- •5В050900 «Қаржы» мамандықтары үшін
- •Мазмұны
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ақ «Қаржылық академия»
- •Жұмыс (модуль) бағдарламасы
- •5В050900 «Қаржы» мамандықтары үшін
- •2.4.Курстың пререквизиттері:
- •2 Пәннің мазмұны «Бюджеттік процесс пен қазынашылық» пәнінің тақырыптық жоспары
- •2.1 Пән бойынша дәріс,семинар және соөж-ның орындалу сызбасы
- •1 Пәннің жүктеме сыйымдылығы
- •2. Пәннің сипаты және оның оқу үдерісіндегі орны
- •2.1 Пәннің сипаттамасы.
- •Пәнді оқудың міндеті:
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •5В050900 «Қаржы» мамандықтары үшін
- •Оқытушы жөнінде мәлімет және ақпарат
- •2. Пәннің сипаты және оның оқу үдерісіндегі орны
- •2.1 Пәннің сипаттамасы.
- •Пәнді оқудың міндеті:
- •2.4.Курстың пререквизиттері:
- •3 Пәннің мазмұны «Бюджеттік процесс пен қазынашылық» пәнінің тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі (сөж)
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер.
- •Білімді бағалау Бағалау критерийлері
- •Курс саясаты
- •Емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •3 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •1. Бюджеттік процесс түсінігі. Бюджеттік процесстің экономикалық мазмұны. Бюджеттің ерекше айналымы
- •2. Бюджеттің сипаттама белгілері. Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық жэне ұйымдастырушылық формалары.
- •3. Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
- •4. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері
- •3.Қазынашылықтың негізгі кітабі:
- •Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі процедуралар мен технологиялар
- •1. Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың рөлі және мақсаттары
- •2. Бюджетті жоспарлау принциптері. Жоспарлауда қолданатын норма мен нормативтердің ролі және мәні
- •3. Жоспарлау мен болжамдаудың кезеңдері, әдіс пен тәсілдері
- •4. Мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясаты
- •1. Бюджет түсімдері және олардың көздері
- •2. Бюджеттің салықтық жэне салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мәні
- •3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •4. Салық түсімдерін болжау. Салық түсімдері контингентінің есей әдісінің сипаттамасы
- •5. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар тусімдерін болжау
- •6. Халықаралық сауда жзне сыртқы операциялар бойынша салық тусімдерін болжау
- •7. Ерте берілген несиелерді отеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау
- •Тақырып. Бюджет шығыстарын қалыптастыру негіздері
- •1.Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері
- •2. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге жұмсалатын бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •3. Қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, соттар мен прокуратураға арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері
- •2. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері
- •3. Кадрларды кәсіби дайындау және жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы
- •4. Білім беру мекемелеріне байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі
- •5. Мемлекет кызметкерлері емес мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •1. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру коздері. Медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау және каржыландыру.
- •2. Халықтыц денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жәрдем корсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері.
- •3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері.
- •10 Тақырып. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •1. Зейнетақы төлеу аумағындағы бюджеттің рөлі мен мемлекеттің саясаты. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •2. Қазақстаи Республикасыныц азаматтарын элеуметтік қорғау. Мемлекеттік элеуметтік жэрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жэрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар.
- •3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
- •4. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығындары және олардың кызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •2. Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігіне арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •3. Өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалануға арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •4. Көлік және коммуникацияның дамуын қаржыландырудағы бюджеттің рөлі.
- •5. Табиғатты қорғау іс-шаралары мен ауыл, орман, су, балық шаруашылықтарына арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •1. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту тәртібі
- •2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі
- •3. Экономикалық жіктеудін ерекшеліктері бойынша шығындар есебін қалыптастыру тәртібі
- •1. Заңды тұлғалар үшін:
- •2. Жеке тұлғалар үшін:
- •Дәріс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •1. Бюджеттің айқындалуы мен атқарылуының түсінігі және принциптері. Секвестр түсінігі
- •2. Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары
- •3. Бюджетті атқару негіздері
- •4. Бюджеттік бағдарламалар паспорттары және оларды қаржыландыру жоспарлары.
