Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Бюджет процесс пен казынашылык 2017-2018 Усипбеков АА.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  2. Бюджеттің айқындалуы қандай принциптерді сақтау арқылы іске асырылады

  3. Бюджеті атқару үшін қандай шоттар жоспары пайдаланады

  4. Бюджеттік кодексте бюджет міндетті түрде айқындалуы карастырылған – олар нелер

  5. Республикалык немесе жергілікті бюджеттер айқындалуы қандай шарттарды сақтаған жағдайда жіберіледі

  6. Бюджетті атқарудың барлық процестерін реттейтін негізгі заннамалық акті қалай аталады

  7. Бюджеттік несиелерді беру барысында қандайі принциптердің талаптарын сақтау қажет

Әдебиеттер тізімі:

  1. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан.: Сб. норм.- правовых актов. –Астана: Фолиант,2014.- 132 с.

  2. Действующие неправительственные и межгосударственные Конвенции и Соглашения об избежании двойного налогообложения: На 1 января 2013 года.- Алматы: Каржы-каражат, 2013.- 96 с.

  3. Дунаев В.М. Налоговый терминологический русско-казахский словарь-справочник.- Алматы: Познание, 2013.- 428 с.

  4. Дуканич Л.В. Налоги и налогообложение: Учебное пособие.- Ростов-на-Дону: Феникс, 2012.- 416 с.

  5. Ержанов С. Налогообложение юридических лиц в Казахстане (примеры, ситуации, бухгалтерские проводки по налоговым платежам): По налоговому законодательству, действующему на 01.07.2014 г.- 163 с.

  6. Законы Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджет от 24.04.2014 г. № 2235 с изм. и доп. от 23.01.01 г. № 147-II; О государственном контроле при применении тансфертных цен от 05.01.01 г. № 136-II; Краткие комментарии к ЗРК.- Алматы: Lem, 2013.- 207 с.

  7. Идрисова Э.К. Налоговое регулиро-вание предпринимательской деятель-ности в сфере малого и среднего биз-неса.- Алматы, 2013.- 136 с.

  8. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

  9. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

Дәріс бойынша әдістемелік нұсқаулар

Дәріс материалдарын ұғыну үшін дәріс тақырыбын қарастырғанда ондағы негізгі түсініктерге көңіл бөліп, олардың мәнін түсінуге тырысу қажет.

14 Тақырып. Бюджеттік несиелеу және бюджеттік инвестициялар

Мақсаты: Бюджеттік несиелеу түсінігі, оның принциптері мен критерийлары, бюджеттік несие берудің процедуралары мен тәртібін ұғыну,

Негізгі түсініктер: Бюджеттік несиелеу, бюджеттік несиелеу принциптері мен критерийлары, бюджеттік инвестициялар.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бюджеттік несиелеу түсінігі, оның принциптері мен критерийлары. Бюджеттік несие берудің процедуралары мен тәртібі.

  2. Бюджеттік инвестициялар

1.Бюджеттік несиелеу түсінігі, оның принциптері мен критерийлары. Бюджеттік несие берудің процедуралары мен тәртібі

Өндірістің дамуын ынталандыру мен халықты еңбекпен қамтамасыз ету және экономика салаларында бәсекелестікті қалыптастыру мен дамытуда бюджеттік несиелеу өте маңызды рөл аткарады. Бюджеттік несиелеу - ол бюджеттік несие беру, пайдалану, қызмет көрсету және өтеу процесі. Бюджеттен ақылы, жедел және қайтарма негізінде бөлінетін ақша құралдары бюджеттік несие болады. Олар бюджеттік несиелеу субъектілерінің несие беру, пайдалану, қызмет көрсету және өтеу жөніндегі құқықгық қатынастарын белгілейтін несиелік келісімшарт арқылы хаттанады.

Бюджеттік несиелер орташа мерзімдік фискалдық саясатқа сәйкес және тиісті қаржы жылға республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалармен қарастырылған сомалар көлемі мен бағыттар бойынша берілуі мүмкін. Оларды беру бағыттары болып әлеуметті-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспарларда белгіленген бюджеттік инвестициялық жобалар, сыртқы экономикалық іс-әрекет, төменгі тұрған бюджеттердің кассалық айырылысын өтеу табылады.

