Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143 Кб
Скачать
☆

2.Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы.

Биологияны оқытуға қатысы тұрғысынан оқыту, дамыту, тәрбиелеу принципі білім мазмұнын кешенді түрде ашу үшін және оқушылардың білімділігі, тәрбиелілігі және дамуының жоғары деңгейдегі үйлесімділікте болуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді қолдану сияқты жағдайларды береді. Оқытудың тәрбиелілігінің пәрменділігі, оқушының өз көзқарасын дәлелдей алуы, табиғаттың көптүрлілігі, күрделеніп дамуы мен шығу сияқты ұғымдары ғылымға қарсы көзқарастарға төзбейтіндігі деңгейінен көрінеді. Бұл принцип жан-жақты дамыған оқушының жеке тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру мақсаттарына сәйкес келетін міндеттерді шешуге биология мұғалімін үнемі бағыттап, жұмылдырып отырады.

3.Жекелеген оқыту әдістері: түсіндірмелі-көрнекілік әдіс.

Әдіс (грек тілінен-бағыт, таным тәсілі, зерттеу) ретінде оқыту әдістері көптеген белгілермен анықталатын күрделі құбылыс. Оқыту әдістері-биологияны оқыту әдістемесінде маңызды да күрделі проблемалардың бірі. Оқыту әдісі-бұл оқыту тәрбие үрдісінің мақсаттарына жетуге бастайтын ұстаз бен оқушының ретпен ұйымдастырылған әрекеттестігі. Жаңа ақпаратты алудың ең алғашқы тәсілі-қабылдау және қабылдағанды түйсіну, есте сақтау.

Жекелеген оқыту әдістері

Түсіндірмелі көрнекілік әдіс, бұл-дайын ақпаратты хабарлау, яғни плакаттар көрсету, сызбанұсқалар, слайдтар, тәжірибелер көрсету, жазылған құстар дауыстарын тыңдату. Мұғалім дайын ақпаратты әртүрлі формада, әр түрлі жолмен береді. Осы кездерде оқушылар дайынды қабылдайды, оны бұрынғы белгілермен қатынастырады, ұғынады, есте сақтайды да сұраған кезде естігендерін қайталайды, танысты еске түсіреді.

Билет №12

1.А.Я.Гердтің әдістемесінің негізгі қағидалары.

А.Я. Герд (184Ы888) XIX ғасыр соңындағы жаратылыстанудың ірі әдістемешісі болып есептеледі, еңбектері жаратылыстанудың ғылыми әдістемесіне бастама салды. Гердтің еңбектері әдістеменің ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я.Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын, тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығын дамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді. Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. Герд оқушылардың байқаған фактілер негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды. Герд сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын  “ мазмұндау” әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады. А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің “ Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан өсіру” атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті:

1.Бейорганикалық әлем ( өлі табиғат); 2.Өсімдіктер дүниесі; 3.Жануарлар әлемі; 4.Адам; 5.Жер тарихы.

Осы құрылған жүйе әдістемелік тұрғыдан дұрыс деп қабылданып, совет мектептерінде оқу процесінде қолдана бастады.

А.Я.Герд  бастауыш мектеп үшін жаратылыстанудың жаңа курсы “Өлі табиғат” және оған “Мир божий” атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу -әдістемелік құрал “Пән сабақтары ”-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабақтар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістемелері берілді. Минералогия сабақтары” ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптық-жоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді. Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жартылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер әскери гимназиялардың оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді. Сонда А.Я.Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтың есімі сияқты ұмытылды.