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •14 Тақырып. Бюджеттік несиелеу және бюджеттік инвестициялар
- •1.Бюджеттік несиелеу түсінігі, оның принциптері мен критерийлары. Бюджеттік несие берудің процедуралары мен тәртібі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •6 Семинар (тәжірибелік) сабақтарының жоспары
- •Семинар сабағына дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау
- •7. Пәнді оқыту бойыншаәдістемелік нұсқаулар
- •Бірінші межелік бақылауды өткізудің сұрақтары.
- •Екінші межелік бақылауды өткізудің сұрақтары.
- •8. Курстық (жоба) жұмысты, лабораторлық жұмысты, графикалық есептеуді орындау мен типтік есептемелерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Студенттердің өздік жұмысын орындауға арналған материалдар
- •Сөж орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер.
- •10. Оқу тәжірибесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •11. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдары бірінші межелік бақылауды өткізудің сұрақтары. Бірінші межелік бақылауды өткізудің сұрақтары.
- •Екінші межелік бақылауды өткізудің сұрақтары.
- •Емтихан сұрақтары
- •12. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (оқу пәнінің мазмұнына байланысты)
- •13. Мамандандырылған дәрісханалар, кабинеттер, мен зертханалар тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері
Азаматтардың білім алу құқы Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілденген және 2013 жылы маусым айының 7-нші жұлдызында қабылданған «Білім беру туралы» Заңмен реттеледі. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметті-экономикалық шарт-тар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы камтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстык негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы рет алып отырса.
Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерінен білім беру қызметтерін сатып алуды бюджет-тен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру арқылы іске асырылады.
Білім беру аумағындағы заңнамалар мемлекетгік саясаттың принциптерін анықтайды, азаматтардың білім алу құқын қамтамасыз етеді, орталық және жергілікті атқарушы органдардың отемақыларын шектейді, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейді, олардың құқыктарын, міндеттерін, уәкілеттерін және жауапкершіліктерін белгілейді.
Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып келесілер табылады:
барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;
әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүмкінділігі;
білім берудің діннен тыс сипаты;
тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылықты дамыту;
білім беру процесінің үздіксізділігі, оқыту мен тәрбиелеудің бірлестілігі;
білім беру мекемелерінің меншік формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары және білім беру бағыттары бойынша әр түрлілігі;
білім беру, ғылым және ендірістің шоғырлануы;
оқитындарды кәсіптік бағдарлау;
білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі маңына бір-бірімен арақатынаста болатын меншік форма, тип және түрлерінен тәуелсіз білім беру мекемелері, әр түрлі білім беру деңгейлеріне арналған білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары және білім беру бағдарламаларды іске асыру мен білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін білім беруді басқаратын органдар көрсетіледі.
Білім беру жүйесінің негізгі міндеті - ол үлттық және жалпы-адамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірибе жетістіктеріне негізделіп, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби жаралуына бағытталған білім алу үшін қажетті шарттар жасау. Оның басымды мақсаттары болып келесілер табылады:
білім беру бағдарламаларды игеру үшін шарттар жасау;
түлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, өнегелілік пен аман тұрмыс нүсқасының мығым негІзін қалыптастыру;
азаматтык пен отаншылдықты, мемлекеттік рәміздер құрметтеуді, халық дәстүрлерін қадірлеуді, конституция мен қоғамға қай-кайсы қарсылықтарға төзімсіздікті тәрбиелеу;
тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне сезімді қатынасын және республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдениетгік өміріне қатынасуының кажеттілігін қалыптастыру;
әлем және отан мәдениетінің жетістіктеріне қатыстыру, қазак және республиканың басқа халықтарының тарих пен салт-дәстүрлерін оқу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін игеру;
білім беру мекемелерінің дербестігін ұлғайту мен басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
оқытудың жаңа тсхнологияларын енгізу мен білім беруді ақпараттандыру;
еңбек нарығындағы бәсекелікке қабілеті бар білікті жұмысшылар мен мамандарды дайындау, олардың біліктілігін жоғарлату және қайта дайьгадау;
әр түрлі және көпфункционалды білім беру мекемелердің тиімді дамуына жәрдем беру.
Білім беру бағдарламалар білім берудің тиісті деңгейлері мен олардың сатыларының мазмұнын аныктайды. Республикада тікелей білім беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың екі түрі - жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосынша) бағдарламалар іске асырылып жатыр.