Бюджеттік несиелеу принциптері мен критерийларына сәйкес және белгіленген шарттарды сақтау негізінде іске асырылады. Егерде бюджеттік несие республикалык бюджет құралдары арқылы берілетін болса, онда шарттарды Үкімет белгілейді, ал егерде жергілікті бюджеттер құралдары арқылы болғанда, онда -жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Заңнамалы белгіленген бюджеттік несие беру шарттары бойынша несие алушы бюджетке төлейтін салықтар мен төлемдерінен және бұрын алынған несиелерден берешектері болмауға және алатын несие бойынша барлық міндеттемелерді атқаруын қамтамасыз етуге тиіс.

Бюджеттік несиелерді беру барысында келесі принциптердің талаптарын сақтау қажет:

а) қайтармалық принцип, яғни несиелік келісімшартта белгіленген шарттарға сәйкес бюджеттік несиені өтеу міндеттілігі;

ә) қамсыздандырулық принцип, яғни міндеттемелерді атқаруды қамтамасыз ету көздерінің болуы;

б ақылық принцип, яғни бюджеттік несие беру үшін сыйақы төлеуді қамтамасыз ету;

в) жеделдік принцип, яғни бюджеттік несие берудің мерзімін белгілеу.

Бюджеттік несие арқылы бюджеттік бағдарламаны орындау келесі критерийларды сақтау бойынша іске асырылады:

  • бюджеттік несие арқылы орындалатын бюджеттік бағдарламаның шаралары елдің әлеуметті-экономиклық дамуының орташа мерзімдік жоспарына сәйкес болуы тиіс;

  • бюджеттік несие арқылы орындалатын бюджеттік бағдарламаның шаралары әлеуметті-экономикалық тиімділігі мен өтімділігіне сәйкес болуы тиіс;

  • бюджеітік несие алушының несие қабілеттілігі белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Бюджеттік несиелеуге заңнамалармен қойылатын негізгі шарттар несиелік келісімшартта мазмүндануы тиіс. Несиелік келісімшарт субъектілері келесілер болады:

  • несие беруші - ол бюджеттік несие беру жақ. Егерде несиелеу республикалық бюджеттен болса, онда несие беруші ретінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган болады, ал егерде жергілікті бюджеттен болса, онда - тиісті жергілікті уәкілетті орган болады;

2.Бюджеттік инвестициялар

Бюджеттік ивестиция - бюджетке түсетін түсімнің және бюджеттен жұмсалатын шығынның орталық атқарушы орган бекітетін атқарымдық, идаралық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастырмасы. Бюджеттің кірісі мен шығысы, сондай-ақ оның тапшылығын қаржыландыру көздері заң жүзінде белгіленген бір текті белгілер бойынша топтастырылады.

