Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Бюджет процесс пен казынашылык 2017-2018 Усипбеков АА.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7. Пәнді оқыту бойыншаәдістемелік нұсқаулар

Оқу-әдістемелік кешенде студенттің курс бойынша материалдарды игеруі үшін қажетті материалдар толық қамтылған. Өзіндік жұмыс тапсырмалары үшін әдебиеттер тізімі де ұсынылған. Курс бойынша жақсы балл алу күнделікті сабаққа қатысымынсыз мүмкін емес. Сондықтан студенттер сабақ кезінде сабаққа белсенді қатысуға қызығушылық білдіруі керек. Себебі, қорытынды бағаны көтеру үшін белгілі бір пайыз көлемін иеленеді. Барлық тапсырмалар берілген уақытында орындалуы керек және материалдарды талқылау үшіндайындықпен келуі керек. Сонымен бірге студент сабақ барысында қажетті ақпараттарды ала алады. Аралық бақылауды және қорытындыемтиханды кешігіп тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Студенттың білімі практикалық және СОӨЖ, СӨЖ сабақтарында бағаланады.

Практикалық сабақта студенттер дәріс сабақғында алған білімдерін қаншалықты терең түсінгендігін дәлелдейді және қосымша материалдар бойынша сабақ айтады. Уақыт шектеулігіне, студенттер санының көптігіне байланысты сабақта тақырып бойынша тест тапсырмаларына жауап беруге болады.

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтарда келесідей нысанда өткізіледі: тақырып бойынша талқылауға арналған сұрақтар, мәнжазба және баяндамаларды талқылау, студенттың тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап беру.

Талқылауға арналған сұрақтар – студенттың дәріс сабағында алған теориялық білімін бекітуге мүмкіндік беретін СОӨЖ-да орындалатын тапсырмалардың бірі. Оған студенттер алдын-ала берілген сұрақтарға үйден дайындалып, сабақ барысында оны ортаға талқылауға салады. Сұраққа қатысты әрбір студент өз ойын білдіруге мүмкіндік алады және олардың талқылау нәтижесінде мол ақпарат алуына жол ашылады.

Мәнжазба – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі.

Мәнжазба жазу төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады:

  1. Мәнжазба тақырыбы оқу жылының басында студенттерға таратылады;

  2. Мәнжазба тақырыбын таңдау «таңдау еркіндігі» принципіне негізделе отырып жүргізіледі;

  3. Мәнжазба жазуға студенттың қабілетіне және тақырыптың күрделілігіне байланысты 1 ай, 1 семестр уақыт беріледі;

  4. Мәнжазба жазбаша формада аттестация уақытына дейін қорғалады.

Мәнжазба төмендегідей бөлімдерден құрылуы керек:

  • кіріспеден;

  • негізгі мәтіннен;

  • қорытындыдан;

  • пайдаланылған әдебиеттен.

Мәнжазбаны орындауды 6 кезеңге бөлуге болады:

  • тақырып таңдау;

  • әдебиет таңдау және оқу;

  • мәнжазба жоспарын құру;

  • нақты және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу;

  • мәнжазба жазу;

  • мәнжазбаны қорғау.

Мәнжазба тақырыбы ұсынылатын тақырыптардың ішінен өз бетінше таңдалады. Кей жағдайда тізімде болмаған тақырыпты студент өзі ұсына алады. Тақырыбы таңдалғаннан кейін каталог бойынша қажет әдебиет тізімі қаралып, таңдап оқылады. Студенттың басты міндеті – қазақстандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттің ішінен тек мәнжазбаның таңдалған тақырыбына қатысты сұрақтарды мазмұндайтын оқулықтар, журналдар мен мақалаларды ғана таңдау. Әдебиетті таңдап оқығаннан кейін студент мәнжазбаның мұқият ойластырылған жоспарын құруы керек, ол оның негізгі сұрақтарын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Жоспар – бұл мәнжазбаның негізі, оның қалай құрылғанынан барлық жазбаша жұмыстың деңгейі тәуелді болады.

Әдебиет таңдалып, жоспар құрылып, нақты материалдар алынып және сәйкесінше өңделгеннен кейін мәнжазба жазуға көшуге болады. Бұл кезеңде жұмыс жоспарын нақтылауға, маңызды сұрақтарды пункттер мен подпункттерге бөлуге болады.

Мәнжазба сәйкесінше безендірілуі керек. Безендіруге қойылатын талаптар төмендегідей:

  1. титулдық бет;

  2. жұмыс жоспары мен атауы;

  3. кіріспе;

  4. негізгі мәтін;

  5. қорытынды;

  6. әдебиет, мұнда нормативтік – құқықтық актілер, сонымен қатар авторлар аты-жөні алфавиттік тәртіпте құрылады.