Жалпы білім беру бағдарламалары түлғаның жалпы мәдениеті және оның өмір мен қоғамға икемделуі жөніндегі мақсаттарды шешуге, кәсіп пен мамандыкты сезімді таңдау мен игерудің негізін жасауға бағытталған. Кәсіби бағдарламалар кәсіи пен білік-тіліктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды дайындауға және оқитындардың жалпы білімдері мен кәсіби деңгейлерін тізбекті жоғарлатуға бағытталған.
Жалпы білім берудің мазмұны оның әрбір сатысы бойынша тиісті жалпы білім беру бағдарламамен анықталады және мектеп-ке дейінгі тәрбие мен оқыту мен орта білім беруден қалыптасады.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекет-тік бағдарламасы бойынша жалпы орта білім беру - үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытудан құрасады: 1-саты - жалпы бастауыш білім беру; 2-саты - негізгі жалпы білім беру; 3-саты - жалпы орта білім беру.
Бұл бағдарламада кәсіптік бастауыш білім беру мен техникалык және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта білімнің бөлігі орта бі лім беру жүйесінің құрамдас бөлігі бо лып табылатын және технологиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейіндегі тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруге өзгертілетіні туралы да мәлімденген. Сонымен қатар, бұл арада кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын іске асырудың өзі орта білімнен кейінгі білім беру арқылы жаңа деңгейге көтеріледі.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру тек қана жалпы орта білім беру базасында камтамасыз етіледі және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кәсштік білім беру мен кадрлар-ды даярлаудың бөлігі ретінде экономика, құқык, экология, медицина, ақпаратхық технологиялар және инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегін атқаратын орта буын мамандарын басымдылықпен даярлайды.
Жоғары кәсіптік білім беру республикада тиісті жоғары бі-лім беру бағдарламалар негізінде университет, академия, институт және осыларға теңестірілген оқу орындары бойынша іске асырылады. Сонымен қоса, жоғары оқу орындары тиісті лицензиялары болған жағдайда орта, техникалық және кәсіптіқ, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндіктері бар.
Жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде Мемлекеттік бағ-дарламаға сәйкес оқу процесін үйымдастыру технологиясының дәстүрлі жүйесінің орнына окытудың кредштік жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оқитындардың өз бетінше белсенді жүмыс істеуін ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың болуын қамтамасыз етеді, білім туралы құжаттардың әлемдік білім беру кеңістігіне танылуына әсер етеді.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоғары кәсіптік білім беру негізінде екі деңгейден қалыптасады - жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Жоғары білім беру - ол жоғары базалық білім беретін бакалавриат болады. Бакалавриаттың бірінші екі курсында жалпы білім беру құрамдас бөлігінің мазмүны біріздендірілген болады, ал келесі курстарында оқыту базалық пәндер бойынша жүзеге асырылады. Барлық мамандықтар бойын-ша (медицина және ветеринар мамандықтарынан басқа) бакалавриатта оқытудың мерзімі 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесі берілетін қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады. Бакалавриатты бітірген азаматтардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында, яғни магистратурада өз білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Магистратурада дайындық 1-2 жылдык мезімде және екі бағытта жүргізіледі - ол тереңдетілген және ғылыми-псдагогикалык даярлық. Магистратурада білім беру бағдарламалардың негізгі мақсаты болып оқитындарға іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылымның бір бағыты бойынша пәндерді тереңдетіп оқыту табылады. Магистратураны бітіргендерге магистр атты академиялық дәрежесі беріліп, олар докторантурада оқуын жалғастыруға немесе ғылыми-педагогикалық және өзге де еңбек қызметімен айналасуға құқығы бар,
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең жоғары білік-ті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болып докторантура есептеледі. Докторлық білім беру бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды. Бұл бағдарламаларды игерген және докторлық диссертация қорғаған азаматтарға философия докторы (РҺ.Б) академиялық дәрежесі, ал бейіндік докторантураиы игерген кезде - бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.
Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техни-калық және кәсіптік білім алуына мемлекетгік кепіл негізі бо-лып мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру, ал жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың - мемлекетгік білім беру гранттары табылады.
Білім беру саласына, оның басымдылығын есептей отырып, мемлекет жыл сайын бюджетгік құралдар бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы іске асырылады.