Бюджеттің кірістері мен шығыстарының егжей - тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңгай бюджеттік сыныптама объектілерге топтамалық кодтар бере отырып, функциялық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысты қамтамасыз етеді; дара сметалар мен қаржы жоспарларын жиынтық сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттік көрсеткіштердің үйлесуі мен салыстырымдылығын қамтамасыз етеді. Бюджеттік үдеріс бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама шоғырландырылған бюджет үшін бірыңғай және міндетті әрі республиканың стратегиялық, бағдарламалар мен даму жоспарларының, республикалық, бюджет пен жергілікті бюджеттің теңдестірілімдігіне қол жеткізу мақсатында олардың көрсеткіштер жүйесін үйлестіру құралдарының бірі болып табылады. Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолданумен басқарудың жоғары оралымдылыққа жету үшін түсімдер мен шығыстарды жан-жақты анық және атаулы жүйелеуге мүмкіндік жасайды. Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бірыңғай бюджеттік сыныптама қолданылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орған әзірлейді және бекітеді. Бірыңғай бюджеттік сыныптама өзіне бюджеттік түсімдердің сыныптамасын, бюджет шығыстарының функциялық және экономикалық сыныптамаларын кіріктіреді. Бюджеттік түсімдерінің сыныптамасы барлық деңгейлердегі бюджеттік түсімдердің белгілі бір сипаттамалар бойынша бюджет заңнамасына негізделген топтамасы болып табылады. Бюджеттік түсімдер сыныптамасыныңтоптамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалықбелгілері бойыншатоптастыруды көрсетеді. Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады. Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды. Сыныптаманың бөлімшелері кірістерді олардың көздерін көптен-көп бөлшрггеу ретінде сипаттайды. Мысалы, салықтық түсімдерде сынып салық тоб&н, кіші сынып салықтың түрін, өзіндік ерекшелік нақты төлеушіні немесе салық объектін білдіреді. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасы функциялық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлер бюджеттері шығыстарының топтамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасына сәйкес шығыстар төрт деңгейге бөлінеді: функциялық топ, функциялық кіші топ, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар). Функциялық сыныптама қызмет, шаралар түрлерінің және бюджеттік қатынастар қатысушыларының жазулы сипаттамасы болып көрінеді. Функциялық топ елдің стратегиялық даму басымдықтарына сай келетін және әрқайсысының айқын мақсатын көрсететін елдің негізгі даму бағыттарын бейнелеп көрсетеді. Негізгі функциялық топтар бойынша шығыстар былай бөлінеді: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот қылмыстық-атқару қызметі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт,туризм және ақпараттық кеңістік, экономика салалары, борышқа қызмет көрсету, төменгі бюджеттерге трансферттер. Аталған деңгейлердің үйлесуі шығыстардың функциялық сыныптамасының кодын құрады. Функциялық кіші топ елді дамытудың әрбір стратегиялық басымдығы жөніндегі міндеттер топтарын функциялық топ ішінде нақтылайды. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін. Ведомстволық сыныптамсі бюджеттік бағдарламалардың, функциялық топтардың және бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) әкімшілері бойыншажасалынды, мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық басқармасы, Премьер-министрдің кеңсесі, облыстардың және Алматы мен Астананың әкімдері, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, Қазақстан Республикасынын басқа ведомстволары мен службалары. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсетілетін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру болып табылады. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санат ағымдағы шығыстарды, күрделі шығыстарды, кредиттер беруді, қаржыландыруды кіріктіреді. Сынып, кіші сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақтылайды, мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар - жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы - жұмысшылар мен қызметшілердің негізгі жалақысы. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орған әзірлейді және бекітеді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауга, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орған. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып бөлінеді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады. Егер бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әрі мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджеттік қаражаттарды дербес пайдаланады. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер орғандарын қоспағанда, мемлекеттік орғандардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды. Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік орғандар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың тұрпаттық құрылымы негізге алына отырып айқындалады. Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік орғанның стартегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.Бюджеттік бағдарламаларды олардың әкімшісі әзірлейді және мемлекеттік орғанның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі. Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттік пен жеткіліктілік қағидаттарына негізделе отырып әзірленеді. Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша мемлекеттік функциялармен, өкілеттіктермен және мемлекеттік қызметтер керсетумен немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттарымен біртекті топталуға тиіс. Бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды бағалау үшін тура және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкін. Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтижелік көрсеткіштерді қолдану шартымен бюджеттік қаражаттарды жұмсаудың бағыттары нақтыланған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін. Мазмұнына қарай бюджеттік бағдарламалар: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға; трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге; бюджеттік кредиттер беруге; бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға; күрделі шығыстарды жүзеге асыруға; мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.Мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджеттің құрамында бектілетін республикалық бағдарламаларға, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала астана бағдарламаларына; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында беібтілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларга; Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланын, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді. Облыстық, республикапық маңызы бар қала, астана, аудандық (қапалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдын (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады. Бюджетгік бағдарламалар іске асыру тәсіліне қарай бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламиларга, белгілі бір және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінін бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларга бөлінеді. Бюджетгік бағдарламалар бір тұтас бюджеттік сынып таманың құрамында тиісті белгі(код) берілс отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді. Дамудың бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған ведомстволық бағыныш тағы ұйымдар мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңи түлгаларга мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген функцияларға, өкілеттіктерге негізделген, бюджеттік қаражаттар есебінен және Ұлттық банк бюджетінен қаржыландырылатын, жеке және заңи тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік қызмет тер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарла маның күнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді. Мемлекеттік қызметтер керсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнын анықтау кезінде мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары пайдаланылады. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңи тұлғаларга мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген мемлекеттік қызметтер керсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және басқа міндеттерді орындауга мемлекет тапсырыс белгілей алады, мүндай тапсырыс мемлекеттік тапсырма деп аталады. Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рэсімдер сақталмай жүзеге асырылады. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау оларды әзірлеу, Республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау, оларды іске' асыру, іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру стадияларында жүзеге асырылады. Орталық мемлекеттік орғандарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штаттық сан лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады. Бюджеттің атқарылуы кезінде функциялық және экономикалық сыныптамалардың негізгі бөлімшелерін кіріктіретін тоғыспалы сыныптама түрінде екі сыныптаманың үйлесуі пайдаланылады. Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолдана отырып, басқарудың жоғарғы оралымдығына жету үшін түсімдер мен шығыстарды жан- жақты айқын және атаулы түрде жүйелеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджеттің (бюджеттік бағдарламалардың) шығыс бөлігінің ағымдағы шығыстар (бағдарламалар) бюджетіне және даму бюджетіне бөлінуінің мынадай әлеуметтік-экономикалық мағынасы бар. Ағымдағы бюджетте әлеуметтік қамсыздандырушылықтың қолданыстағы нормалары мен қалыптасқан деңгейінен туындайтын барлық шығыстар шоғырландырылған. Ол бюджетте шоғырландырылатын ақша қорланымдары мен түсімдерінің өсуі есебінен толық баланстанылған. Даму бюджетіне ұлғаймалы ұдайы өндіріспен байланысты инвестициялық және инновациялық қызметті қаржыландыруга қаржы бөлу және басқа шығындар кіріктіріледі. Даму бюджетінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, жаңа әлеуметтік-экономикалық шараларды орталықтандырылған қаржыландырумен байланысты шығындар кіріктіріледі; даму бюджетінің құрамды бөліктерін талдау мемлекеттің жана қосымша шығыстарына негұрлым сындарлы және аңдап келуге мүмкіндік береді. Бұл жерде мына кағидат дәйекті жүзеге асырылуы тиіс: қажеттіліктерді қатаң нақтылы алынатын, меншікті және қарыздық көздер шегінде қаржыландыру. Даму бюджетінің қарастырылған шығыстарының міндетті сипаты болмауы тиіс және оларды жоғары шек ретінде қарастыру керек, яғни егер бюджеттің атқарылуы барысында табыстар ала алмайтын болса, онда даму бюджетінің шығыстарын қысқартуга тура келеді. Бюджеттік кодексте бюджеттік инвестициялар - бюджеттен ортақ қаржыландыру шарты мен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңи тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлгайту мемлекет активтерін күру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру бөліп қарастырылған. Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, концессиялық жобаларды ортақ қаржыландыру мемлекеттің заңи тұлгалардың жарғылық капитапына қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, концессиялық жобаларды ортақ қаржыландыру, мемлекеттік заңи тұлғапардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге арылады. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикапық және жергілікті болып бөлінеді. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін Қазақстан Республикасы заннамасында көзделген экономикалық және басқа сараптамалар жүргізілуге тиіс, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді. Үкімет және жергілікті атқарушы орғандар Қазақстан Республикасынын концессиялар туралы заннамасына сәйкес концессиялық міндеттемелер қабылдауы мүмкін. Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды орталық мемлекеттік орғандар республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды жергілікті атқарушы орғандар іске асырады. Бюджеттік кодексте сонымен бірге гранттарды - донорлардың (шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясынакайшы келмейтін шет елдерің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникапық көмегін қолдану қарастырылған. Гранттар берілу шарттары бойынша былай бөлінеді:

