау .
- •24.02.2015 Года № 127 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..
- •28.02.2015 Года № 176 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
- •4. Стандарт: Қалта ингаляторын қолдану
- •Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •24.02.2015 Года № 127 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..
- •28.02.2015 Года № 176 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
- •10. Қолды жуып кептіру.
- •11. Медициналық құжатқа нәтижені жазу.
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •24.02.2015 Года № 127 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..
- •28.02.2015 Года № 176 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
- •3. Стандарт: Оттек беру техникасын көрсетіңіз
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •Стандарт: Жүрекке аускультация жасау.
- •6. Стандарт: экг - ға түсіру.
- •7. Стандарт: Ішке үстіртін пальпация жасау.
- •8. Стандарт: Бауырға пальпация жасау.
- •9. Стандарт: Лимфа түйіндеріне пальпация жасау.
- •Қолды жуып кептіру.
- •Медициналық құжатқа нәтижені жазу.
- •Жалпы қан анализін талдау
- •Қанның биохимиялық анализін талдау
- •Жалпы зәр анализін талдау. Зәрдің физикалық қасиеті.
- •Қақырық анализін талдауы.
- •14. Ұлтабар сөлін талдау.
- •15. Алгоритм: Асқазан сөлі анализін талдау.
- •16. Стандарт: Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету
- •1.18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •17. Стандарт: Астматикалық статус кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •18. Стандарт: Гипертониялық кризде жедел көмек көрсету
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •19. Стандарт: Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •20. Стандарт: Миокард инфаркт кезеіндегі жедел көмек көрсету.
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •21. Стандарт: Жүрек демікпесі кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •22. Стандарт: Өкпе ісінуі кезінде жедел көмек көрсету
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •23. Стандарт: Естен танған кезде жедел көмек көрсетіңіз.
- •24. Стандарт: Коллапс кезіндегі жедел көмек көрсету
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •26. Стандарт: Тиреотоксическом криз кезіндегі жедел қөмек..
- •27. Стандарт: Гипотиреоидты комада жедел көмек көрсету.
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •29. Стандарт: Гиперкликемиялық (диабеттік) комада жедел көмек көрсету.
- •Дәрігердің тағайындауы бойынша мына дәрілерді енгізу:
- •29. Стандарт: Гипогликемиялық комадағы жедел көмек көрсету.
- •30. Стандарт: Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету.
7. Стандарт: Ішке үстіртін пальпация жасау.
Мақсаты: іштің бұлшық етінің қатты-жұмсақтығын, ауыратын ауырмайтындығын, іш аймағында тығыздалған бөліктердің, түйіндердің, жарықтың, ісіктің бар-жоғын анықтау.
Көрсеткіші: іш қуысы мүшелерінің аурулары.
Қарама-қарсы көрсеткіштері: жоқ
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Бөлме жылы, жарық және тыныш болу керек;
2. Тексерушінің қолы жұмсақ, құрғақ, жылы болуы керек, өйткені, қолы салқын болса іш бұлшық еті тітіркеніп, рефлекторлы жиырылуын тудырады, тырнақтары алынған болуы керек;
3.Қолыңды гигиеналық антисептикалық деңгейде тазалап жу;
4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұра;
5. Науқасты кушеткаға немесе қатты жерге бас жағын төмен етіп жатқызу;
6. Науқастың қолын кеудесіне қойып, аяғын созып жатуын сұра. Бас жағы аласа болу керек, басы жоғары болса іш бұлшық етінің қатаюына алып келеді, ол пальпация жасауға кедергі болады;
7. Науқастың оң жағында, бетпе-бет қарап отыр, орындық науқастың кереуетімен бірдей деңгейде болу керек;
8. Оң қолыңызды науқастың ішіне қой (алақан жазылып, саусақтар сәл бүгулі болу керек);
9. Науқастың аузымен терең дем алуын сұра, мүмкіндігінше іш бұлшықеттері тыныс алуға қатысу керек, бұл кезде іш бұлшықеттері босайды;
10. Пальпацияны сау жағынан бастайды;
11. Оң қолдың саусақтарын сәл бүгіп науқастың ішіне қой және ақырындап, тереңдемей ішке пальпация жаса;
12. Пальпация сол жақ мықын аймағынан бастап және біртіндеп сол жақ қабырға астына көтеріл, эпигастрии аймағы, оң жақ қабырға астына көш, оң жақпен төмендеп,оң мықын аймағына түс;
13. Осылайша пальпация сағат тіліне қарсы бағытта жүргізіледі;
14. Сосын іштің ортаңғы бөлігіне пальпация жасап, эпигастрий аймағынан бастап, төмен қасағаға қарай жүргіз;
15. Іштің тік бұлшық етінің айырылуын және кіндік сақинасында, ақ жолақта жарықтың бар-жоғын анықта;
16. Ол үшін оң қолдың саусақтарын сәл бүгіп, төстің семсер өсіндісінінен төмен іштің ақ жолағына қолыңызды қойып, науқастын басын көтеруін сұра;
17. Іштің үстіртін беткей пальпациясы арқылы анықта:
1. іш пресінің жергілікті және жалпы ширығуын анықта;
2. Іштің жергілікті және жалпы ауырсынуы
3. іштің тік бұлшық етінің айырылуын, кіндік сақинасында және іштің ақ
жолағында жарықтың бар-жоғын анықтау;
4. іш қуыс мүшелерінің ұлғаюын, үстіртін орналасқан ісікті анықтау
18.Қолды жуып кептіру.
