Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Бюджет процесс пен казынашылык 2017-2018 Усипбеков АА.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі

Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту және атқару Бюджеттік кодекс ережелері мен басқа да нормативтік актілермен реттеледі. Осы актілерге сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республика Үкіметінің тапсырмасы бойынша тамыз айының 15 жүлдызына дейін облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне сол жергілікті бюджет кірістеріне жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан бөлінетін түсімдердің жобаланған мөлшерлерін хабар етеді.

Сонымен бірге жалпы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру мен жергілікті атқарушы органдар қажетті болған оқиғада пайдалануға арналған несиелердің мүмкіндік сома-лары және де жергілікті өкілдік пен атқарушы органдардың басқару аппараттарын үстауға арналған шығындардың лимитіне республикалық бюджет құралдарынан бөлінетін шамаланған сомалар жеткізіледі.

Содан соң, осы көрсеткіштер және өздерінің болжамдық мәліметтері, яғни аумақтар бойынша жасалған олардың даму болжамдары мен бағдарламалары негізінде, жергілікті атқарушы органдар келесі қаржылық жылға өз бюджеттерінің болжамдың көлемдерін дербес анықтайды. Осы маңда облыс және аудан арасындағы салықтар мен кірістерді бөлуді облыс өкілдікті органның келесі қаржы жылдың облыс бюджеті жөніндегі шешіміне сәйкес сол облыстың өкілдік органы белгілейді.

Тиісті жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының теңестілігі үшін жауапкершілік толығымен жергілікті өкілдік және атқарушы органдарға жүктеледі, сондай-ақ төменгі бюджеттерді құру, бекіту және атқару процесіне мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың араласуы жіберілмейді. Жергілікті бюджеттердің барлық параметрлері бірыңғай бюджеттік жіктелуге сәйкес анықталады.

Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының келесі қаржы жылдың бюджеттеріиің жобасы тиісті маслихаттар талқылауға ағымдағы жылдың қазан айының 15 жұлдызына дейін шгізілуі кажет. Бұл бюджеттер «Республикалық бюджет жөніндегі» Заң өз күшіне енгеннен кейін екі апта ішінде бекітілуі тиіс. Ал аудан мен облыстык маңызы бар қала атқарушы органдары ағымдағы жылдың караша айының 1 жұлдызына дейін тиісті маслихатта талқылауға өз бюджеттерін енгізілуі қажет және ол облыс бюджеті кабылданғаннан кейін екі апта ішінде бекітілуі тиіс. Егерде белгіленген уақытта жергілікті бюджет жобасы бекітілмесе, онда жергілікті атқарушы орган келесі жылдың 1 токсанына жергілікті қаржы жоспарын қабылдау жөнінде шешім шығаруға құқы бар.

Облыстар, Астана мен Алматы калаларының әкімдері аудан мен облыстық маңызы бар қала бюджеттері бекітілгеннен кейін бір апталық мерзімде бюджеттік жоспарлау және атқару орталық органдарына облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жиынтық бюджеттерін, тиісті жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жер-гілікті атқарушы органдарының қарыздарын өтейтін шығындар көлемін ұсынады.

3. Экономикалық жіктеудін ерекшеліктері бойынша шығындар есебін қалыптастыру тәртібі

Республикалық және жергілікті бюджеттердің келесі қаржылық жыл жобасын жасау үшін мемлекеттік мекемелер бағдарламалар әкімшіліктеріне шығыстардың экономикалық жіктеуінің әрбір ерекшеліктері бойынша бюджеттік шығындардың есептемелерін ұсынады. Мұндай есептемелерді құру үшін мемлекеттік мекемелер келесілерді қолданады:

  • бірыңғай бюджеттік жіктеуді, оның ішінде шығындардың экономикалық жіктеуін;

  • бюджет шығындарының экономикалық жіктеу ерекшеліктерінің құрылымын;

  • орташа мерзімдік әлеуметті-экономикалық даму жоспарға сәйкес тиісті кезеңнің болжамдық көрсеткіштерін;

  • заңнамалық және нормативтік актілермен белгіленген әрекеттегі нормалармен және нормативтермен.

Экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша шығындар есептемелері, мысалы, келесі формалар арқылы құрылады:

  • 01 -111 форма мемлекеттік бюджет арқылы үсталатын мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;

  • 10-111 форма прокуратура органдары қызметкерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;

  • 11-111 форма құқық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Қаржы полиция агенттігі органдарының және кеден қызметі жұмыскерлерінін негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;

  • 12-111 форма әскери қызметкерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады.