  1. байланыстырылған гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донардан одан ары қарыз алуын немесе байланыстырылған грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден ортақ қаржыландыруды көздейтін грангтар;

  2. байланыстырылмаған гранттар қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донардан одан ары қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден ортақ қаржыландыру көзделмейтін гранттар.

Байланыстырылған гранттарды пайдалану жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді және оны байланыстырылған грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады.

Тұжырымдама

Бюджеттік несиелер орташа мерзімдік фискалдық саясатқа сәйкес және тиісті қаржы жылға республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалармен қарастырылған сомалар көлемі мен бағыттар бойынша берілуі мүмкін. Оларды беру бағыттары болып әлеуметті-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспарларда белгіленген бюджеттік инвестициялық жобалар, сыртқы экономикалық іс-әрекет, төменгі тұрған бюджеттердің кассалық айырылысын өтеу табылады.

Бюджеттік несиелеу принциптері мен критерийларына сәйкес және белгіленген шарттарды сақтау негізінде іске асырылады. Егерде бюджеттік несие республикалык бюджет құралдары арқылы берілетін болса, онда шарттарды Үкімет белгілейді, ал егерде жергілікті бюджеттер құралдары арқылы болғанда, онда -жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Заңнамалы белгіленген бюджеттік несие беру шарттары бойынша несие алушы бюджетке төлейтін салықтар мен төлемдерінен және бұрын алынған несиелерден берешектері болмауға және алатын несие бойынша барлық міндеттемелерді атқаруын қамтамасыз етуге тиіс.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Бюджеттік несиелеу дегеніміз не?

  2. Бюджеттік несиелеудің қандай принциптері мен критерийлары бар?

  3. Бюджеттік несиелерді беру барысында қандай принциптерді сақтау қажет?

  4. Бюджеттік ивестиция  дегеніміз не?

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2014

  2. Салық кодексі – «Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Заңы. – Алматы:Юрист, 2014

  3. Қазақстан Республикасының заңдары.

  4. Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаулылары.

  5. Указ Президента Республики Казахстан «Об утверждении Положения о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета» от 05.08.2014г. №917.

  6. Министрліктер мен ведомстволардың нұсқаулық материалдары.

  7. Бюджетная система Российской Федерации: Учебник/ М.В.Романовский и др.; Под ред. М.В.Романовского, О.В. Рублевской - 2-ое изд., исп. и перераб. – М.: Юрайт, 2012. -615с.

Дәріс бойынша әдістемелік нұсқаулар

Дәріс материалдарын ұғыну үшін ондағы негізгі түсініктерге көңіл бөліп, олардың мәнін түсінуге тырысу қажет.

15-тақырып: Бюджеттік процесс пен қазынашылықты жүргізудің шетелдік тәжірибесі

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының құрылу көздері мен қор құралдарының орындалу механизмін талдау.

Негізгі түсініктер:

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ролі мен мәні

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының құрылу көздері

1. АҚШ-ң қаржы министрлігінің қазына департаменті

2. Франция қаржы министрлігінің қазынашылық басқару бөлімі

3. Англия, Австралия министрлігінің деңгейіндегі департаменттері

  Ақтау қаласында «Мемлекеттік-жеке меншік әріптетік: жергілікті инфрақұрылымды дамыту» атты Халықаралық Форум аяқталды. Форум жұмысына ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов, Мәскеу қаласының мэрі, Астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының Президенті Юрий Лужков қатысты. Форум қатысушыларының қатарында сонымен бірге әлемнің 20 елінен: Казақстан, Ресей, Швейцария, Украина, Қырғызстан, Молдова, Корея, АҚШ, Германия, Голландия, Ұлыбритания, Франция, Венгрия, Бельгия, Қытай, Индия, Пәкістан, Индонезия, Түркия, Финляндия мэрлері мен муниципалитеттер өкілдері (300 адамнан астам) болды.     МЖӘ тетіктерін жергілікті деңгейде пайдалану келешегін талқылауға әлеуетті инвесторлар – әлемнің оннан астам компаниясы белсенді қатысты: «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ (Қазақстан), Bombardier Transportation GMBH (Германия), Fulbright&Yaworski (Ұлыбритания), Aquafin (Бельгия), Hyway (Қытай), Boyugues (Франция), Alarko (Түркия), Magisters (Ресей), Salans (халықаралық компания), Vegaslex (Ресей), Olimpex Advisers (Қазақстан), Legal Expert (Қазақстан).     Сонымен бірге халықаралық қаржылық институттарының өкілдері, олардың ішінде Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және дамыту банкі, Ислам даму банкі, бірқатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, зейнетақылық қорлар өкілдері, МЖӘ және муниципалды инфрақұрылым саласындағы сарапшылар, Қазақстан Республикасында және басқа елдердегі жергілікті деңгейде жобаларды іске асыратын консалтингтік компаниялар мен концессионер-компаниялар, БАҚ өкілдері қатысады.  Форум бағдарламасында МЖӘ тетіктерін қолдана отырып муниципады инфрақұрылымға инвестицияларды тарту мәселелерін, бұл саладағы заңнамалық және институционалдық жүйені жетілдіруді, ТМД кеңістігінде, сондай-ақ әлемнің әртүрлі елдеріндегі тәжірибені талқылау сияқты тақырыптар болды. Форум барысында бірқатар Меморандумдарға қол қойылды:  1. «Алматы қаласының өңірлік қаржылық орталығы» АҚ мен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі меморандум.   2. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ және Санкт-Петербург Үкіметінің Инвестициялар және стратегиялық жобалар бойынша комитеті (Ресей Федерациясы) арасындағы Өзара түсінушілік және ынтымақтастық жөніндегі меморандум.     3. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ мен Халықаралық қаржылық корпорация арасындағы Өзара түсінушілік жөніндегі меморандум.   4. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ (Қазақстан Республикасы) және Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктер мәселелері бойынша Ұлттық кеңес (АҚШ) арасындағы Өзара түсінушілік және ынтымақтастық жөніндегі меморандум.   5. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ (Қазақстан Республикасы) және Қалалық дамытудың мемлекеттік-жеке меншік жобаларының агенттігі (Ресей Федерациясы) арасындағы Өзара түсінушілік және ынтымақтастық жөніндегі меморандум.  Басқа елдерде ұқсас жобаларды іске асырудың тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасында жергілікті инфрақұрылымды: ТКШ, энергетиканы, көлік инфрақұрылымын және әлеуметтік саланы дамытуда МЖӘ тетіктерін қолдану талқыланды.  Форум жұмысы қорытындылары бойынша «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік: жергілікті инфрақұрылымды дамыту» атты Халықаралық Форумының қарарына қол қойылды.

 АҚШ

     Тәжірибелік қолдану жағынан АҚШ тәжірибесі қызығырақ болып табылады, мұнда соңғы елу жыл ағымында НББ тұжырымдамасының әртүрлі модификациялары қолданылды және олар бұл саланың айтарлықтай басшылары болып есептеледі. НББ-ді енгізу реформасының әр кезеңінде, Гувер комиссиясының өткен жүзжылдықтың 40-шы жылдар соңындағы АҚШ үкіметінің жұмысын қайта ұйымдастыру аумағындағы жаңалықтарынан бастап, АҚШ-тың «Мемлекеттік мекемелер қызметтерінің нәтижелерін бағалау туралы» (1993 ж.) және «Теңестірілген бюджет туралы» (1997 ж.) заңдары сияқты кейінгі ұсынымдарына дейін, мемлекеттік қаржыларды шығындауды нәтижелермен байланыстыратын ерекше тәртіптер бекітілген.

     АҚШ-тағы бағдарламалық-мақсатты бюджеттеуді қолданудың тәжірибесі мен тұжырымдамасы дамуының келесідей кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

     1) Бағдарламалық-мақсаттық бюджет (Performance Budget – PB, 1949-1962

     Бұл жүйе негізгі акцентті мемлекеттік ресурстарды шығындаудан нәтижеге жетуге бағытталған мемлекеттік функциялардың орындалуына, қызметтердің іске асырылуына ауыстыруды көздеген. Федералдық бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттарын шығындармен байланыстыратын саяси құжат ретінде болған. Ол сонымен қатар тек шығындар бөлігіндегі шығыстар құрылымын (еңбек ақы, тауарлар сатып алу, үй-ғимараттарын жалға алу және т.б.) ғана емес бағдарламаны жүзеге асырудан немесе нақтылы мемлекеттік функцияны атқарудан күтілетін нәтижені сипаттады. Бірақ «Performance Budget»-тің күмәнсіз табысына қарамастан бюджеттік бағдарламаларды шығыстармен баламалы түрде байланыстыру мүмкіндігі болмады. Бұған себеп болғанның бірі басқару және басқа да жанама шығыстардың бюджеттік сыныптамада бейнеленуі мен бағдарламаларды басқаруды ұйымдастырудың бірыңғай принциптерінің жасалмауы болды.

     2) «жоспарлау – бағдарламалау – бюджеттеу» жүйесі (Planning – Programming – Budgeting System - PPBS, 1962-1971)

     PPBS-ке өтудің негізгі себептерінің бірі бәсекелес бағдарламалар арасында бюджеттік ақша бөлу мен шығыс қажеттіліктерін анықтаудағы қателіктерге алып келген бюджеттік жоспарлау процесінің шамадан тыс орталықсыздандыруы болып табылады. PPBS қойылған міндеттемелерді орындаудың ұқсас амалдарын салыстыруға және ең жақсысын таңдауға мүмкіндік берді.  Бұл үшін әрбір федералдық министрлік (ведомство) өздері орындайтын қызметтердің  барлық түрлерін талдау, бұл қызмет түрлерін белгілі бір әлеуметтік мәні бар мақсаттарға жетуге бағдарланған бағдарламаларға топтастыру, мақсатқа жетуге апаратын міндеттердің немесе іс-шаралардың иерархиясын тұрғызу, бұл иерархияны базалық элементтерге дейін жеткізуге тиіс. Сонымен қатар болашақта бағдарламаларды іске асырудың толық құнын бағалау үшін бағдарламаның әрбір элементтерін орындау шығындарын бағалау қажет болды.

