Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ каз сд 2017.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310 Кб
Скачать
☆
  1. Жалпы зәр анализін талдау. Зәрдің физикалық қасиеті.

Түсі – полиурияда, қантты жіне қантсыз диабетте, бүйрек жеткіліксіздігінде ағарған,механикалық сарғаю мен вирусты гепатитте(тоқшыл сыра) сарыдан жасылға дейін. Гемолитикалық сарғаюда қанық сары. Жедел гломерулонефритте ет жуындысы. Зәр шығару жолдарында тас болғанда, бүйрек және шығару жолдарының жарақатында қызыл.

Мөлдірлігі: Тұздың, лейкоциттердің, микроорганизмдердің болуына байланысты паталогиялық бұлдырлық.

Тығыздығы: Таңғы үлесте – 1020-1024. Патологиялық тығыздық 1001-1004, қантсыз диабетте салыстырмалы тығыздық айтарлықтай төмендеу. 1005-1012 тұрақты төменділік жедел пиелонефритке тән. Уақытша тығыздығының төмендеуі сұйықтықтардан кейінгі ісінуде, көк тамыр инекциясының әсерінен төмендеуі мүмкін. 1030-1040 салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы, полиурия мен қант диабеті кезінде, олигоурия мен анурия кезінде кездеседі, жедел гломерулонефрит кезінде қуыстарға суйықтық жиналғанда байқалады.

Реакциясы. Сілтілі реакция, цистит, құсудан және іш өтуден кейін, сілтілі және минералды суды ішкеннен кейін эксудат пен трансудаттың сіңірілуінде байқалады. Қышқылды реакция подагра, қант диабеті, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, аштық кезінде кездеседі.

Зәрдің химиялық құрамы.

Белок. Зәрмен бірге 0,033г/л белоктың бөлінуі- аурудың белгісі (жедел тжәнге созылмалы гломерулонефрит, пиелонефрит, цистит, инфекциялық және токсикалық жағдай).

Глюкоза. Зәрдегі глюкоза – глюкозоурия, көмірсуға бай тағамдарды көп қабылдағанда, кортикостероидтарды қабылдағаннан кейін, триотоксикоз, кант диабетінде анықталады.

Билирубин. Билирубиния бүйректік және механикалық сарғаюда анықталады.

Уробилин. Уробилинурия гемолитикалық сарғаюда, гепатитте, бауыр циррозында байқалады.

Микроскопиялық зерттеу. Көпқабатты жазық эпителий дәретханасыз анализге зәр жинауда ұлғаяды. Қуықтағы өтпелі эпителий цистит кезінде анықталады. Бүйрек – жамбас өтпелі эпителиі пиелонефрит, өт-тас ауруы, аспаптық зерттеуден кейін(катетрлеу, цистоскопия) анықталады.

Лейкоциттер. Лейкоциттердің жоғарылауы – лейкоцитурия, егер лейкоциттер толығымен болса-пиурия. Зәр шығару жүйесінің қабыну процестерінде кездеседі.

Эритроциттер. Эритроциттердің жоғарылауы-эритроцитурия, егер көзге көрініп тұрса-макрогематурия. Гломерулонефрит, жедел пиелонефрит, бүйрек-тас ауруы, гемаррагиялық диатез, бүйрек және зәр шығару жолдарының жарақатында кездеседі.

Цилиндрлер. Цилиндрлердің жоғарылауы – цилиндрурия, қызба, улану, пиелонефрит, гломерулонефрит, жедел пиелонефритте байқалады.

Тұздар (ураттар, оксалаттар, фосфаттар). Бүйрек тас ауруы мен зәрқышқылды диатезде жоғарылайды.

Бактериялар – бактериурия бүйрек және зәр шығару жолдарының қабыну процесінің белгісі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]