19. Медициналық құжатқа нәтижені жазу.
Негіздеме:
18 қыркүйек 2009 жылғы ҚР Кодексі.
23 сәуір2013 жылғы № 111 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
24.02.2015 года № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..
28.02.2015 года № 176 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
8. Стандарт: Бауырға пальпация жасау.
Мақсаты: пальпация арқылы бауырдың төменгі шетінің орналасқан жерін, ауырсынуын, тығыздығын, пішінін анықтау.
Көрсеткіші: созылмалы инфекциялы аурулар, улану, (арақтан болған) бауырдың эхинококкозі, жедел және созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы, бауырдың қатерлі ісік ауруы және оның таралуы, лейкоздар және гемабластоздар, жүрек жеткіліксіздігі.
Қарама-қарсы көрсеткіші: жедел қабыну аурулары және іш мүшелерінің зақымдануы;
Болуы мүмкін асқынулар: жоқ
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Бөлме жылы, тыныш болуы керек;
2. Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек.
3.Қолыңды гигиеналық антисептикалық деңгейде тазалап жу.
4.Науқастан сыртқы киімін шешіп, кушеткаға жатып немесе қатты жерге аласа жастықпен, басын сәл көтеріп, қолдарын кеудесіне қойып, аяғын созып, дем алуын сұра.
5. Төсектің оң жағында науқаспен бетпе бет қарап орындыққа отыр, орындық биіктігі науқас кереуетімен бірдей деңгейде болуы керек .
6. Перкуссия арқылы бауырдың төменгі шекарасын анықта (пальпация үшін оң қолды қою)
7. Оң қолыңызды науқастың ішіне алақанды жазып, саусақтар сәл бүгіп, оң жақ қабырға астына перкуссияда табылған бауыр шекарасынан 3-5 см төмен қой.
8. Сол қалдың 4 саусағы мен алақаны оң жақ қабырға доғасын бел тұсынан, ал бас бармақ қабырға доғасын алдынан қапсыра ұстайды. Бұл кеуде қуысының қозғалмалылығын дем алғанда шектейді, және диафрагманың төмен қарай қозғалысын күшейтеді.
9. Бауырдың төменгі шекарасына пальпацияны оң жақ бұғана орта сызығымен, оң жақ төс маңы сызығымен, алдыңғы ортаңғы сызығымен жүргізеді.
10. Қолды дұрыс қойғаннан кейін, оң қолмен теріні төмен жиыр, дем шығарғанда саусақтың ұшын біртіндеп ішке енгіз (терең емес 1-2 см), науқастың терең дем алуын сұра.
11.Терең дем алғанда бауыр қабырға доғасынан шығып пальпацияда білінеді.
12. Егер бауырдың төменгі шекарасы білінбесе, саусақты 1-2 см жоғарылатып қайта пальпация жаса.
13. Пальпацияда бауырдың шетін, тегістігін, консистенциясын, сезімталдығын бағала.
14.Қолды жуып кептіру.
15. Медициналық құжатқа нәтижені жазу.
Ескерту:
1. Қалыпты жағдайда бауырдың шеті жұмсақ, түзу, оның беті тегіс, ауырмайды.
2. Бауыр циррозында, қатерлі ісік ауруында бауыр тығыздығы артады.
3. Қатерлі ісік ауруында бауыр бұдыр, тегіс емес, тығыз болады.
Негіздеме:
18 қыркүйек 2009 жылғы ҚР Кодексі.
23 сәуір2013 жылғы № 111 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
24.02.2015 года № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..
28.02.2015 года № 176 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