     3) Мақсаттар бойынша басқару (Management by Objectives - MBO, 1972- 1975)

     Бизнес саласынан алынған бұл әдіс мақсаттарды таңдау кезінде оларға жету құралын таңдау мәселесінде орталықсыздандырудан орталықтандыруды қарастырды. Негізгі белгісі ұйым алдына қойылған мақсаттарға жетуде министрліктің барлық қызметкерлерінің жауапкершіліктері деңгейінің күшейтілгендігі болып табылады. Ең бірінші рет MBO шеңберінде қол жеткен нәтижелердің әлеуметтік маңыздылығын бағалауға талпыныс жасалды. Осыған байланысты айта кететін жағдай НББ-ді енгізудегі басты қиыншылықтардың бірі мемлекеттік шығындар тиімділігінің әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер жүйесін құру болып табылды.

     4) Бюджетті нөлден бастап жоспарлау (Zero-Based Budgeting - ZBB, 1977-198)  

     Федералды бюджеттің айтарлықтай тапшылығы мен ұзақ мерзімді міндеттемелер жағдайында АҚШ Президенті Картер министрліктер басшыларын 1979 жылы бюджеттік өтініштерді даярлау үшін ZBB пайдалануды міндеттеді. Бюджетті нөлдік негізде жасау кезеңнен кезеңге өтетін артық шығындарды айқындауға және жоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін министрліктер мен ведомствалар әрбір бекітілген мақсаттарға жету үшін деңгейлері әртүрлі шығыстар көрсетілген бірнеше бағдарлама ұсынулары керек болды. Сондай-ақ олардың кем дегенде біреуінде шығындар ағымдағы деңгейден төмен болуы керек, яғни мақсатқа қол жеткізудің неғұрлым арзан әдісін табу керек.

     5) Нәтижелерге негізделген бюджеттеу (Performance-Base Budgeting – PBB, 1993-1999

     АҚШ-тың 1993 жылы қабылданған Government Performance Results Act» (GPRA) - «Мемлекеттік мекемелер қызметтерінің нәтижелерін бағалау туралы» заңы бюджеттік шығыстардың мемлекеттік саясатының негізгі мақсаттары мен осы мақсаттарға жету жолдарын анықтады. Осы арқылы бұл құжатта бағдарламалық-мақсаттық жүйе, НББ жүйесі заңды түрде бекітілген деп көрсетуге болады. GPRA мақсаты – шешім қабылдағанда және есептерді құрағанда басты назарды бөлінген субсидиялар немесе жүргізілген тексерулер саны сияқты министрліктер мен ведомствалардың көлемді көрсеткіштерін өсіруге емес, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін жоғарылату, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру сияқты қызметтерінің нәтижелеріне аудару керек.

     Ресурстар мен қорытындылардың өзара байланысы үшін қызмет ететін жоспарлар мен есептер жүйесі мынадай құжаттарды қамтиды:

     - Стратегиялық жоспар (5 жылға).

     - Бір жылға Жұмыс жоспары (Annual Performance Plan).

     - Бір жылға жұмыс жоспарын орындау туралы есеп (Annual Performance Report).

     Әрбір министрлік бес жылдық мерзімге жасайтын стратегиялық жоспар құрамына: министрлік қызмет ететін және жұмыс істейтін басты мақсаттарды (mission) қалыптастыру; ұзақ мерзімді әлеуметтік мәні бар мақсаттар (оutcome-related goals); министрлік көрсетілген әлеуметтік мәні бар мақсаттарға қалай және қандай ресурстардың көмегімен қол жеткізу ниетінің сипаттамасы. Жоспардың тағайындалуы министрліктің стратегиялық мақсаттарын оның қызметкерлерінің күнделікті қызметтерімен байланыстырудан тұрады. Жұмыстың бір жылға арналған мақсаттары тікелей және соңғы нәтижелер жүйесі түрінде құрылады. GPRA талаптарына сәйкес қызмет нәтижесі туралы жыл сайынғы есеп құрамына: қол жеткізілген көрсеткіштер мен жоспарланғандарды салыстыру негізінде  бағдарламалардың орындалуы немесе орындалмауы нәтижесін бағалау бойынша негізгі қорытынды, сонымен қоса берілген смета шеңберінде ресурстарды әртүрлі шығындар статьялары арасында қайта бөлу есебі кіреді.