Осы формалар бойынша есептемелер үшін ҚР Президенттінің «Әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар агенттігі органдарының және прокуратура органдары жұмыскерлерінің категориялары бойынша қызмет тізілімдемелерін бекіту жөніндегі» және «Мемлекеттік бюджет арқылы ұсталатын республикалық органдар жұмыскерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесі жөніндегі» Жарлықтары (2013ж. 25 на-урыз №575 және №576) негіз болады.

Әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдары қызмет-керлерінін жинақтаушы зейнетақы қорларға аударылатын міндетті зейнетақы жарнамаларын есептеу үшін 01-114 форма арналады. Мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің әлеуметтік салық төлеу шығындарын есептеу үшін 01-121 форма қолданылады. Бұл формада салық салынатын еңбекақы қоры, әлеуметтік салық мөлшерлемесі мен жылғы салық сомасы белгіленеді. Ал балан-старында автокөлік құралдары бар мемлекеттІк мекемелер сол автокөлік құралдарының иелері ретіндегі азаматты-құқыктық жауапкершіліктік міндетті сақтықтың жарнамаларын есептеу үшін 01-125 форманы пайдаланады.

Денсаулық сақтау мекемелерінен басқа мемлекеттік мекемелер барлық шығындардың ішінде тамақка арналған шығындарын есептеу үшін 01-131 форманы толтырады. Бұл формада тамақ азықгарын алушылардың атауы, азық нормасы және азыктанатындардың орташа жылдық саны көрсетіледі. Мысалы, білім беру мекемелерінде азықтанатындар болып оқушылардын орташа жылдык саны есептеледі, әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерде - тұрғындардын орташа жылдық саны, әскери және оған теңестірілген органдар мекемелерінде - әскери қызметкерлердін орташа жылдық саны.

Әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарынын қызметкерлері, әскери оқу орындарынын курсанттары және тағы басқа теңестірілген кызметкерлер мемлекеттік бюджет құралдары арқылы арнайы киім-кешек және басқа да заттық мүлік бұйымдарымен қамтамасыз ету қаржыландырылады. Осыларды сатып алуға, тігуге және жөндеуге арналған шығындарды есептеу үшін тиісті мемлекеттік мекемелер 01-134 формасын пайдаланады. Бұл формада киім-кешек пен басқа да арнайы заттык мүлікті алушылардың атаулары мен олардың орташа жылдық саны, белгіленген норма мен шығындардың барлық сомасы көрсетіледі.

Мемлекеттік бюджет құралдары арқылы каржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің барлық шығындары жоғарыда көрсетілген экономикалық жіктеудің ерекшеліктеріне сәйкес арнайы формалар толтыру бойынша есептеледі. Сол формалар бойынша шығындарды есептеу мемлекеттік мекемелердің іс-әрекеттерін реттейтін әр түрлі нормативтік актілер ережелеріне негізделеді. Мысалы, ел ішіндегі кызметтік іс-сапарларға бағытталған шығындарды есептеу үшін 01-136 форма толтырылады. Бұл арада есептемелер негізі ретінде «Мемлекеттік бюджет аркылы ұстайтын мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің ҚР шегіндегі қызметтік іс-сапарлар Тәртібін бекіту жөніндегі» Үкімет өкімі (2012 ж. 22 қырқұйек №1428) қолданылады. Ал егерде қызметтік іссапар шетелге бағытталса, онда мемлекеттік мекеме 01-137 форманы толтырады және шығындар есептеуі «Шетел валютасында іссапарлық шығындарды өтеу жөніндегі» Қаржы министрлігінің бүйрығына (1998 ж. 16 қараша №534) негізделеді.

Мемлекеттік мекемелерге сырттан көрсетілген әр түрлі қызметтерді өтеуге арналған шығындарын есептеу үшін де арнайы формалар белгіленген. Мысалы, байланыс қызметтерін өтеу үшін шығындар 01-142 форма арқылы есептеледі, ал көлік қызметтерін өтеуге арналған шығындар сомасын есептеу үшін 01-143 форма толтырылады. Сондай-ақ, заңды және жеке түлғалар мемлекеттік мекемелерге атқарылған жұмыстар мен көрсеткен қызметтерді өтеуге бағытталған шығындар сомасын есептеуге 01-149 форма арналған. Бұл формада жасалған есептемелер шығындардың жалпы сомасымен бірге олардың негізгі түрлері бойынша келесі көрсеткіштер арқылы келтіріледі: