Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143 Кб
Скачать
☆

1.Биология оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері

Әдістеменің ғылым ретінде қалыптасу мен дамуы, мұғалімнің қортындысымен, пікірлеріне, педагогикалық өнердің ғылыммен ұштасуына, шығармашылық зерттеулерге тікелей байланысты.  Әдістеменің өзекті мәселерінің шешілуі бастапқы кезеңде  сараптау жолымен жүзеге асты. Біртіндеп жаратылыстанудың жалпы методикасынан жекеленген пәндер матодикасы бөлініп шықты. Қазіргі кезеңде әдістеменің ғылым ретінде дамуындағы өзекті мәселелердің бірі осы кезге дейін жинақталған тәжірбиелердің қортындысын, материалдардың мазмұнын сараптап, биология пәнін оқутудың әдістемелік жағын түбегейлі жетілдіру болып табылған. Әдістемелік мәселерді шешу, ғылыми зерттеулердің бірнеше сатылары мен әртүрлі зерттеу элементтерінің үйлесімділігінің кезектігінен құралады.Биологияны оқыту әдісінің абъектілері және ғылыми зерттеу әдістері төмендегідей.

1. Озат алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірбиелеріне, құнды бастамаларды анықтау мақсатында бақылаулар жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету.

2.Әдістеменың шешілмеген, өзекті мәселелерін анықтап жұмыс болжамдарын алға қою.

3.Болжамдарды шешу мақсатында мектептерде эксперименттер ұйымдастыру.

4.Эксперимент жұмыстары мен бақылаулардың нәтижесін жинақтап-қорытып, сараптап болжамды растау, оның теориясын жасау.

5.Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жарияланған әдістемелық жұмысты тексеруден өткізіп, әдістемелық теорияны бекітіп, дәлелдеу.

 Осылай зерттеулердің нәтижесінде әдістеме ғылым ретінде қалыптасады.

Мұғалім жас өспірімдер мен оқушыларға тиянақтыбілім,тәрбие қалыптастыруы үшін,оқу процесіне жетекші болатын әдістеменың ғылыми негіздерін білуі керек.

2.Биологияны оқытудың материалдық базасы

Биологияны окытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу керек, ол дегеніміз оқытудың материалдық базасын ұйымдастыру; биология кабинеті, оқу-тәжірибе алады және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өзара байланысты және оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірі өзара толықтырып отырады. Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан ол, негізінен сыныпта өтеді. Биология сабақтары өтетін сынып бөлмесі - биология кабинеті болуы тиіс, осында биологиялық білімді игеру жүреді. Биология кабинеті – бұл биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшелігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс. Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру. Кабинет жасауды оның сатылап даму жоспарын құрудан бастаған орынды. 1.Жоспардағы алғашқы кезең зертханалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізу үшін материалдар жинау.2. Келесі кезеңде жинаған материалды жіктеп осы материалдарды сабақтарда пайдалану үшін қажетті әдістемелік аппарат (карточкалар, тапсырмалар, сұрақтар) жасау. 3. Биология кабинетінің эстетикалық және гигиеналық талапқа жауап беруі.

Кабинет ұйымдастырғанда басты назарда болатын мәселе мектеп биологиясының барлық бөлімі арқылы өтетін үш негізгі идея: эволюция, экология және табиғатты қорғау, систематика. Сондықтан кабинет жабдықтағанда басты стендтар осы бағытты қамтыса орынды болады.

Биология кабинетінің атқаратын қызметі аса ауқымды: оқу - тәрбие жұмысы, ғылыми әдістемелік, оқу құралдарын орналастыру. Мектеп жанындағы оку-тәжірибе алаңы да биологияны сапалы оқытуда «маңызды материалдық базаның бір кұрам бөлігі. Биологияны оқыту - практикасында мектептің оқу – тәжірибе алаңының рөлі аса зор. Тәжірибе алаңында оқушылар биология сабақтарында игерген теориялық білімдерін тереңдетіп өз қолдарымен практикалық жұмыстар жасайды. Сол себепті өсімдіктерді өсіру мен баптаудың практикалық біліктілігін игереді. Жануарларды күту, бақылау дағдылары қалыптасады. Көктемде және күзде тәжірибелер қойып осімдіктердің өсуінің биологиялық зандылықтарын анықтайды. Нақты осы табиғи жағдайда өсуі мен даму, оның қажетті шарттарын оқып үйренеді. Тәжірибелер мен бақылаулар кезінде шаруашылық дакылдарының түсімін молайту мүмкіндіктерін анықтайды. Табиғат мүйісін жасауда бірінші мәселе - оқу үрдісінде пайдаланылатын тірі нысандар орналастыру. Оқушылар бұл жерде бағдарламаға сәйкес бақылаулар жүргізіп, тірі нысандармен тәжірибелер жасайды. Оқу-тәжірибе алаңы сияқты бұл жерде де жануарлар мен өсімдіктерді ұзақ бақылау зерттеушілік біліктіліктің дамуына ықпал етіп, сарамандық жұмыстың ыңғай дағдысын игеріп, тірі табиғаттың көптүрлілігінің куәсі болады.