     Қазақстанда 2008 жылы үш пилотты министрліктерде экономика және бюджеттік жоспарлау, әділет министрлігі және қаржы министрлігінде, сонымен қатар өңірлік деңгейде – Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімдігінде жаңа мемлекеттік жоспарлау мен нәтижелерге бағытталған бюджеттендіру жүйесіне өту шеңберінде стратегиялық жоспарлар жасалып, бекітілді. Сонымен қатар ағымдағы жылда Қазақстан Республикасының барлық орталық мемлекеттік органдары алғаш рет өздерінің үш жылға арналған стратегиялық жоспарларын әзірледі. 2009 жылдан бастап барлық орталық мемлекеттік органдар толығымен бағдарламалық жоспарлаудың осы жүйесіне көшеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ стратегиялық жоспардың құрылымы америкалық модель тәрізді министрліктің стратегиялық миссиясын (mission statement) қалыптастырудан және қойылған стратегиялық бағыттар мен мақсаттарға жету үшін міндеттер кешенінен тұрады. 

Ұлыбритания

     Ұлыбританиядағы бюджеттік реформа эволюциялық сипатқа ие және соңғы он жылдықта жалғасып келеді. Келешекке арналған бюджеттеу ресми түрде 1998 жылдан бері қолданылып келеді. Бұған нарықтық бәсекені бюджеттік қызмет көрсету саласына енгізуді жүргізген мемлекеттік мекемелердің түбегейлі қайта құрылымдануына әкелеген «Келесі қадам» (Next Steps Initiative) бастамасы себеп болды.

     1998 жылы Ұлыбританияда мемлекеттік шығыстардың кешенді талдауы жүргізілді, нәтижесінде бюджеттік ресурстарды бөлуді министрліктердің өзіне алатын міндеттермен байланыстыруға шешім шығарылды. Талдау қорытындысы бойынша бюджеттік қызмет сапасын жоғарылату мен сәйкес реформалар жүргізу қажеттілігі туралы тапсырма қойылды. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет сапасы мен көлемінің стандарттары, нәтиже индикаторлары жасалып, Азаматтық Хартияда көрсетілді.

     Жаңа көзқарас өз құрамына үш негізгі элементті біріктірді: бюджеттік қызметтер туралы келісім (Public Service Agreements — PSA) және қызметтер сапасы туралы келісім (Service Delivery Agreements — SDA). Екі құжат та үш жылдық мерзімге әзірленеді. Онда әрбір министрліктің мақсаты мен міндеттері, бюджеттік қызмет сапасы, көлемі мен оларды көрсетуден алынатын нәтиже көрсеткіштерінің мақсатты мәндері, сонымен қатар министрліктер мен ведомствалардың қызметтерінің басқа да мақсатты көрсеткіштерін бекітеді.

     Ұлыбританияның Үкіметі сәйкесінше әдістемелік база жасады, соның ішінде көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру, орталық үкіметтің, және де жекелеген министрліктердің жоспарлары мен қызмет нәтижелерін бағалау, бағдарламалардың тиімділігі бойынша әзірленді.

     Қазір бюджетті талқылау ең бастысы соңғы нәтижелер негізінде жүргізіледі. Министрлер кабинеті PSA-ны бюджеттік қаржыландырулармен бірге қарастырады. PSA жарияланады және үкіметтік деңгейде келісілген министрліктер мен ведомствалардың бюджеттік өтінімдерімен бірге Парламентке ұсынылатын бюджет жобасына қосылады.

     Бюджеттік қаражатты шығындаудың ішкі бақылауды министрліктің ішкі аудит қызметі, ал сыртқы бақылауды Парламентке есеп беретін және үкіметке тәуелсіз Ұлттық аудит қызметі жүзеге асырады. Тиімділікті бағалау бойынша аудиторлардың жұмысы тек проблемаларды анықтауға ғана емес, осы саладағы неғұрлым табысты тәжірибені қорытындылауға және мемлекеттік органдардың жұмысын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды жасауға бағытталған.