- •1.Биологияны оқыту әдістемесі пәні , оның ғылыми негізі
- •2. Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері
- •3.Мектептегі биология курсы және тәрбие
- •4.Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие.
- •2. Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру.
- •3.Биология пәнін оқытудағы тәрбие
- •1.Биология оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
- •2.Биологияны оқытудың материалдық базасы
- •1.Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы
- •2.Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие
- •3.Биология сабақтарының құрылымымен типтері
- •3.Биология сабағының құрылымы
- •Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
- •Биология кабинетінің оқу тәрбиелік,ғылыми әдістемелік рөлі.
- •1.Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемелік бастауы.
- •2.Оқу тәжірибе алаңы (н.И.Верзилин нұсқасы).
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие беру.
- •Мектеп жаратылыстануы әдістемесінің XIX ғ. Бергі дамуы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және оны ұйымдастыру
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие беру
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Кеңес үкіметі кезіндегі дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісі
- •3.Биологияны оқыту үрдісіндегі салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісінің оқушылыр үшін маңызы
- •3.Зертханалық және танымжорықтық сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері,оларға сипаттама
- •1.А.Любеннің жаратылыстанудың әдістемесіндегі пікірлері.
- •2.Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері: түсіндірмелі-көрнекілік әдіс.
- •1.А.Я.Гердтің әдістемесінің негізгі қағидалары.
- •2.Дәстүрлі емес сабақтар: саяхат, ертегі сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері:нұсқаушы ойға түсіруші әдіс.
- •1. А.Н Бекетовтың оқыту үрдісі туралы пікірлері.
- •2. Мектеп пәнініде биолгиялық ұғымдарды дамыту.
- •1.В.В Полоцевтің әдістемелік еңбегі.
- •2.Теория мен практиканың бірлігі, принципі.
- •Билет №15
- •1.М.Шаймарданованың авторлық тұжырымдамасы.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: ауызша әдістер.
- •Билет №16
- •2.Биологияны оқытудағы сабақтан тыс жұмыстар.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: көрнекі әдістер.
- •1.Боә даму тарихы
- •2. Дәстүрлі емес сабақтар: прессконференция, дөңгелек үстел, викториналық сабақтар
- •3. Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер
- •1.Хх ғғ алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалым-биологтар мен әдістемешілер
- •2. Биология пәнінен оқыту құралдары.
- •3. Оқытудың жаңа технологиясы.
- •1.Оқытудың Мангейм, Башаев жүйесі
- •Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
- •Сабақты ұйымдастыру:
- •Сабақтың мазмұны:
- •Сабақ өткізу әдістемесі:
- •5. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: үні, қарым-қатынас стилі, жеке оқушылармен және сыныппен қатынас мәнері.
- •6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен тәртібі:
- •7. Сабақ бойынша жалпы қорытындысы.
- •Оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі.
- •Сабаққа қойылатын жалпы дидактикалық және әдістемелік талаптар.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: оқытудың ойын формасы.
- •Үлкен Гай Плини Секунданың жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі туралы пікірлері.
- •Тест және тесттік білім тексеру.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: шығармашылық сайыс сабағы.
- •1. В.Ф.Зуев оқытудың қандай әдістемелік проблемаларын шешті?
- •2.Биологияны оқытудағы білімді бағалаудың маңызы.
- •2.Биология сабақтарында оқушыларға гигиеналық тәрбие беру
- •3.Алғашқы биология сабағы, оны өткізу.
3.Биология сабақтарының құрылымымен типтері
Сабақ – оқу процесінің негізгі құрамдас бөлігі. Оқытушы мен оқушының іс-әрекеті тоғысатын сабақ-сапасы оқушының игерген білім деңгейімен тікелей сабақтас. Өйткені мазмұны мен әдістемелік жағынан толық ойластырылып өткізілген сабақ қана оқушының білім деңгейіне әсер ете алады. Сол деңгей биік болу үшін мұғалім сабақты өзіндік ойы, шиеленісуі мен шешілуі бар өнер шығармасындай етіп дайындауы қажет. Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар. Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі. Сабақтың типтері өте көп. Сабақтың типтері: Аралас сабақ, Жаңа білімдерді меңгерту сабағы, Қайталау сабағы, Бекіту сабағы, Білімді тексеру және бағалау сабағы, Жалпылау және қорытындылау (жүйелеу) сабағы,
Билет №4
1.Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы
Биологиялық білім берудің құрылымы мен мазмұны әдіснамалық мақсат әсерінен, биология ғылымының құрылымынан және оның негізгі мен қолданбалық байланысын түсінуден, оқушылардың қызығушылығы мен элеуметтік тапсырыс әсерінен құралады. Әлеуметтік тапсырыс - ғылым мен мәдениет әлемінде, мемлекеттік және қоғамдык өмірдің әртүрлі салаларында, дене және ой еңбегіне қабілетті, білімді, саналы адамдар тәрбиелеу. Осы уақытқа дейін қалыптасқан биологиялық білім беру негізінен дайын, білім игеру мен қолдануға бағытталған. Осындай тұрғыда болған білім беру тек қарапайым орындаушы, атқарушы ғана дайындап шығаруға бағытталған. Биология білім берудің жаңа әлеуметтік бағыттылығы оқушыларда шығармашылық қабілеттерді дамытуға меңзейді. Шығармашылыққа оқыту үйрету мүмкін болмасада шығармашылыққа жағдай туғызу арқылы шығармашыл тұлға қалыптасуына ықпал етуге болады. Оқу үрдісі «ойлап табу» немесе «жаңалық ашуға» әсер ететіндей жағдай тудыруы тиіс. Жаңалық ашу оймен ақылдың қолмен жүректің біріккен жұмысы. Биологияны оқыту әдістерімен формалары шығармашыл , жетістікке жететініне сенімді, табанды, жекелеген интелектуалдық дене ептілігі жетілген еңбек адамын тәрбиелеп шығаруға себебін тигізу керек.
2.Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие
Тәрбие дегеніміз-жан дүниенің байлығы, рухани байлық, ал тәрбиелеу мақсаты бағытталған жан дүниені байыту үрдісі. Тәрбиенің мақсаты-әрүрлі арнайы тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды , тәрбиеші күткен өзгерістерге жету. Мектептегі білім беру қазіргі қоғамның жағдайына байланысты өмір мен еңбекке дайын, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге бағыталған. Осы мақсатқа сәйкес биологияны оқыту үрдісінде басқа да пәндердегідей дүниетанымдық тәрбие заман талабына сай берілуі керек. Биологияны оқытудағы аса маңызды міндет-ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. Дүниетаным-әлемге және адамға деген жалпы көзқарастардың адам мен әлем қарым –қатынасына деген жалпы көзқарастардың жүйесі. Дүниетаным жеке тұлғаның өмірлік бағдарламасын, арман-мұратары мен сенімдерін мүдделері мен құндылықтарын анықтайды.
Дүниетанымдық тәрбиені калыптастыруда Жас мөлшерін есепке алу, Болмыс ерекшелігін ескеру, Бала тәрбиесінің ортаға және отбасына байланыстылығы, Баланың жеке басын қадірлеу, Жасына сай ақыл-ойын дамыту, Тәрбие мазмұнының бір тұтастылығы, Тәрбиенің үзіліссіздігі, Ұжымдық тәләм-тәрбие негізі болып табылады.
