Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Бюджет процесс пен казынашылык 2017-2018 Усипбеков АА.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру коздері. Медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау және каржыландыру.

Халықтың денсаулығын сақтау мен бекінісі өз алды мемлекеттік пен қоғамдық, әлеуметті-экономикалық пен медициналық мекемелердің көп жақтык іс-әрекеттерін көрсетеді. Халықтың денсаулық сақтау сұрақтары арнайы заңнамалық және нормативтік актілермеи реттеледі. Олар ҚР Конституциясымен кепілденген азаматтардың денсаулық пен оны сақтау жөніндегі құқықтарын камтамасыз етуін, халык денсаулығынын бекінісі мен дамыту шарттарын жасау үшін билік пен басқарудың мемлекеттік органдарының, жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін аныктайды.

Халыктың денсаулығын сақтау профилактикалық бағыттылығы- мемлекет пен жұмыс берушілердің әлеуметті-экономикалық шаралар жүйесін іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жүйе азаматтар денсаулығына зиянды әсер ететін факторлар мен шарттарды жою жәж ауруға шалдығуды алдын ала сақтандыруға, өмірге және еңбекке қабілеттілікті жоғары деңгейде сүйемелдеуге бағытталады.

Республикалық бюджеттің денсаулык сақтауға арналған құралдарды жұмсау Бюджеттік кодексте келесі бағыттар бойынша анықталған:

  • жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету;

  • республикалық деңгей бойынша табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою маңында жедел медициналық жәрдем қызметін үйымдастыру;

  • республикалық мәндегі денсаулық сақтау мемлекетгік ұйымдардағы медициналык сауықіырын шығару;

  • психиатриялық аурулары бар және қатаң байқау талап ететін адамдарға медициналық жәрдем көрсету;

  • сотты-медициналық және сотты-психиатриялық сарап жүргізу;

  • ауруларды шетелдерде емдеуді ұйымдастыру;

  • айрықша кауіпті індетгерге қарсы іс-әрекет;

  • республикалық денсаулык сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру;

  • ресііубликалық деңгей бойынша халықтың, мемлекеттік шекара мен көлікте санитарлы пидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету;

  • әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олардың жанұя мүшелерін, сондай-ақ әскери қызметкерлер, құқық корғау органдары мен басқа да категория азаматтар құрамынан шыққын зейнеткерлерге заңнамалық актілерге сәйкес медициналық қызмет көрсету;

  • жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатыи шығындардан басқа азаматтар денсаулық сақтау саласындағы іс-әрекет.

Аймақтық бюджетгер шығындарында денсаулық сактауға бөлінген құралдар келесі бағыттар бойы қарастырылған:

• республикалық бюджеттен қаржылындырылатын бағыттардан басқа медициналық жәрдем жасаудың кепілдемеленген көлемін қамтамасыз ету;

  • халықтың санитарлы-эпидемиологиялың саулығын қамтамасыз ету;

  • заңнамаларға сәйкестік вакциналар, иммунобиологиялык және басқа да медициналың препараттармен мүліктену;

  • жергілікті денсаулық сактау үйымдар үшін қан және оның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру;

  • республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттардан басқа денсаулық сақтау аумағындағы басқа шаралар.

Осы мақсаттарға арналған шығындар құрамы бюджеттер бойы бюджеттік жіктелуге сәйкес аныкталған. Мысалы, республикалык бюджет шығындар құрамына 05 «Денсаулық сактау» атты функ-ционалдық топ және оның ішіндегі 01 «Кең профилді аурухана-лар», 02 «Халық денсаулығын сақтау», 03 «Мамандандырылған медициналық жәрдем», 09 «Денсаулың сақтау аумағындағы басқа да қызметтер» атты кіші функциялар кіреді.

Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері ретінде келесілер табылады:

  • республикалық және жергілікті бюджеттер құралдары;

  • халықаралық үйымдар құралдары (денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық бағдарламалар);

  • нормативтер үстінде ақылы медициналык кызмет көрсету мен шаруашылық іс-әрекеттің басқа түрлері арқылы алын-ған медициналық мекемелердің құралдары;

  • азаматтардың өздік құралдары;

  • заңды және жеке түлғалардың, сонымен қатар басқа мемлекеттердің ақысыз және игі қайырымдылық жарналары;

  • заңнамалармен тыйым салынбаған басқа да көздер. Бюджеттік қаржыландыру жүйесімен қатар маңызды бір көз болып медициналық қамсыздандыру табылады. Ол косымша қаржы ресурстарды пайдалануға мүмкіншілік береді және халык денсаулығын сақтау жүмысындағы экономикалық мүдделілігінің механизмін құрайды.

Денсаулык сақтау саласының әлеуметгі-экономикалық маңыздылығы және осы салаға белінетін бюджет құралдарының едәуір үлкен көлемі шығындарды сапалы жоспарлау мен құралдарды тиімді талап етеді.

Денсаулық сақтау мекемелердің іс-әрекетін жоспарлау жәш қаржыландыру мекемелердің категориясы мен оның іс-әрекетінің көрсеткіштеріне байланысты. Бюджеттік жіктелуге сәйкес денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бюджетгік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бойынша іске асырылады. Мысалы, республикалық бюджетге 02 «Халыңтың денсаулығын сактау» атты ішкі функция бойынша 006 «Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық саулығы» атты, 007 «Қан және оның құрамдас бөліктері мен препаратгарын өрдіру» атты және тағы басқа бағдарламалар бойынша шығындар қаржыландырылады.

Денсаулық сақтауға арналған шығындарды қаржыландыру жоспары ел мен аймактардың әлеуметті-экономикалық даму жоспарлары негізінде калыптастырылады. Денсаулык сақтауға арналған шығындарды жоспарлау есептемелерінің негізін құрайтын оперативті-тізбекті көрсеткіштер ретінде келесілер пайдаланады:

  • орташа жылдық орындар саны;

  • жыл бойы бір кереуетті пайдалану күн саны;

  • барлық орын-күн саны;

  • дәрігерлік қызметтердің орташажылдык саны;

  • дәрігерлік қатысу саны.

Оперативті-тізбекті және өндірістік көрсеткіштер негізінде және бюджеттік жіктелудің экономикалық ерекшеліктеріне сәйкес денсаулық сақтау мекемелерінің бекітілген форма бойынша шығындарды қаржыландыру жоспары есептеледі. Уәкілетті басқару органынен бекітілген және тиісті қаржылық жылға құрылған бұл қаржыландыру жоспарда денсаулық сақтау мекеменін құралдарының жалпы көлемі, мақсатты бағыты және токсан боиынша бөлінісі көрсетіледі